"Террористік іс-әрекетті жүзеге асырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды, сондай-ақ cот террористік деп таныған ұйымдарды және ақпараттық материалдарды және экстремизмді жасағаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды, сондай-ақ cот экстремистік деп

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2026 жылғы 16 сәуірдегі № 64 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 21 сәуірде № 38491 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Террористік іс-әрекетті жүзеге асырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды, сондай-ақ cот террористік деп таныған ұйымдарды және ақпараттық материалдарды және экстремизмді жасағаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды, сондай-ақ cот экстремистік деп таныған ұйымдарды және ақпараттық материалдарды арнайы есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 24 наурыздағы № 49 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13613 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 4-тармағын, 3-тармағының 10-1), 11) тармақшаларын іске асыру мақсатында және "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабының, "Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының, "Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының талаптарын орындау үшін, "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 9-бабының 22) тармақшасын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Террористік іс-әрекетті жүзеге асырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды, сондай-ақ cот террористік деп таныған ұйымдарды және ақпараттық материалдарды және экстремизмді жасағаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды, сондай-ақ cот экстремистік деп таныған ұйымдарды және ақпараттық материалдарды арнайы есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Арнайы есепке алуды Комитет және оның аумақтық органдарыны Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша террористік іс-әрекетті жүзеге асырғаны және экстремизм жасағаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдардың электрондық журналы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 30) және 39) тармақтары) Комитеттің цифрлық жүйесінде (бұдан әрі – электрондық журнал) жүргізеді.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Электрондық құжат нысанындағы талаптар (бұдан әрі – электрондық талаптар) Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексіне сәйкес ресімделеді.

      Талапта барлық деректемелер толтырылуға жатады, тексерілетін адамның сауалнамалық деректерінің біреуі болмаған жағдайда тиісті деректеме толтырылмайды. Туған жылы, күні, айы және туылған жері толық көрсетілуге жатады. Егер туған күні, айы белгісіз болса, онда тиісті бағанға "00" жазбасы жазылады.

      Тексерілетін адамның жеке сәйкестендіру нөмірі болған жағдайда мәліметтер "Жеке тұлға" Мемлекеттік деректер банкі арқылы толтырылады.";

      22 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Қағаз тасымалдағыштағы талаптар 5 (бес) жұмыс күні ішінде орындалады. Электрондық талаптар 3 (үш) жұмыс күні ішінде, ал қосымша тексеру жүргізу қажет еткен жағдайда, 5 (бес) жұмыс күні ішінде орындалады.

      Жергілікті әскери басқару органдарының қағаз тасымалдағыштағы талаптар мемлекеттік цифрлық жүйелер арасында өзара іс-қимыл болмаған кезде 3 (үш) жұмыс күні ішінде орындалады.

      Талаптардың Комитетке және оның аумақтық органдарына келіп түскен күні оны орындаудың мерзіміне кірмейді.

      Егер электрондық талаптарды өңдеу барысында тиісті мемлекеттік органдарға немесе мекемелерге қосымша сұрау салулар жібере отырып, қабылданған процестік шешім туралы мәліметтерді нақтылау қажет болған жағдайда, содан кейін сұрау салудың бастамашысына аралық жауап жіберіледі, онда 10 (он) жұмыс күні өткеннен кейін электрондық талапты қайта рәсімдеу қажеттігі туралы хабарланады.

      23. Тексеру нәтижелері № 29 Қағидалардың 17-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мөр қоя отырып талаптарда көрсетіледі. Электрондық цифрлық қолтаңба қойылған, цифрлық жүйелер арқылы жіберілген электрондық талаптар бұларға қосылмайды.";

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мүдделі субъектілеріне, сондай-ақ Комитеттің аумақтық және оларға теңестірілген органдарына орындау үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, он бірінші, он үшінші және он алтыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
Б. Асылов