"Мемлекеттік сот орындаушыларын нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 5 ақпандағы № 69 бұйрығының күші жойылды деп тану

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 18 мамырдағы № 466 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 20 мамырда № 38761 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік сот орындаушыларын нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 5 ақпандағы № 69 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10282 болып тіркелген) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
Е. Сарсембаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі