Қостанай қалалық мәслихаты шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2025 жылғы 29 қазандағы № 191 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 31 қазанда № 37303 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
           Осы шешім 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қостанай қаласы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы" мәслихаттың 2024 жылғы 29 қарашадағы № 133 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10327-10 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қостанай қалалық мәслихатының төрағасы О. Байгабулов