ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау және пайдаланушыларға одан мәліметтер ұсыну тәртібін қоса алғанда, мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 207 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10801 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау және пайдаланушыларға одан мәліметтер ұсыну тәртібін қоса алғанда, мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу қағидаларында:
4-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"9) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).";
6-тармақты мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Тізілімнің есепке алу объектілері (бұдан әрі - есепке алу объектілері) мыналар болып табылады:
1) мемлекеттік заңды тұлғалар мен оларға бекітіліп берілген мүлік;
2) жер пайдаланудағы жер учаскелері;
3) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың акциялары және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестері;
4) мемлекетке тиесілі ұлттық мәдени игілік объектілері;
5) мемлекетке тиесілі зияткерлік меншік объектілері;
6) мемлекеттік заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне тіркелген шағын өлшемді және өзен кемелері;
7) мемлекеттік заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне тіркелген көлік құралдары және ауыл шаруашылығындағы көлік құралдары;
8) мемлекеттік заңды тұлғалар мен ұйымдарға берілген лицензиялар мен рұқсаттар;
9) мемлекеттік заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне тіркелген табиғи ресурстар кадастрларының объектілері;
10) мемлекеттік мүлік бойынша уәкілетті органның заңды тұлғалар тізіміне сәйкес, заңды тұлғалардың банкроттығы туралы іс қозғау жөніндегі шешімдер (шешімдердің көшірмесі) бойынша және заңды күшіне енген, жекелеген негіздер бойынша мүлікті мемлекеттің кірісіне айналдыруды көздейтін соттардың шешімдері (үкімдері, қаулылары) туралы мәліметтер;
11) мемлекетке тиесілі цифрлық объектілер;
12) мемлекетке тиесілі цифрлық активтер.";
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Мемлекеттік органдар тізілімге есепке алу объектілері туралы мәліметтерді ұсынады және (немесе) есепке алу объектілері бойынша тізіліммен интеграциялау үшін ведомстволық цифрлық жүйелерге қолжетімділікті ұйымдастырады, атап айтқанда:";
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"11) байланыс, цифрландыру, "цифрлық үкімет", ақпарат және мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту салаларында басшылық етуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган – мемлекеттік заңды тұлғалар мен ұйымдарға берілген лицензияларға және рұқсаттарға қатысты;";
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"15) мемлекетке тиесілі цифрлық объектілердің және цифрлық активтердің иелері болып табылатын мемлекеттік органдар.";
11- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Тізілім мынадай екі кіші бөлімнен тұрады: негізгі және қосымша.
Тізілімде мемлекетке тиесілі цифрлық объектілерді есепке алу, бағдарламалық қамтамасыз етуге, интернет-ресурстарға және цифрлық ресурстарға қатысты жүзеге асырылады.
Цифрлық объектілердің иелері тізілімге енгізу үшін бірыңғай операторға мыналарды береді:
мемлекеттің мүліктік құқықтарын растайтын құжаттардың сканерленген көшірмелері (оның ішінде интернет-ресурстардың домендік атауына) және бағдарламалық қамтамасыз ету мен интернет-ресурстарға қатысты бухгалтерлік баланс баптарының толық жазылуы;
алынбалы тасығыштағы цифрлық ресурстың резервтік көшірмелері.
Цифрлық ресурстардың резервтік көшірмесін жаңарту мемлекеттік органның цифрлық жүйесінің тізіліммен интеграциялық өзара іс-қимылы арқылы күн сайын жүзеге асырылады.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдар Заңның 200-бабы 3-тармағына сәйкес ведомстволық цифрлық жүйелерден есепке алу объектілері туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етеді және (немесе) ведомстволық цифрлық жүйелерге қолжетімділікті ұйымдастырады.";
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"32. Тізілімді жүргізу тізілімді басқаруды оңтайландыруға және деректердің сенімділігі мен сақталуын қамтамасыз ететін ақпаратқа қолжетімділікті әкімшілендіруге мүмкіндік беретін мамандандырылған бағдарламалық-техникалық кешендер негізінде ақпаратты жинаудың, өңдеудің және сақтаудың цифрлық жүйе құралдарының көмегімен жүзеге асырылады.";
36-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) мемлекеттік меншік объектілерінің сауда-саттыққа қойылу кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпаратты, оның ішінде "Acrobat Reader" цифрлық форматында мүліктің нарықтық құнын бағалау жөніндегі есептерді, сондай-ақ баспа бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын мемлекеттік мүлікті жекешелендіру бойынша алдағы сауда-саттық туралы ақпараттық хабарламаларды қарау;".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму Министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық палатасы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі