"Қазақстан Республикасының мемлекеттік музей қоры каталогын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 193 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2026 жылғы 20 ақпандағы № 78-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 23 ақпанда № 38029 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік музей қоры каталогын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 193 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15403 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік музей қоры каталогын жүргізу қағидаларында:

      3-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Мемлекеттік каталог – Қазақстан Республикасының музей қорына енгізілген барлық музей заттары және музей коллекциялары туралы мәліметтерді қамтитын цифрлық ресурс;";

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) мемлекеттік музей қоры (бұдан әрі – музей қоры) – мемлекеттік музейлер, әртүрлі бейіндегі музейлер, оның ішінде музей-қорықтар мен жеке коллекциялар музейлері қорларындағы, сондай-ақ мәдени құндылықтарды сақтауды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалардағы мәдени құндылықтар туралы мәліметтердің жиынтығы;".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының төртінші абзацын қоспағанда, 2026 жылғы 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін атқарушы
К. Искаков