"Көкпекті ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" Абай облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 11-2 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Абай облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 2026 жылғы 27 сәуірдегі № 43-11/1 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 28 сәуірде № 38571 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешімнің қолданысқа енгізілу тәртібін 2- тармақтан караңыз.

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Абай облысы Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Көкпекті ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" Абай облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 11-2 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 240-18 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Аудандық мәслихатының төрағасы
      Т. Сарманов