Глубокое аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 2026 жылғы 26 ақпандағы № 33/6-VIII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 3 наурызда № 38085 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешімнің қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т қараңыз.

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Глубокое аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Глубокое аудандық мәслихатының төрағасы А. Калигожин

  Глубокое аудандық мәслихатының
2026 жылғы 25 ақпандағы
№ 33/6-VIII шешіміне
қосымша

Глубокое аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізімі

      1. Глубокое аудандық мәслихатының "Глубокое ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы" 2018 жылғы 30 қарашадағы № 26/7-VI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-9-188 болып тіркелген).

      2. Глубокое аудандық мәслихатының "Глубокое ауданының аумағында автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге салықтардың базалық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы" 2019 жылғы 24 мамырдағы № 32/8-VI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5985 болып тіркелген).

      3. Глубокое аудандық мәслихатының "Глубокое аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 қарашадағы № 26/7-VІ "Глубокое ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2021 жылғы 29 сәіурдегі № 5/4-VII шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8791 болып тіркелген).

      4. Глубокое аудандық мәслихатының "Глубокое ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салықтар мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" 2024 жылғы 20 наурыздағы № 10/3- VIII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8982-16 болып тіркелген).