БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10795 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларында:
21-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік қызметтерге ақы төлеу объектіні салу бойынша орындалған жұмыс көлемінің құнына пропорционалды түрде жүргізіледі.
Мемлекеттік инвестициялардың қатысуымен салынып жатқан объектілер үшін инжинирингтік қызметтер тартуға арналған шығыстарды төлеу сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес бекітілген объектілерді салуға арналған жобалау-сметалық құжаттамада көзделген лимиттер шеңберінде жүзеге асырылады.
Жобалау шешімдерін өзгертпестен объектілерді салуға арналған жобалау-сметалық құжаттама түзетілген жағдайда, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсетуге бұрын жасалған шарттың бағасы өсуге жатпайды.".
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы |
Р. Исакулов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі