Жуалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 19-6 "Жуалы ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жамбыл облысы Жуалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 58-6 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 30 желтоқсанда № 37730 болып тіркелді

      Ескерту. 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 2 тармағымен.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Жуалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жуалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 19-6 "Жуалы ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5188-08 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Жуалы аудандық мәслихатының төрағасы З. Бурлибаев