"Ақтөбе қаласында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" Ақтөбе қалалық мәслихатының 2024 жылғы 8 ақпандағы № 145 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 369 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 22 желтоқсанда № 37637 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешім 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Ақтөбе қаласында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" Ақтөбе қалалық мәслихатының 2024 жылғы 8 ақпандағы № 145 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8501 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Ақтөбе қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе қалалық мәслихатының интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Ақтөбе қалалық мәслихатының төрағасы А. Даржанова