Түркістан қалалық мәслихатының 2024 жылғы 18 наурыздағы № 15/67-VIII "Түркістан қаласында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Түркістан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 37/171-VIII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 22 желтоқсанда № 37644 болып тiркелдi

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешім 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Түркістан қалалық мәслихатының "Түркістан қаласында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" 2024 жылғы 18 наурыздағы №15/67-VIII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6481-13 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қалалық мәслихат төрағасы Г. Сарсенбаев