"Қазақстан Республикасында стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 106 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 8 желтоқсандағы № 163 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 9 желтоқсанда № 37560 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасында стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 106 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32740 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілген стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартында:

      жоғарғы оң жақ бұрышындағы "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2023 жылғы 7 маусымдағы № 106 Бұйрыққа 1-қосымша" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 106 бұйрығына 1-қосымша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасында стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандарты";

      көрсетілген стандартқа 1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы "Стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартына 1-қосымша" деген сөздер "Қазақстан Республикасында стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартына 1-қосымша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетілген стандартқа 2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы "Стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартына 2-қосымша" деген сөздер "Қазақстан Республикасында стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартына 2-қосымша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетілген стандартқа 3-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы "Стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартына 3-қосымша" деген сөздер "Қазақстан Республикасында стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартына 3-қосымша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетілген стандартқа 4-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы "Стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартына 4-қосымша" деген сөздер "Қазақстан Республикасында стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартына 4-қосымша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетілген стандартқа 4-қосымшаға сәйкес бекітілген стационарды алмастыратын жағдайларда көрсетілетін тоғызыншы қайта қараудың аурулар мен денсаулыққа байланысты проблемалардың халықаралық статистикалық жіктемесенің кодтары бойынша операциялар мен манипуляциялар тізбесі мынадай мазмұндағы 551 және 552-жолдармен толықтырылсын:

      "

551

41.31

Сүйек кемігінің аспирациялық биопсиясы

552

41.98

Сүйек кемігінде басқа да манипуляциялар

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
А. Альназарова