БҰЙЫРАМЫН:
1. "Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № ҚР ДСМ-62 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32276 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен ұғымдар пайдаланылады:
1) ерекше бақылау және қадағалау субъектісі (объектісі) – балалардың тамақтануына, тұруына, оларға медициналық көмек көрсетуге, білім беруге, оларды тәрбиелеуге, сауықтыруға мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектісі (объектісі);
2) өндірістік бақылау (өзін-өзі бақылау) – өндірілетін өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің адам және оның тіршілік ететін ортасы үшін қауіпсіздігін және (немесе) зиянсыздығын қамтамасыз етуге бағытталған, дара кәсіпкер немесе заңды тұлға орындайтын іс-шаралар, оның ішінде зертханалық зерттеулер мен сынақтар кешені;
3) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектісі (объектілері) – дара және заңды тұлғалар, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын ғимараттар, құрылыстар, бұйымдар, қызметі, пайдалануы, тұтынуы, қолданылуы және пайдалануы адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін жабдықтар, көлік құралдары, топырақ, су, ауа және басқа да объектілер.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Өндірістік бақылау "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 51-бабы 5-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген талаптарды және нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес зертханалық зерттеулер мен өлшемдерді жүзеге асыруды (ұйымдастыруды):
өндірістің адамға және оның денсаулығына әсерін бағалау мақсатында санитариялық-қорғау аймағының (бұдан әрі – СҚА) шекарасында және объектінің әсер ету аймағында, жұмыс орындарында, (өндірістік алаңының) аумақта;
шикізатты, жартылай фабрикаттарды, қаптамалау материалдарын, тамақ өнімдерімен және сумен жанасатын бұйымдарды;
тарату желісіне, тарату желісінен, резервуарлардан түсу алдында сумен жабдықтау көзінен алынатын ауыз судың қауіпсіздігін, дайын өнімді және оларды өндіру, сақтау, тасымалдау, өткізу, жинау, кәдеге жарату, жоюдың технологиялық процесі барысында гигиеналық талаптардың сақталуын, сондай-ақ бақылаудың қажетті дұрыстығын және толықтығын қамтамасыз ететін өлшеу құралдарын бақылауды қамтиды.
Ерекше бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) өндірістік бақылауды Кодекстің 45-бабының 4-тармағына сәйкес зертханалық зерттеулер мен өлшеулер жүргізбей жүзеге асыруға құқылы.";
14-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
14-1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Ерекше бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) Кодекстің 45-бабының 4-тармағына сәйкес өндірістік бақылауды оның жүргізілгені туралы есептік ақпаратты ұсынбай жүзеге асыруға құқылы.".
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
А. Альназарова |