ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бюджеттік жоспарлаудың қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 208 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36034 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік жоспарлаудың қағидаларында:
20-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын төлеуге есеп "Мемлекеттік бюджет есебінен қамтылған барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 646 қбп қаулысына сәйкес "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 151 бұйрығымен бекітілген Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының (бұдан әрі – ШЭС) 110-кіші сыныбының ерекшеліктері) штат саны лимиттерінің негізінде жүзеге асырылады;";
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"38. Мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобалары немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобалары, орталық мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламалары паспорттарының жобалары, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары паспорттарының жобалары, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің есеп-қисаптары "Қазақстан Республикасының ұлттық даму жоспарын, мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) даму жоспарларын әзірлеу, іске асыру, оларға мониторинг және түзету жүргізу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 1 желтоқсандағы № 128 бұйрығымен және "Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 185 бұйрығымен (бұдан әрі – № 185 бұйрық) айқындалады.";
47-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) қоғамдық мүдделер мен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты мемлекеттік меншіктегі стратегиялық объектілерді, аса маңызды объектілерді, оның ішінде цифрлық инфрақұрылым объектілерін қолдану, пайдалану және күтіп-ұстау;";
56-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) шеңберiнде мемлекеттiк тапсырма орындалатын "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 151 бұйрығымен бекітілген Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамаға сәйкес Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаманың кодын көрсете отырып, республикалық бюджеттiк бағдарламаның атауын;";
көрсетілген Қағидаларға 9-қосымша осы бұйрыққа сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының жетінші және сегізінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 237 бұйрығына қосымша Бюджеттік жоспарлаудың қағидаларына 9-қосымша Нысан |
Мемлекеттік тапсырма нысанындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған ұсыныс
№ | Мемлекеттік қызметтің атауы | Мемлекеттік қызметтің сипаттамасы | Мемлекеттік тапсырманы орындауға жауапты заңды тұлғаның атауы |
1 | 2 | 3 | 4 |
кестенің жалғасы
Мемлекеттік тапсырманы орындау ұсынылатын республикалық бюджеттік бағдарламаның атауы | Мемлекеттік тапсырманы орындауға жоспарланған жоспарлы кезеңге арналған бюджет қаражатының сомасы | ||||||||
__жыл | __жыл | __жыл | |||||||
Жалпы сомасы, мың теңге | Қосалқы мердігерге (бірлесіп орындаушыға) берілетін мемлекеттік тапсырманың көлемі | Жалпы сомасы, мың теңге | Қосалқы мердігерге (бірлесіп орындаушыға) берілетін мемлекеттік тапсырманың көлемі | Жалпы сомасы, мың теңге | Қосалқы мердігерге (бірлесіп орындаушыға) берілетін мемлекеттік тапсырманың көлемі | ||||
Сомасы мың теңге | % | Сомасы мың теңге | % | Сомасы мың теңге | % | ||||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
кестенің жалғасы
Мемлекеттік тапсырманың орындалу мерзімі | Мемлекеттік тапсырмаға қол жеткізуге бағытталған мақсаттар мен міндеттерді көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету қажеттілігінің негіздемесі және оның орындылығы мен тиімділігін растау | Мемлекеттік тапсырманы орындаудың түпкілікті нәтижелерінің, сапа және тиімділік көрсеткіштерінің жоспарланған көрсеткіштері |
15 | 16 | 17 |