"Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы № 269/4 шешімінің күшін жою туралы

Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2026 жылғы 20 шiлдедегi № 515/29 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 20 шiлдеде № 39357 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы № 269/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6450-09 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Шахтинск қалалық мәслихатының төрағасы Ж. Мамерханова