Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 1 сәуірдегі № 113 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 2 сәуірде № 38286 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі (бұдан әрі - өзгерістер) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістердің 1-тармағының бесінші, алтыншы, тоғызыншы абзацтарын, 2-тармағының он төртінші, он алтыншы, он жетінші, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма үшінші абзацтарын, 3-тармағының бесінші, алтыншы, жетінші абзацтарын қоспағанда, алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
А. Ертаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2026 жылғы 1 сәуірдегі
№ 113 бұйрығымен
бекітілген

Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау және төлеу туралы есеп" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 28 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13109 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанында:

      "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау және төлеу туралы есепте "(бар болған жағдайда)" деген сөздер "(ол болған жағдайда)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау және төлеу туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірмеде (2-шығындарды өтеу және тоқсан сайын):

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Еңбек ресурстарын дамыту орталығы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша уәкілетті мемлекеттік органның жанынан құрылатын, еңбек нарығын ақпараттық-талдамалық жағынан сүйемелдеуді, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын, жұмыспен қамту қызметтерін әдіснамалық жағынан қолдауды, әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай цифрлық жүйесін дамыту мен қолдап отыруды қамтамасыз ететін заңды тұлға;";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Осы бұйрыққа қосымшамен бекітілген нысанды "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" акционерлік қоғамы қалыптастырады және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі күнтізбелік 10 күн ішінде ұсынады.

      Деректер электрондық цифрлық қолтаңбаны растау рәсімдерін сақтай отырып, цифрлық жүйелер арқылы электрондық түрде ұсынылады.".

      2. "Ақталған адамға куәлік беру қағидаларын және ақталған адам куәлігінің үлгісін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № 78 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26976 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18 және 24-баптарына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақталған адамға куәлік беру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Ақталған адамға куәлік беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 18 және 24-баптарына сәйкес және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармақшасына сәйкес әзірленді және ақталған адамға куәлік беру тәртібін айқындайды.";

      3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Ақталған адамға куәлік беру туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) саяси қуғын-сүргінге ұшырап, ақталған адам өзі (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Ақталған адамға куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі) көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып Мемлекеттік корпорацияға береді.

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің және оның кіші түрі (бар болса), сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің атауларын, мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдерін, мерзімін, нысанын және нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті ұсынудың ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтиды.

      5. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданған құжаттардың тізбесі, өтінішті қабылдаған қызметкердің тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), өтініш беру күні мен уақыты, сондай-ақ дайын құжаттарды беру күні көрсетілетін тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат береді.";

      12-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тыңдау:

      көрсетілетін қызметті алушыны тыңдауға шақыру, бейнеконференц-байланыс немесе өзге де коммуникация құралдары арқылы;

      цифрлық жүйелерді пайдалану;

      көрсетілетін қызметті алушыға өзінің ұстанымын баяндауға мүмкіндік беретін өзге де байланыс тәсілдері арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.";

      18-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген кезде, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады және оны Бірыңғай байланыс-орталығына, көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға және "цифрлық үкiметтiң" операторына жібереді.";

      көрсетілген Қағидалардың 1-қосымшасы осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидалардың 2-қосымшасы осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидалардың 3-қосымшасы осы тізбеге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 277 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32965 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу қағидаларында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу қағидалары";

      3-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегі уәкiлетті ұйым жеке басты куәландыратын құжаттар, тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтерді "цифрлық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.";

      көрсетілген Қағидалардың 1-қосымшасы осы тізбеге 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2026 жылғы 1 сәуірдегі
№ 113 Тізбеге
1-қосымша
  Ақталған адамға куәлік
беру қағидаларына
1-қосымша
_______________________________
(уәкілетті органның атауы)
__________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты,
әкесінің аты (ол болған жағдайда))
_________________________________
(тұратын мекенжайы)

Ақталған адамның куәлігін (телнұсқасын) беру туралы өтініш

      "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес маған жеңілдіктерге құқықты растайтын ақталған адамның куәлігін (куәліктің телнұсқасын) беруді сұраймын. Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:

      _______________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      Осымен ұсынылған құжаттардың дәйектілігін растаймын. Куәлікті беру үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      20___жылғы "__" ________________________________

                              (өтініш берушінің қолы)

      Құжаттарды: ________________________________________ қабылдады.

