"Ақтөбе облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелерін арттыру туралы" Ақтөбе облыстық мәслихатының 2022 жылғы 8 маусымдағы № 139 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2025 жылғы 27 маусымдағы № 232 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 27 маусымда № 36348 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6, 7-баптарына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27, 50-баптарына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Ақтөбе облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелерін арттыру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28467 тіркелген) Ақтөбе облыстық мәслихатының 2022 жылғы 8 маусымдағы № 139 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың төрағасы Г. Суентаева