"Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 246 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 4 наурыздағы № 81 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 5 наурызда № 38100 тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 246 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылы №20536 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу тәртібінде:

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу үшін мердігер ұйымды таңдауды пәтер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жиналысы жүзеге асырады.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Көп пәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізуді Оператор осы тәртіпке сәйкес пәтер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жиналысы таңдаған мердігерлік ұйымды және техникалық қадағалау жөніндегі ұйымды тарта отырып жүзеге асырады.";

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 41-бабына сәйкес, бекітілген мемлекеттік нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес жүргізіледі.";

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының сегізінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Е. Нагаспаев