БҰЙЫРАМЫН:
1. "Өрт қауіпсіздігіқағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өрт қауіпсіздігі қағидаларында:
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Ғимараттар, үй-жайлар мен құрылыстардың өрт автоматикасы жүйелерін ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі";
62 және 63-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"62. Ғимараттар, үй-жайлар мен құрылыстар ҚР ҚН 2.02-02-2023 "Ғимараттар мен имараттардың өрт автоматикасы" талаптарында айқындалған объектілер тізбесіне сәйкес өрт автоматикасы жүйелерімен қамтамасыз етіледі.
63. Өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау жөніндегі жұмыстар жобалау құжаттамасына сәйкес жүргізіледі.";
мынадай мазмұндағы 63-1-тармақпен толықтырылсын:
"63-1. Өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 14 тамыздағы № 322 бұйрығымен бекітілген өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға қойылатын рұқсат талаптарына (тіркелген нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36640) сәйкес келетін және уәкілетті органның ведомствосы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен берген өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат болған кезде дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар жүзеге асырады.";
64, 65 және 66-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"64. Объектіде өрт автоматикасы жүйелерін техникалық жарамды күйде күтіп-ұстау үшін басшының бұйрығымен өрт автоматикасы жүйелерін үздіксіз пайдалануды қамтамасыз ететін адам тағайындалады.
65. Өрт автоматикасы жүйелерін үздіксіз пайдалануды қамтамасыз ететін адам:
1) осы Қағидалардың талаптарының орындалуын;
2) шарт бойынша графикке және күнтізбелік жұмыс жоспарына сәйкес өрт автоматикасы жүйелеріне техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды бақылауды және қабылдауды;
3) дайындаушы зауыттың техникалық құжаттамасына сәйкес өрт автоматикасы жүйелерін жұмысқа қабілеттілігіне техникалық қызмет көрсетуді және тексерудің дұрыстығын;
4) кезекші персоналды оқытуды, сондай-ақ қорғалатын үй-жайларда жұмыс істейтін адамдарға өрт автоматикасы жүйелері іске қосылған кездегі іс-қимылдар бойынша нұсқама беруді;
5) қажетті пайдалану құжаттамасын әзірлеуді және оны жүргізуді қамтамасыз етеді.
66. Өртке қарсы қорғау жүйелерінің техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды есепке алу автоматтандырылған жүйеге немесе осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес өрт автоматикасы жүйелерін пайдалану журналында көрсетіледі.";
67-тармақ алып тасталсын;
68, 69, 70, 71, 72, 73, 74 және 75-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"68. Өрт автоматикасы жүйелеріне техникалық қызмет көрсету:
1) жоспарлы профилактикалық жұмыстарды жүргізуді;
2) ақауларды жоюды және ағымдағы жөндеу жүргізуді қамтиды.
69. Техникалық қызмет көрсету, мерзімді сынақтар мен жұмыстардың көлемдері қызмет көрсетілетін өрт автоматикасы жүйелеріне техникалық құралдарына арналған пайдалану құжаттамасының және стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкес белгіленеді және шартта көрсетіледі.
70. Ұйым басшысы өрт автоматикасы жүйелерімен жабдықталған объектіде мынадай құжаттаманың:
1) өрт автоматикасы жүйелеріне жобалау құжаттамасының;
2) жасырын жұмыстардың (олар болған жағдайда), сынақтар мен өлшеулер актілерінің;
3) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өрт автоматикасы жүйелерін пайдалануға қабылдау актісінің;
4) өрт автоматикасы жүйелерінің құрамына кіретін техникалық құралдарға паспорттардың;
5) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өрт автоматикасы жүйелерінің монтаждалған аспаптары мен жабдығы ведомосінің;
6) газбен өрт сөндіру қондырғыларының (олар болған кезде) баллондарын өрт сөндіргіш құрамдармен зарядтауға паспорттардың;
7) өрт автоматикасы жүйелерін пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың, кезекші персоналдың, лауазымдық нұсқаулықтары, өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалармен шарттың көшірмелерінің;
8) техникалық қызмет көрсету жұмыстарының жоспар-графигі мен регламентінің;
9) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өрт автоматикасы жүйелерін пайдалану журналының болуын қамтамасыз етеді.
71. Өрт автоматикасы жүйелері кезекші (жобалық) жұмыс режимінде тұрақты ұсталады.
