ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.09.2025 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 10 шілдедегі № 311 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33056 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесінде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Шетелдік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен стратегиялық әріптестік шеңберінде іске асырылатын бірлескен білім беру бағдарламалары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін және жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін есептеу, сондай-ақ ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша құрылған шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдары үшін жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін және жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін есептеу осы әдістеменің 9, 10, 11, 12, 13, 14 және 15-тармақтарын қоспағанда, мынадай формулалар бойынша жүргізіледі:
1) Vжқ1 – шетелдік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен стратегиялық әріптестік шеңберінде іске асырылатын, қазақстандық үлгідегі дипломды алатын, бірлескен білім беру бағдарламалары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың жылдық көлемі, сондай-ақ қазақстандық үлгідегі дипломды алатын, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша құрылған шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдары үшін жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың жылдық көлемі мына формула бойынша есептеледі:
V жқ1 = Nzb1 * Контzb1,
мұндағы:
Nzb1 – бакалавриатта жылына бір білім алушыға жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі;
Контzb1 – бакалавриатта білім алушылардың жыл сайынғы контингенті;
Nzb1 – бакалавриатта жылына бір білім алушыға жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі мына формула бойынша есептеледі:
Nzb1 = Т+Xz+ A+ S,
мұндағы:
Т – білім беру процесіне тартылған ӘБП-ның және ПОҚ-тың жылына бір білім алушыға шаққандағы жылдық еңбекақы төлеу қоры;
Xz – кадрларды даярлаудың техникалық және ауыл шаруашылығы бағыттары бойынша жылына бір білім алушыға есептегенде жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын орындау шеңберінде білім алушылардың оқу-әдістемелік әдебиеттерді сатып алуға, зертханалық, практикалық, теориялық және жеке сабақтарының академиялық ұтқырлығын ұйымдастыруға арналған оқу шығыстары – 19 АЕК;
АЕК – жыл сайын республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін айлық есептік көрсеткіш. Айлық есептік көрсеткішке баламалы көрсеткіштердің мәндерін айқындау үшін негіз ретінде 2022 жылғы 1 қаңтарға белгіленген АЕК мөлшері алынады;
А – кадрларды даярлаудың техникалық және ауыл шаруашылығы бағыттары үшін оқу құралдары мен жабдықтардың амортизация нормасы 64 АЕК-ті құрайды;
Т – білім беру процесіне тартылған ӘБП және ПОҚ еңбегіне ақы төлеудің жылдық қоры жылына бір білім алушыға төменде келтірілген персонал құрамы негізге алына отырып есептеледі.
Мәтін бойынша қолданылатын аббревиатура | Персонал | Саны (штат бірлігі) | 1 қызметкерге шаққандағы жалақы мөлшері теңгемен | АЕК-те 1 қызметкерге шаққандағы жалақы мөлшері |
ПОҚ | Профессорлық-оқытушылық құрам (ПОҚ): | 100 | ||
ПОҚkz | Отандық ПОҚ | 70 | 860 000 | 280,77 АЕК |
ПОҚin | Шетелдік ПОҚ | 30 | 3 956 000 | 1291,544 АЕК |
ӘБП | Әкімшілік-басқару персоналы: | 54,5 | ||
ӘБП kz | Отандық менеджмент | 1 | 1 075 000 | 350,963 АЕК |
ӘБПin | Шетелдік менеджмент, Халықаралық менеджмент |
1,5 |
4 515 000 | 1474,045 АЕК 1263,467 АЕК |
ӘБПin | Шетелдік орта менеджмент | 5 | 860 000 | 280,77 АЕК |
ӘБПkz | ӘБП кіші құрамы | 46 | 430 000 | 140,385 АЕК |
Барлығы | 154,5 |
Т – білім беру процесіне жылына бір білім алушыға тартылған ӘБП және ПОҚ-тың жылдық еңбекақы төлеу қоры мынадай формула бойынша есептеледі:
T = Tkz+ Tin,
Тkz = Тәбпkz+ Тпоқkz,
Тin = Тәбп in + Тпоқ in,
мұндағы:
Тkz – жылына бір білім алушыға білім беру процесіне тартылған отандық ӘБП және ПОҚ-тың жылдық еңбекақы төлеу қоры;
Тin – жылына бір білім алушыға білім беру процесіне тартылған шетелдік ӘБП және ПОҚ-тың жылдық еңбекақы төлеу қоры;
Тәбп – ӘБП жылдық еңбекақы төлеу қоры отандық (kz) және шетелдік (in) үшін жеке формула бойынша есептеледі:
Тәбпkz (in) = Wәбпkz (in) *12*snokz (in) * mvәбпkz (in) *mp,
Тпоқ – ПОҚ-тың жылдық еңбекақы қоры отандық (kz) және шетелдік (in) үшін жеке формула бойынша есептеледі:
Тпоқkz (in) = Wпоқkz (in) * 12*snokz(in)*mvпоқkz (in) * mp,
мұндағы:
W – айына отандық және шетелдік ПОҚ және ӘБП еңбекақы төлеу қоры:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасындағы шарт негізінде отандық және шетелдік ӘБП және ПОҚ үшін белгіленді.
