"Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 66 бұйрығына және

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 17 маусымдағы № 570 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 18 маусымда № 38986 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07. 2026 бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 66 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20771 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына:

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарына сәйкес елді мекендер атауының, көше аттарының өзгеру жағдайлары бұған кірмейді.".

      2. "Азаматтардың саяси партия құру жөніндегі бастамашылық тобы, саяси партия мүшелері тізімдерінің дұрыстығын тексеру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 427 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 32916 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтардың саяси партия құру жөніндегі бастамашылық тобы, саяси партия мүшелері тізімдерінің дұрыстығын тексеру қағидаларында:

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Тізімдерде көрсетілген адамдар он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары болуы тиіс.

      Саяси партияға шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың мүше болуына, сондай-ақ ұжымдық мүшелiкке жол берiлмейдi.

      Қазақстан Республикасының азаматы тек бір ғана саяси партияның мүшесі бола алады.

      Саяси партияға мүшелік ерікті, жеке және тіркелетін тәртіпте болады.

      Саяси партияға қабылдау жазбаша өтініш негізінде жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасының Президенті өз өкілеттіктерін жүзеге асырған кезеңде саяси партияда болмауға тиіс.

      Қазақстан Республикасы Вице-Президенті, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және өзге де соттарының төрағалары мен судьялары, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағалары мен мүшелері, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен жұмыскерлері, әскери қызметшілер саяси партияның мүшесі болуға, қандай да бір саяси партияны немесе қоғамдық-саяси қозғалысты қолдап не айыптап сөз сөйлеуге құқылы емес.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдар, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен әскери қызметшілерді қоспағанда, тағайындалған, сайланған, қызметке қабылданған күннен бастап он күн ішінде саяси партиялардан шығуға міндетті.

      5. Саяси партия құруға бастамашылық жасайтын тізімдердегі азаматтардың саны астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың үштен екісінің өкілдері болып табылатын кемінде жеті жүз адамды құрауы тиіс.

      Тiзiмдерде көрсетілген саяси партия құрамының жалпы саны бес мың партия мүшесінен кем болмауға тиіс, олар партияның астанадағы, барлық облыстардағы және республикалық маңызы бар қалалардағы кемінде екі жүз партия мүшесi бар құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкiлдiктерінiң) атынан өкiлдiк етеді.".

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Ұсынылған тiзiмдер осы Ережеге сәйкес келмеген жағдайда тiркеушi орган Қазақстан Республикасы заңдарының кесiмдерiнде көзделген негiздер бойынша саяси партияны мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) бас тартады.".

      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
Е. Сарсембаев