72. Өрт автоматикасы жүйелерін өшіруге байланысты жүргізілетін техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау кезеңінде объектінің әкімшілігі өрт автоматикасы жүйелерімен қорғалатын объектілердің өрт қауіпсіздігін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қосымша инженерлік-техникалық және ұйымдастырушылық іс-шараларды қабылдау арқылы жүзеге асырылады.
73. Өрт автоматикасы жүйелерінің құрамына кіретін техникалық құралға құжаттамада көрсетілген қызмет мерзімі өткеннен кейін, сондай-ақ өрт автоматикасы жүйелері істен шыққан жағдайларда, осы жүйелерді мақсаты бойынша одан әрі пайдалану мүмкіндігін анықтау мақсатында оларға техникалық куәландыру жүргізіледі.
74. Өрт автоматикасы жүйелері техникалық куәландыруды тапсырыс беруші мен өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалардың қатысуымен комиссия әрбір бес жыл сайын жүргізеді.
75. Куәландыру нәтижелері осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өрт автоматикасы жүйелерін куәландыру актісімен ресімделеді.";
77-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"77. Өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау бойынша орындалатын жұмыстар ҚР ҚН 1.03-00-2022 "Құрылыс өндірісі. Кәсіпорындардың, ғимараттар мен құрылыстардың құрылысын ұйымдастыру" талаптарына сәйкес ресімделеді.";
көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 5-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 6-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 7-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі |
Ч. Аринов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Көлік министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
| Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 580 1-қосымша Өрт қауіпсіздігі қағидаларына 4-қосымша Нысан |
Өрт автоматикасы жүйелерін пайдалану журналы
1. Өрт автоматикасы жүйелерімен жабдықталған объектінің атауы мен ведомстволық бағыныстылығы (меншік нысаны) __________________________
____________________________________________________________________
(жүйенің түрі, іске қосу тәсілі)
Мекенжайы, телефоны____________________________________________
Жүйені монтаждау күні, монтаждау ұйымының атауы__________________
Өрт автоматикасы жүйесінің типі ___________________________________
Жүйеге қызмет көрсететін ұйымның (қызметтің) атауы ________________
____________________________________________________________________
Телефоны ______________________________________________________
2. Өрт автоматикасы жүйесінің сипаттамасы _________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(техникалық құралдардың атауы, типтері, шығару күні, пайдалануды бастау күні, куәландырудың кезекті мерзімі)
3. Өрт автоматикасы жүйесінің қағидаттық немесе монтаждау схемасы.
4. Гидравликалық және электрлік сынау нәтижелері:
Өткізу күні | Сынақ нәтижелері | Қорытынды | Қолы |
5. Кезекшілікті қабылдау-тапсыру және жүйенің техникалық жай-күйі:
Қабылдау-тапсыру күні | Кезекшілік кезеңінде жүйелердің жай-күйі | Қорғалатын объектілердің атауы және сигналдар келіп түскен жүйелердің типі | Кезекшілікті қабылдап-тапсырғандардың тегі, қолы |
6. Өрт автоматикасы жүйелерінің бас тартулары мен ақаулықтарын есепке алу
Р/с № | Хабарламаның келіп түскен күні мен уақыты | Бақыланатын үй-жайдың атауы | Ақаулықтың сипаты | Хабарламаны қабылдаған адамның тегі мен лауазымы | Ақаулықты жою күні мен уақыты |
Ескертпелер:
1) Ақаулықтарды уақытылы жоюды талдау күн сайын жүргізіледі.
2) Журналда бас тартулардың, ақаулықтардың, жалған іске қосулардың санын қорытындылау ай сайын жүргізіледі.
3) Журналды жедел (кезекші) персонал жүргізеді.
7. Өрт автоматикасы жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді есепке алу.
Р/с № | Күні | Жүйенің типі | Бақыланатын объект | Жүргізілген жұмыстардың сипаты | Жүргізілген жұмыстардың тізбесі | ТҚК жүргізген адамның лауазымы, тегі және қолы |
9. Өрт автоматикасы жүйелерінің іске қосылуын (ажыратылуын) есепке алу.
Р/с № | Бақылана тын объектінің атауы | Өрт автоматикасы жүйесінің түрі мен типі | Іске қосылу (ажыратылу) күні | Іске қосылу (ажыратылу) себебі | Өрттің шығыны | Іске қосылу себебі |
10. Өрт автоматикасы жүйелерімен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасы бойынша техникалық және жедел персоналға нұсқама беру.
