Қарағанды қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы № 56 "Қарағанды қаласында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Қарағанды қалалық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 331 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 23 желтоқсанда № 37655 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешім 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарағанды қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы № 56 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6461-09 болып тіркелген) "Қарағанды қаласында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Төраға А. Букенов