БҰЙЫРАМЫН:
1. "Биржа саудасының қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10993 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Биржа саудасының қағидаларында:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшасымен толықтырылсын:
"18-1) мінсіз іскерлік бедел – адамның қаржы ұйымын мәжбүрлеп таратуға алып келген төлем қабілетсіздігіне не банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызуға алып келген құқыққа қайшы әрекеттер (әрекетсіздік) жасауы фактілерінің болмауын, алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болмауын, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот актісінің болмауын, сондай-ақ қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның мәліметтері негізінде әрекеттері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықпал еткен үшінші тұлғалармен қарым-қатынасының (үшінші тұлғалардың бақылауы мен ықпалының) болмауын қоса алғанда, кәсіпқойлықты, адалдықты растайтын фактілердің болуы;";
мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
"10-1. Мінсіз іскерлік беделі жоқ адам брокер және дилер бола алмайды.";
18-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) үміткерді, оның бенефициарлық меншік иелерін және (немесе) оның бірінші басшысын "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабында көзделген тәртіппен терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне қосу;";
131-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабында көзделген тәртіппен ішкі бақылау қағидалары және оны жүзеге асыру бағдарламалары "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы";".
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Ішкі сауданы дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі |
А. Шаккалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі