"Қызылқоға ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы" Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының 2024 жылғы 18 наурыздағы № 15-2 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының 2026 жылғы 12 тамыздағы № 42-7 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 14 тамыздағы № 39593 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қызылқоға ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы" Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының 2024 жылғы 18 наурыздағы № 15-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 5156-06 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Атырау облысы Қызылқоға
аудандық мәслихатының төрағасы
Т. Бейсқали