Құрманғазы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 наурыздағы № 110-VІІІ "Құрманғазы ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 2026 жылғы 26 қаңтардағы № 266-VIII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 3 ақпанда № 37935 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Құрманғазы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Құрманғазы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 наурыздағы № 110-VІІІ "Құрманғазы ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіміне № 5149-06 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылдың 1 қаңтарынан туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Мәслихат төрағасы Г. Калиева