"Ақтау қаласы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы" Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 11/64 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2026 жылғы 5 маусымдағы № 33/207 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 12 маусымда № 38950 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешім 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Ақтау қаласы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы" Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 11/64 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4681-12 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Ақтау қалалық мәслихатының төрағасы С. Закенов