Р/с № | Нұсқамадан өтушінің тегі | Нұсқамадан өтушінің атқаратын лауазымы | Нұсқама өткізу күні | Нұсқамадан өтуші адамның қолы | Нұсқама өткізген адамның қолы |
| Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 580 2-қосымша Өрт қауіпсіздігі қағидаларына 5-қосымша Нысан |
Өрт автоматикасы жүйелерін пайдалануға қабылдау
АКТІСІ
__________ қаласы 20__ж. "___"________________
_______________________________________________________________
(тапсырыс беруші ұйымның атауы)
20__ ж. "___"____________________№ _____ шешімімен мынадай құрамда:
Төраға - тапсырыс берушінің (бас мердігердің) өкілі ___________________
____________________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
Комиссия мүшелері - өкілдер:
монтаждау ұйымдары ____________________________________________
____________________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты) іске қосу баптау ұйымдары
____________________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
тағайындалған комиссия орындалған жұмыстарды тексерді және анықтады:
1. Монтаждау-баптау (іске қосу баптау) ұйымы _______________________
әзірлеген (құрастырған) жоба бойынша (ұйымның атауы)
________________________________________монтаждалған қондырғыны
(объектінің атауы)
____________________________________________________________________
(қондырғының атауы) қабылдауға ұсынды.
2. ________________________________________ монтаждау жұмыстарын
(ұйымның атауы)
20__ ж. "___"_____________ бастап 20__ ж. "___"________________ аралығында орындады.
3. ___________________________________ іске қосу баптау жұмыстарын
(іске қосу баптау ұйымының атауы)
20__ ж. "___"______________ бастап 20__ ж. "___"_______________ аралығында орындады.
4. Кешенді байқау процесінде анықталған ақаулар мен кемшіліктер жойылды (қажет болған
езде осы актіге қосымшада көрсету керек).
Комиссияның қорытындысы:
Іске қосу баптау жұмыстарын қоса алғанда, кешенді байқаудан өткен жүйе,
орындалған жұмыстардың сапасын
____________________________________________________________________
(өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық)
деп бағалай отырып, 20__ ж. "___"____________________ бастап пайдалануға қабылданды
еп есептелсін.
Құжаттама актісіне қоса беріліп отырған тізбе ________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Комиссия:
Комиссия төрағасы ____________________________________ (қолы) М.О.
Комиссия мүшелері _____________________________________ (қолдары)
| Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 580 3-қосымша Өрт қауіпсіздігі қағидаларына 6-қосымша Нысан |
Өрт автоматикасы жүйелерінің монтаждалған аспаптары мен жабдығының
ВЕДОМОСІ
_______________________________________________________________
(объектінің атауы)
_______________________________________________________________
жобасы бойынша
Жобаның реттік және ерекшелік нөмірі | Атауы | Типі | Зауыт нөмірі | Ескертпе |
Тапсырды ______________________________________________________
(тапсырыс беруші өкілінің лауазымы,
____________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің (болған жағдайда) (қолы)
Қабылдады______________________________________________________
_____________________________________________________________________
(монтаждау ұйымы өкілінің лауазымы,
____________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің (болған жағдайда) (қолы)
| Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 580 4-қосымша Өрт қауіпсіздігі қағидаларына 7-қосымша Нысан |
Өрт автоматикасы жүйелерін куәландыру
АКТІСІ
__________ қаласы 20__ж. "___" _________________
Объект_________________________________________________________
(атауы)
Комиссия құрамы:
Комиссия төрағасы ______________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Комиссия мүшелері_______________________________________________
____________________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
___________________________________________байқап-тексеру жүргізді
(қондырғының атауы)
____________________________________________________________________
(қондырғының орналасу орнын көрсету)
____________________________________________________________________
(элементтердің атауы)
Жұмыстар 20__ ж. "___"_______________ және "___"__________ аралығында жүргізілді
Байқап-тексеру кезінде:
___________________________________________________________анықталды
(қондырғылардың, элементтердің жай-күйі)
Комиссияның қорытындысы:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(қолданыстағы өрт автоматикасы жүйелерін одан әрі пайдалану мүмкін/ мүмкін емес немесе
жаңа жүйелерді монтаждауды орындау қажет;
Өрт автоматикасы жүйелерінің жекелеген техникалық құралдарына жөндеу жүргізу қажет;
келесі куәландыру мерзімін белгілеп, өрт автоматикасы жүйелерін пайдалануды ұзарту
қажет)
Комиссия төрағасы: ______________________________________________
(қолы, лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Комиссия мүшелері:_____________________________________________
____________________________________________________________________
(қолы, лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)