БҰЙЫРАМЫН:
1. "Арнайы экономикалық аймақтар аумағында жүзеге асырылатын қызметтің басым түрлерінің тізбесін және Арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 22 ақпандағы № 72 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №34030 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесінде:
2-қосымшаның 14-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"14. "Alatau" арнайы экономикалық аймағы:
1) балықты, шаян тәрізділерді және моллюскаларды өңдеу және консервілеу;
2) кілемдер мен кілем бұйымдарын өндіру;
3) тоқу өндірісі;
4) маталар мен тоқыма бұйымдарын әрлеу;
5) аяқ киім өндірісі;
6) ағаш массасы мен целлюлоза өндірісі;
7) қағаз және картон өндірісі;
8) гофрленген қағаз және картон, қағаз және картон ыдыстарын өндіру;
9) асбестцементтен және талшықты цементтен жасалған бұйымдар өндірісі;
10) бетоннан, құрылыс гипсінен және цементтен жасалған өзге де бұйымдар өндірісі;
11) тұрғын және тұрғын емес ғимараттар салу;
12) су құрылыстарын салу;
13) жүктерді қоймалау және сақтау;
14) жүктерді көліктік өңдеу;
15) құрлық көлігінің қосалқы қызметі;
16) өзге де қосалқы көлік қызметі;
17) бекітілген жобалау-сметалық құжаттама шегінде 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 18), 19), 20), 21), 22), 23), 24), 25), 26), 27), 28), 29), 30), 31) тармақшаларда көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру;
18) үй жануарларына арналған дайын азық өндіру;
19) қант өндіру;
20) құрама темірбетон және бетон құрылымдары мен бұйымдарын өндіру;
21) электр қозғалтқыштарын, генераторлар мен трансформаторларды өндіру;
22) басқа электр сымдары мен кабельдерін өндіру;
23) электр тарату және реттеу аппаратурасын өндіру;
24) алюминий мен алюминий қорытпаларынан құрылыс құрылымдары мен бұйымдарын өндіру;
25) парақ шыныны қалыптастыру және өңдеу;
26) тоңазытқыштар мен мұздатқыштардан басқа электр тұрмыстық аспаптарды өндіру;
27) киімнен басқа тоқыма емес материалдардан бұйымдар өндіру;
28) фармацевтикалық препараттарды өндіру;
29) резеңкеден жасалған санитарлық-гигиеналық және медициналық бұйымдарды өндіру;
30) медициналық және ветеринариялық құралдар, аспаптар мен жабдықтарды өндіру;
31) тауарларға арналған пластмассадан жасалған орамаларды (қаптамаларды) өндіру".
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіптік инфрақұрылымды және елішілік құндылықты дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі