Аққулы аудандық мәслихаты шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Павлодар облысы Аққулы аудандық мәслихатының 2026 жылғы 13 сәуірдегі № 187/46 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 17 сәуірде № 38452 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазакстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Аққулы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аққулы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 наурыздағы "Аққулы ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салықтар мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" № 83/18 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7520-14 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аққулы аудандық мәслихатының төрағасы
      А. Касымова