Түркістан облысы Сауран аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 140 "Сауран ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Түркістан облысы Сауран аудандық мәслихатының 2026 жылғы 15 сәуірдегі № 328 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 16 сәуірде № 38443 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Сауран аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Сауран ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" Түркістан облысы Сауран аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 140 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6488-13 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Сауран аудандық мәслихатының төрағасы С. Байсбаев