"Отбасын қолдау орталықтарының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 14 маусымдағы № 256-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 16 сәуірдегі № 187 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 20 сәуірде № 38482 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Отбасын қолдау орталықтарының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 14 маусымдағы № 256-НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуінде 34499 нөмірімен тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Отбасын қолдау орталықтарының қызметін жүзеге асыру қағидаларында:

      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі "111" байланыс орталығы (бұдан әрі – "111" байланыс орталығы) – цифрландыру саласындағы уәкілетті орган айқындаған, отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ақпараттық-анықтамалық, ұйымдастырушылық, психологиялық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;";

      12-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінен алынған мәліметтер негізінде;";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Жеке жұмыс жоспары қажеттіліктерді айқындағаннан кейін бір жылдан аспайтын кезеңге жасалады. Отбасымен бірге жеке жоспар әзірлеуге заңгерлерді, психологтарды, әлеуметтік педагогтарды, медицина қызметкерлерін, әлеуметтік жұмыскерлерді, жергілікті полиция қызметтерінің қызметкерлерін, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін қоса алғанда, тиісті мамандар тартылады.";

      аталған бұйрықпен бекітілген Отбасын қолдау орталықтарының қызметін жүзеге асыру қағидаларының қосымшасында:

      8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8.

әлеуметтік жұмыскер

2

2

3

      ";

      10-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

10.

заңгер

мекемеге 2 бірлік

      ";

      13-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

13.

ақпаратты қорғау/цифрлық технологиялар маманы

-

1

1

      ";

      20-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

20.

әлеуметтік жұмыскер
кейс-менеджері

2

3

4

      ";

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, он төртінші және он бесінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Мәдениет және ақпарат министрі
А. Балаева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Жасанды интеллект және цифрлық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі"КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Оқу-ағарту министрлігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Туризм және спорт министрлігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі