"Бұқар жырау ауданының бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы № 9 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 40/05 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 30 желтоқсанда № 37753 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешім 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабының 1-тармағына сәйкес Бұқар жырау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Бұқар жырау ауданының бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы № 9 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6445-09 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Мәслихат төрағасы А. Әли