Жалақыны есептеу 2021 жылғы 15 қарашаға белгіленген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы бойынша 1 АҚШ доллары үшін 430 теңге баламасында ұлттық валютада жүргізілді;
12 – айына нормативтік шығындарды есептеуден жылына нормативтік шығындарды есептеуге көшу үшін жылына айлар саны;
sno – әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар коэффициенті:
отандық персоналдар үшін snokz – 1,0836;
2025 және одан кейінгі жылдарға – 1,0968;
шетелдік персоналдар үшін snoin – 1,095;
mp – жұмыс берушінің қосымша міндетті зейнетақы жарналарының және міндетті медициналық сақтандыру қорына аударымдардың коэффициенті:
2023 жылға – 1,03;
2024 жылға – 1,045;
2025 жылға – 1,055;
2026 жылға – 1,065;
2027 жылға – 1,075;
2028 жылға және одан кейінгі жылдарға – 1,08;
mvпоқ – бір оқытушыға келетін білім алушылардың орташа санының арақатынасының коэффициентін құрайды:
бір шетелдік оқытушыға mvпоқin – 0,02;
бір отандық оқытушыға mvпоқkz – 0,047;
mvәбп – ӘБП бір қызметкеріне келетін білім алушылардың орташа санының арақатынасының коэффициенті:
бір шетелдік мидл-менеджментке mvәбпin1 – 0,0033;
бір шетелдік топ-менеджментке mvәбпin2– 0,001;
бір шетелдік халықаралық менеджментке mvәбпin3 – 0,00067;
бір отандық менеджментке mvәбпkz1 – 0,00067;
бір ӘБП кіші құрамға mvәбпkz2 – 0,031;
S – халықаралық білім беру бағдарламаларын енгізу коэффициенті – 102,024 АЕК;
2) Vжқ2 – шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен стратегиялық әріптестік шеңберінде іске асырылатын, қос диплом алатын білім беру бағдарламалары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың жылдық көлемі мына формула бойынша есептеледі:
V жқ2 = Nzb2* Контzb2,
мұндағы:
Контzb2 – бакалавриатта білім алушылардың жыл сайынғы контингенті;
Nzb2 – бакалавриатта жылына бір білім алушыға жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі, мына формула бойынша айқындалады:
Nzb2 = Nzb1 + L1,
мұндағы:
L1 – Солтүстік Америка елдерінің шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен қос диплом бағдарламасы бойынша бір білім алушыға жылына 752,693 АЕК есебінен шығыстар;
3) Vжқ3 – ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдары шеңберінде іске асырылатын, қос диплом алатын білім беру бағдарламалары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың жылдық көлемі, мына формула бойынша есептеледі:
Vжқ3 = Nzb3 * Контzb3,
мұндағы:
Контzb3 – бакалавриатта білім алушылардың жыл сайынғы контингенті;
Nzb3 – бакалавриатта жылына бір білім алушыға жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі, мына формула бойынша айқындалады:
Nzb3 = Nzb1 - S + L2,
мұндағы:
L2 – Еуропа елдерінің шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен қос диплом бағдарламасы бойынша бір білім алушыға жылына 698,845 АЕК есебінен шығыстар.
Шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына төлем барлық оқу кезеңі үшін (4 жыл) тең үлестермен шарт негізінде жүзеге асырылады.
