"Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектор актілерінің нысандарын, оның ішінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама нысанын, оларды жасау және беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қ

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 24 тамыздағы № 312 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 25 тамызда № 39677 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектор актілерінің нысандарын, оның ішінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама нысанын, оларды жасау және беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 27 қазандағы № 453 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14481 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      3-тармақтың 2) және 3) тармақшалары алып тасталсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектордың актілерін жасау және беру қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):

      Қағидаларға 3-қосымшаның 5-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары және олардың орынбасарлары;".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Сапаров

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі