ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Кондоминиум объектісін басқару жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 108 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10528 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кондоминиум объектісін басқару жөніндегі қағидаларында:
орыс тілінде 2-тармақтың 16) тармақшасы алып тасталсын, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Көппәтерлі тұрғын үйді ағымдағы жөндеу Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 41-бабына сәйкес бекітілген мемлекеттік нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес жүргізіледі.";
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының бесінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |