"Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 3/34 шешімінің күшін жою туралы

Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2026 жылғы 28 сәуірдегі № 31/283 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 30 сәуірде № 38604 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешім 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңның 27-бабына сәйкес, Шет аудаңдық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 маусымдағы №3/34 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6458-09 болып тіркелген) шешімінің күші жойылсын.

      2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады

      Шет аудандық мәслихатының төрағасы С. Социал