"Қазақстан Республикасы аумағына тас өнімдерінің үшінші елдерден жекелеген түрлерін әкелуді реттеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 2 қыркүйектегі № 342 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2025 жылғы 25 қарашадағы № 506 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 26 қарашада № 37477 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы аумағына тас өнімдерінің үшінші елдерден жекелеген түрлерін әкелуді реттеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 2 қыркүйектегі № 342 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36809 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден тас өнімдерінің жекелеген түрлерін (Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы коды 6801000000 - тас төсегіштер, жиектемелі - табиғи тастан төсеуге арналған тастар мен плиталар (тақтатастан басқа), 6802931000 - гранит жылтыратылған әшекейленген немесе таза салмағы 10 кг немесе одан астам, оюланғаннан басқа, өзге де өңдеуден өткен, 6802939000 - ескерткіштер немесе құрылысқа арналған гранит) көліктің барлық түрлерімен әкелуге үш ай мерзімге тыйым салу енгізілсін.".

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті:

      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті осы бұйрықтың 1-тармағын іске асыру бойынша бақылауды қамтамасыз ету туралы;

      2) Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті және "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамын (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде шаралар қабылдау туралы;

      3) Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген тыйым салудың енгізілгені туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің міндетін атқарушы
И. Шархан