Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 2024 жылғы 20 қарашадағы № 34/176-VIII "Семей қаласында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 2025 жылғы 30 желтоқсандағы № 53/285-VIII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 13 қаңтарда № 37835 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешімнің қолданысқа енгізілу тәртібін 2- тармақтан караңыз.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 - бабының сәйкес, Абай облысы Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Абай облысы Семей қаласы мәслихатының "Семей қаласында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" 2024 жылғы 20 қарашадағы № 34/176 - VIII (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2024 жылғы 22 қарашада № 374 - 18 болып тіркелді) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Семей қаласы мәслихатының төрағасы
      Е. Сагандыков