Әйтеке би аудандық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 175 "Әйтеке би ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" шешімінің күшін жою туралы

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2025 жылғы 28 қарашадағы № 429 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2025 жылғы 2 желтоқсанда № 37517 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Әйтеке би аудандық мәслихатының "Әйтеке би ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" 2024 жылғы 9 ақпандағы № 175 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8506 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Әйтеке би аудандық мәслихатының төрағасы Б. Сейлханов