Жаңаөзен қаласы әкімінің 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 1 "Сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімінің 2025 жылғы 10 сәуірдегі № 89 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2025 жылғы 14 сәуірде № 4783-12 болып тіркелді

      Жаңаөзен қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Сайлау учаскелерін құру туралы" Жаңаөзен қаласы әкімінің 2019 жылғы 10 қаңтардағы №1 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3774 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      орыс тіліндегі 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жаңаөзен қаласының әкімі Ж. Қайнарбаев