БҰЙЫРАМЫН:
1. "Арнайы экономикалық аймақтар аумағында жүзеге асырылатын қызметтің басым түрлерінің тізбесін және Арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 22 ақпандағы № 72 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №34030 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесінде:
2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағы:
1) химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру;
2) мұнай-химия өнімдерін өндіру;
3) жобалау-сметалық құжаттама шегінде қызметтің басым түрлерін жүзеге асыруға тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру;
4) өзге де тоқыма бұйымдарын өндіру;
5) пластмасса бұйымдарын өндіру;
6) көмірсутек шикізатынан ациклдік және циклдік көмірсутек өндіру;
7) мұнай өңдеу өнімдерін өндіру;
8) құбыр көлігінің қызметі;
9) су тартқыштарды қосқанда, магистралды және басқа да құбырларды пайдалану.".
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіптік инфрақұрылымды және елішілік құндылықты дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі