"Мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен объектілер құрылысының құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 707 бұйрығына толықты

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 8 қаңтарда № 37820 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен объектілер құрылысының құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 707 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізілімінде № 12527 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен объектілер құрылысының құнын айқындау қағидаларында:

      3-тармақ мынадай мазмұндағы 21-1) тармақшасымен толықтырылсын:

      "21-1) "толық бітіріп берілетін" құрылыс-жобалау, іздестіру, құрылыс-монтаждау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, қалпына келтіру, күрделі жөндеу) және басқа да жұмыстарды орындауды, сондай-ақ жобалар мен техникалық қадағалаудың көрсетілетін қызметтеріне ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуді қоспағанда, көрсетілген жұмыстарға ілеспе тауарларды жеткізуді және қызметтер көрсетуді қамтитын объектіні салу және оны пайдалануға беру жөніндегі кешенді жұмыстар;";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тараумен толықтырылсын:

      "4-1-тарау. "Толық бітіріп берілетін" құрылыстың есептік құнын айқындау";

      мынадай мазмұндағы 18.1, 18.2, 18.3 және 18.4-тармақтармен толықтырылсын:

      "18-1. "Толық бітіріп берілетін" объектілерді салу әдісі құрылыс алаңының инженерлік-геологиялық жағдайларын, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындауды, құрылыстарды технологиялық және инженерлік жабдықтармен жинақтауды, іске қосу-баптау және салынып жатқан объектімен, сондай-ақ басқарумен, пайдаланумен, қызмет көрсетумен, тараптардың бірінің теңгеріміне берумен тығыз байланысты өзге де жұмыстарды ескере отырып, жобалау-сметалық құжаттамамен қаржыландыру, жоспарлау, уақтылы және сапалы қамтамасыз ету бойынша функцияны бас мердігердің бір ұйымдық құрылымында шоғырландыру мүмкіндігі негізінде пайдалануға немесе қызметтер көрсетуге дайындалған объектілерді салуды қамтамасыз етуді көздейді.

      18-2. Инвестициялық жобаны жаңа объектілерді тұрғызу жолымен дайын құрылыс өнімін құрудың бірыңғай үздіксіз кешенді процесі ретінде іске асыру кезінде (жобалау – құрылыстарды жабдықтармен жинақтау, объектіні пайдалануға беруді қоса алғанда, құрылыс және монтаждау жұмыстарын орындау), сондай-ақ "толық бітіріп берілетін" құрылыс кезінде тапсырыс берушінің (инвестордың) қаражатының лимитін айқындау үшін негіздеме жобалау алдындағы сатыдағы есеппен белгіленген және тапсырыс беруші бекіткен құрылыс құны болып табылады.

      18-3. Конкурстық рәсімдерді өткізу және "толық бітіріп берілетін" құрылыс туралы шарттар жасасу үшін "толық бітіріп берілетін" құрылыстың есептік құны айқындалады.

      "Толық бітіріп берілетін" құрылыстың есептік құны техникалық-экономикалық негіздеме немесе құрылыстың есептік құны бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы міндетті түрде болған кезде жобалау алдындағы сатыдағы құрылыс құнының есебі, құрылыс аумағын дайындауға (игеруге) және объектіні пайдалануға беруге (оның ішінде объектілерді пайдалануға беруге арналған жиынтық смета) арналған жиынтық смета негізінде айқындалады.

      18-4. "Толық бітіріп берілетін" құрылыстың есептік құнына қосылады:

      1) жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу құны, оның ішінде іздестіру жұмыстарының құны (қажет болған жағдайда);

      2) құрылыс-монтаждау жұмыстарының құны;

      3) жабдықтың, жиһаздың, мүкәммалдың құны;

      4) күтпеген жұмыстарға арналған қаражат және жобалау алдындағы кезең үшін белгіленген мөлшердегі шығындар;

      5) объектіні пайдалануға беруге арналған шығындар;

      6) салалық заңнамалық нормалар шеңберінде реттелетін объект құрылысының нақты шарттары мен ерекшеліктерін ескеретін бас мердігерге тапсырылатын басқа да шығындар.";

      мынадай мазмұндағы 19.1 және 19.2-тармақтармен толықтырылсын:

      "19-1. "Толық бітіріп берілетін" құрылыстың шарттық бағасы жеңімпаздың сметасы (офертасы) бойынша баға ұсынысы (конкурстық баға ұсынысы, тендерлік баға ұсынысы) негізінде Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерін сатып алу туралы, "Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту" ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын мердігерлік жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қорытындылары бойынша айқындалады.

      "Толық бітіріп берілетін" құрылыстың шарттық бағасы тапсырыс берушінің сметасында белгіленген "толық бітіріп берілетін" құрылыстың есептік құнынан аспауға тиіс.

      19-2. Cатып алу қорытындылары бойынша айқындалған "толық бітіріп берілетін" құрылыстың шарттық бағасын ұлғайтуға жол берілмейді.

      Бұл ретте, осы Қағидалардың 18-4 тармағында көзделген шығындардың жекелеген баптары бойынша шарттық баға ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысын алған жобалау-сметалық құжаттама және (немесе) объектілерді пайдалануға беруге арналған жиынтық смета бойынша олардың сметалық құнынан асып кеткен жағдайда, "толық бітіріп берілетін" құрылыстың шарттық бағасы шығындардың тиісті баптары бойынша мөлшерлес азайтылуға жатады.".

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Е. Нагаспаев