Маңғыстау облыстық маслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2026 жылғы 24 сәуірдегі № 27/322 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2026 жылғы 30 сәуірде № 38593 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Маңғыстау облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші осы шешімнің қосымшасына сәйкес жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облыстық мәслихатының төрағасы Ж. Матаев

  Маңғыстау облыстық
мәслихатының 2026 жылғы
24 сәуірдегі № 27/322 шешіміне
қосымша

Маңғыстау облыстық маслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1) "Маңғыстау облысы бойынша қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелерін арттыру туралы" Маңғыстау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 20 наурыздағы № 17/211 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3570 тіркелген);

      2) "Маңғыстау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 20 наурыздағы № 17/211 "Маңғыстау облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Маңғыстау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 30 мамырдағы № 19/237 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3634 тіркелген);

      3) "Маңғыстау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 20 наурыздағы № 17/211 "Маңғыстау облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Маңғыстау облыстық мәслихатының 2022 жылғы 9 желтоқсандағы № 16/182 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31209 тіркелген).