"Сырдария ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы" Сырдария аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 маусымдағы № 41 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Шешім 23.12.2025 №227, Сырдария ауданының мәслихаты

      Ескерту. 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімінің 2-тармағымен.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Сырдария ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы" Сырдария аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 маусымдағы № 41 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8435-11 болып тіркелген) шешiмiнiң күшi жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Сырдария аудандық мәслихат төрағасы Е. Әжікенов