"Жол қауіпсіздігін және регламенттерді, нормативтер мен стандарттарды сақтау саласында әкімшілік полиция бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 757 б

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 12 қаңтардағы № 17 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 14 қаңтарда № 37843 тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жол қауіпсіздігін және регламенттерді, нормативтер мен стандарттарды сақтау саласында әкімшілік полиция бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 757 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 26 тамызда № 14161 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жол қауіпсіздігі және регламенттерді, нормативтер мен стандарттарды сақтау саласында әкімшілік полиция бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Жол қауіпсіздігі және регламенттерді, нормативтер мен стандарттарды сақтау саласында әкімшілік полиция бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жол қауіпсіздігі және регламенттерді, нормативтер мен стандарттарды сақтау саласында әкімшілік полиция бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жол қауіпсіздігі және регламенттерді, нормативтер мен стандарттарды сақтау саласында әкімшілік полиция бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жол қауіпсіздігі және регламенттерді, нормативтер мен стандарттарды сақтау саласында әкімшілік полиция бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 63) тармақшасына сәйкес әзірленді және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыруға арналған.";

      мынадай мазмұндағы 81-1 тармақпен толықтырылсын:

      "81-1. Конструкцияға өзгерістер енгізілгеннен кейін, көлік құралы оның Кеден одағы комисиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен бекітілген "Доңғалақты автокөлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне, сондай-ақ "Автомотокөлік құралдары. Құрастырылымына өзгерістер енгізу. Жалпы ережелер мен техникалық талаптар" ҚР СТ 1418-2018 Қазақстан Республикасының ұлттық стандартына сәйкестігі бағаланады және талапқа сай болған жағдайда көлік құралының конструкциясына өзгерістер енгізілгеннен кейін оның қауіпсіздігін тексеру жүргізіліп, көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігін тексеру жөніндегі хаттама ресімделеді.";

      83-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "83. Көлік құралының конструкциясына енгізілген өзгерістермен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы куәлікті ресімдеу үшін көлік құралының иесі (иесінің өкілі) әкімшілік полицияға мынадай құжаттарды ұсынады:

      көлік құралын тіркеу туралы куәлікті;

      көлік құралының конструкциясына өзгерістер енгізу мүмкіндігі туралы жол жүрісі қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік басқару органы аумақтық бөлімшесінің шешімін;

      КО ТР 018/2011 9-қосымшасында көзделмеген жағдайларда, көлік құралының конструкциясына өзгерістер енгізу мүмкіндігі мен тәртібі туралы қорытындыны (алдын ала техникалық сараптама немесе базалық көлік құралын дайындаушы немесе көлік құралының конструкциясына өзгерістер енгізу жөніндегі жұмыстарды жүргізуші әзірлеген, базалық көлік құралын дайындаушы белгіленген тәртіппен бекіткен және жол жүрісі қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік басқару органымен келісілген, көлік құралының конструкциясына өзгерістер енгізуге арналған техникалық шарттар);

      көлік құралының конструкциясына өзгерістер енгізілгеннен кейін оның конструкциясының қауіпсіздігін тексеру хаттамасын;

      жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық регламенттердің, стандарттардың талаптарымен, конструкциясына енгізілген өзгерістермен көлік құралының техникалық жай-күйін тексеру нәтижелері бойынша рәсімделген техникалық байқаудың диагностикалық картаны ұсынады.".

      1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Жол қауіпсіздігі және
регламенттерді, нормативтер
мен стандарттарды сақтау
саласында әкімшілік полиция
бөлімшелерінің қызметін
ұйымдастыру жөніндегі
нұсқаулыққа 1-қосымша
нысан";

      1-1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Жол қауіпсіздігі және
регламенттерді, нормативтер
мен стандарттарды сақтау
саласында әкімшілік полиция
бөлімшелерінің қызметін
ұйымдастыру жөніндегі
нұсқаулыққа 1-1-қосымша
  нысан";

      2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Жол қауіпсіздігі және
регламенттерді, нормативтер
мен стандарттарды сақтау
саласында әкімшілік полиция
бөлімшелерінің қызметін
ұйымдастыру жөніндегі
нұсқаулыққа 2-қосымша

      3-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Жол қауіпсіздігі және
регламенттерді, нормативтер
мен стандарттарды сақтау
саласында әкімшілік полиция
бөлімшелерінің қызметін
ұйымдастыру жөніндегі
нұсқаулыққа 3-қосымша

      4-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Жол қауіпсіздігі және
регламенттерді, нормативтер
мен стандарттарды сақтау
саласында әкімшілік полиция
бөлімшелерінің қызметін
ұйымдастыру жөніндегі
нұсқаулыққа 4-қосымша

      5-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Жол қауіпсіздігі және
регламенттерді, нормативтер
мен стандарттарды сақтау
саласында әкімшілік полиция
бөлімшелерінің қызметін
ұйымдастыру жөніндегі
нұсқаулыққа 5-қосымша
нысан";

      6-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Әкімшілік полиция бөлімшелерінің "жол
қауіпсіздігі және
регламенттерді, нормативтер
мен стандарттарды сақтау
саласындағы қызметін
ұйымдастыру жөніндегі
нұсқаулыққа 6-қосымша";

      8-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Жол қауіпсіздігі және регламенттерді, нормативтер
мен стандарттарды сақтау
саласында әкімшілік полиция
бөлімшелерінің қызметін
ұйымдастыру жөніндегі
нұсқаулыққа 8-қосымша
нысан".

      2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң және нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
Е. Саденов

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Көлік министрлігі