      (құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы)

      20___жылғы "__" _____________________________________________

                              (құжаттарды қабылдаған адамның қолы)

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2026 жылғы 1 сәуірдегі
№ 113 Тізбеге
2-қосымша
Ақталған адамға куәлік
беру қағидаларына
2-қосымша

"Ақталған адамға куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1

Мемлекеттік қызметтің атауы

Ақталған адамға куәлік беру

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ

3

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация)

5

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

1) куәлік (куәліктің телнұсқасын) беру – 5 (бес) жұмыс күні.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;
2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;
3) Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут.

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Қағаз түрінде

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № 78 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26976 болып тіркелген) 2-қосымшаға сәйкес бекітілген үлгі бойынша куәлікті немесе оның телнұсқасын беру

8

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

9

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және цифрлық объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, түскі үзілісті ескере отырып, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз электрондық кезек тәртібінде жүзеге асырылады;
2) Мемлекеттік корпорация – өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Қабылдау "электрондық кезек" тәртібінде, жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы броньдауға болады.

10

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар:
1) жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
2) ақтау туралы анықтама не заңды күшіне енген сот актісінің көшірмесі;
3) өкілі арқылы жүгінген кезде – оның өкілеттіктерін растайтын нотариат куәландырған құжат.
Салыстырып тексеру үшін заңды күшіне енген сот актісінің көшірмесін қоспағанда, құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары қайтарылады.

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

Көрсетілетін қызметті беруші мынадай:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің осы Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 10-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіздері бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

12

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

1. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.enbek.gov.kz ресми интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.
2. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен статусы туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
3. Цифрлық құжаттар сервисі мобильдік қосымшада және пайдаланушылардың цифрлық жүйелерінде авторизацияланған субъектілер үшін қолжетімді.
Субъект мобильдік қосымшада және пайдаланушылардың цифрлық жүйелерінде қолжетімді әдістермен авторландырудан өтеді, бұдан әрі "Цифрлық құжаттар" бөлімінде одан әрі пайдалану үшін қажетті құжатты қарайды.

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2026 жылғы 1 сәуірдегі
№ 113 Тізбеге
3-қосымша
Ақталған адамға куәлік
беру қағидаларына
3-қосымша
Нысан

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының № ____ филиалы (мекенжайын көрсету) мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын, сонымен қатар қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуға байланысты "Ақталған адамға куәлік беру" мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартады, оның ішінде:

      жоқ құжаттардың атауы:

      1) ______________________________;

      2) ______________________________.

      Осы қолхат 2 (екі) данада жасалған, әрбір тарапқа бір-бірден

      _______________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), Мемлекеттік корпорация қызметкерінің қолы)

      Телефон (бар болса) __________________

      Қабылдады: 20__ жылғы "___" ____________

      _______________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы)

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2026 жылғы 1 сәуірдегі
№ 113 Тізбеге
4-қосымша
Жаппай саяси қуғын-сүргiндер
құрбандарына ақшалай
өтемақы төлеу қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

  Қазақстан Республикасы Еңбек
және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігінің Еңбек
және әлеуметтік қорғау комитетінің
____________________________
аумақтық бөлімшесінің басшысына

Өтiнiш

      Маған біржолғы ақшалай өтемақы тағайындауыңызды сұраймын

      Тегi _________________________________

      Аты _________________________________

      Әкесiнiң аты (ол болған жағдайда) ________________

      Туған күні ______ ж. "___" ______________

      Мекенжайы___________________________________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжаттың түрi ________________________________

      (құжаттың түрi көрсетіледі)

      Сериясы _________ нөмiрi ___________ кiм берді ___________________________

      Банк шотының №______________________,

      Банк атауы____________________________

      Зейнетақы, мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы, мемлекеттік арнайы жәрдемақы, арнайы мемлекеттiк жәрдемақы аламын

      _____________________________________

      (қажеттісінің асты сызылады)

      Бiржолғы ақшалай өтемақының бiр бөлiгiн немесе толық мөлшерiн бұрын басқа республикада алғаны-алмағаны (жоқ, иә; алған болса, қандай негiзде алғаны көрсетіледі)

      _____________________________________

      Ақтау туралы анықтаманың нөмiрi және оның берiлген күні

      _____________________________________

      Біржолғы ақшалай өтемақы тағайындау үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      Цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Күні ___________________________

      Өтінiш берушінің қолы ________________

      Өтінiш қабылданды (күнi) ______________

      Өтiнiштi қабылдаған маманның Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) ____________________

      Қолы _____________________