"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы |
Р. Исакулов |
| Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2026 жылғы 15 қаңтардағы № 13 Бұйрыққа қосымша |
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Салықты мемлекеттік және (немесе) үкіметтік тұрғын үй құрылысы бағдарламаларын іске асыру шеңберінде осы бағдарламаға қатысушы болып табылатын жеке тұлғаға тұрғынжайды ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша берілген салық салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың мөлшерлемелері бойынша есептейтін заңды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 122 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16572 тіркелген).
2. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 25 шілдедегі № 549 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19114 тіркелген) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 3-тармағы.
3. "Салықты мемлекеттік және (немесе) үкіметтік тұрғын үй құрылысы бағдарламаларын іске асыру шеңберінде осы бағдарламаға қатысушы болып табылатын жеке тұлғаға тұрғынжайды ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша берілген салық салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың мөлшерлемелері бойынша есептейтін заңды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 122 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 қазандағы № 536 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21472 тіркелген).
4. "Салықты мемлекеттік және (немесе) үкіметтік тұрғын үй құрылысы бағдарламаларын іске асыру шеңберінде осы бағдарламаға қатысушы болып табылатын жеке тұлғаға тұрғынжайды ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша берілген салық салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың мөлшерлемелері бойынша есептейтін заңды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 122 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 8 шiлдедегі № 353 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23507 тіркелген).