ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бірлескен бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Комиссияның құны миллион айлық есептік көрсеткіштен асатын жобалары бар арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда, сондай-ақ көрсетілген арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезеңінде қызметтерді орындаушы ретінде және объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар санатының тізбесін және санын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 259 және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 29 маусымдағы № 474 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32958 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Комиссияның құны миллион айлық есептік көрсеткіштен асатын жобалары бар арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда, сондай-ақ көрсетілген арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезеңінде қызметтерді орындаушы ретінде және объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар санатының тізбесін және санын айқындау қағидаларында:
2-тармақтың 8) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"8) "Шетелдік жұмыс күші" автоматтандырылған цифрлық жүйесі (бұдан әрі – "ШЖК" АЦЖ) – жұмыс берушілер мен еңбекші көшіп келушілер үшін мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыруға, сондай-ақ көші-қон саласындағы ақпаратты мониторингтеуге және есепке алуға арналған әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі құрамындағы жүйе;
9) migration.enbek.kz көші-қон процесінің цифрлық жүйесі (бұдан әрі – көші-қон қызметтерінің порталы) – көші-қон заңнамасы, көші-қон құжаттарын ресімдеу рәсімдері, шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасында жұмысқа орналасу және тұру мүмкіндіктері туралы ақпарат беру, сондай-ақ пайдаланушыларға көші-қон саласындағы қызметтерді ұсыну мониторингіне арналған "Электрондық еңбек биржасы" жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасының порталы.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы уәкілетті орган арнайы экономикалық аймаққа қатысушының өтінішін "ШЖК" АЦЖ-ға келіп түскен күні тіркейді және арнайы экономикалық аймақты басқару органы ұсынған материалдар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде келіп түскен материалдарды комиссия мүшелеріне қарау үшін жолдайды.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың санаттарының тізбесін және санын айқындау туралы шешім осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Арнайы экономикалық аймақтарға қатысушылар болып табылатын заңды тұлғалар құны бір миллион айлық есептік көрсеткіштен жоғары жобаларға тартатын, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезеңінде және объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін арнайы экономикалық аймақтардың аталған қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе көрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар санаттары мен санының тізбесін айқындау мәселесін қарау жөніндегі комиссияның хаттамасы түрінде қабылданады және "ШЖК" АЦЖ-да арнайы экономикалық аймақтың әрбір қатысушы ұйымына қатысты жеке ресімделеді.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Комиссия мүшелерінің арнайы экономикалық аймаққа қатысушылардың өтініштерін қарау қорытындысы бойынша хатшы "ШЖК" АЦЖ-да хаттама ресімдейді, онда комиссия мүшелері шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамдардың деректері көрсетілген әрбір жолда "иә"/"жоқ" деген өзінің шешімін көрсетеді және комиссия отырысы өткен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде автоматтандырылған жұмыс орны арқылы қол қойылады.";
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы уәкілетті орган осы Қағидалардың 23-тармағында көзделген фактілер анықталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде аталған мәселені хаттаманың қолданысын жою туралы шешім қабылдау үшін комиссия мүшелерінің қарауына шығарады.
Комиссия шешімі "ШЖК" АЦЖ-да бір жұмыс күні ішінде хаттамамен ресімделеді.
Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы уәкілетті орган комиссия мүшелері хаттамаға қол қойған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде комиссия хаттамасын арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясының көші-қон қызметтері порталының автоматтандырылған жұмыс орнына жібереді.".
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бірлескен бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде олардың орындалуы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін;
4) осы бірлескен бұйрықты жұмыста пайдалану үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімдіктерінің назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, сондай-ақ өнеркәсіп және құрылыс вице-министрлеріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
|
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
_______Е. Нагаспаев |
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
_______А. Ертаев |