L1 және L2 есебі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2022 жылғы 27 желтоқсанға белгіленген бағамы бойынша 1 АҚШ доллары үшін 461,1 теңге эквивалентінде ұлттық валютада жүргізілді.";
мынадай мазмұндағы 14 және 15 - тармақтармен толықтырылсын:
"14. Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша құрылған "Cardiff Univercity Kazakhstan" шетелдік оқу орны" ЖШС жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін және жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін есептеу мынадай формулалар бойынша жүргізіледі:
1) Vжқ – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың жылдық көлемі (бакалавриат) мына формула бойынша есептеледі:
Vжқ = Nb * Контb,
мұндағы:
Nb – бакалавриатта жылына бір білім алушыға жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі;
Контb – бакалавриатта білім алушылардың орташа жылдық контингенті;
Контb – мынадай формула бойынша есептеледі:
Контb = жыл басындағы білім алушылар саны + оқуға жаңадан қабылданатындардың 1/3 – күтілетін түлектер санының 1/2 – оқудан шығатындардың болжалды саны + оқуға келетін білім алушылардың болжалды саны;
2) Nb – бакалавриатта жылына бір білім алушыға қаржыландырудың жан басына шаққандағы нормативі мына формула бойынша есептеледі:
Nb = F + K + A + X + S + O + I,
мұндағы:
2.1) F – жылына бір білім алушыға есептегенде: ПОҚ-тың, ӘБП-ның, ОКП-ның жалпы жылдық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:
F = Тin поқ + Тpr.поқ + Тin әбп + Тpr.әбп + Q оқп ,
Тin поқ – шетелдік ПОҚ-тың жылдық еңбекақы төлеу қоры жылына бір білім алушыға есептегенде мына формула бойынша есептеледі:
Тin поқ = 12 * Win поқ * snoin * mvin поқ,
мұндағы:
12 – айына нормативтік шығындарды есептеуден жылына нормативтік шығындарды есептеуге көшу үшін жылына айлар саны;
Win поқ – шетелдік ПОҚ-тың айына еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:
Win.поқ = ЛЖ in.поқ,
мұндағы:
ЛЖin – шетелдік оқытушының лауазымдық жалақысы мына формула бойынша айқындалады:
ЛЖin = 305,034 * БЛЖ,
305,034 – базалық лауазымдық жалақыға шетелдік ПОҚ-тың лауазымдық жалақысын есептеу коэффициенті (БЛЖ);
snoin – шетелдік ПОҚ-тың еңбекақы төлеу қоры үшін әлеуметтік салық коэффициенті – 1,11 құрайды;
mvin.поқ – бір шетелдік ПОҚ-қа келетін білім алушылардың орташа санының арақатынасының коэффициенті – 0,04175 құрайды;
Тpr.поқ – басқа ПОҚ-тың жылдық еңбекақы төлеу қоры жылына бір білім алушыға есептегенде мынадай формула бойынша есептеледі:
Тpr.поқ = 12 * Wpr.поқ * (snopr + gpo) * mvpr.поқ,
мұндағы:
Wpr поқ – басқа ПОҚ-тың айына еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:
Wpr.поқ = ЛЖpr.поқ,
ЛЖpr.поқ – басқа ПОҚ-тың лауазымдық жалақысы мына формула бойынша анықталады:
ЛЖpr.поқ = 99,5498 * БЛЖ,
мұндағы:
99,5498 – басқа ПОҚ-тың базалық лауазымдық жалақыға (БЛЖ) лауазымдық жалақысын есептеу коэффициенті;
snopr – әлеуметтік салық пен әлеуметтік аударымдардың, жұмыс берушінің міндетті медициналық сақтандыру қорына аударымдарының және міндетті зейнетақы жарналарының коэффициенті:
2025 жылға – 1,1248;
2026 жылға – 1,1348;
2027 жылға – 1,1448;
2028 және одан кейінгі жылдарға – 1,1498 құрайды.
gpo – қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру төлемдерінің көлемін анықтайтын коэффициент – 0,00029;
mvpr поқ – басқа бір ПОҚ-қа келетін білім алушылардың орташа санының арақатынасының коэффициенті бакалавриат үшін – 0,0179 құрайды;
Тin.әбп – жылына бір білім алушыға есептегенде шетелдік ӘБП-ның жылдық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:
Тin.әбп = 12 * Win.әбп * (snoin + gpo) * mvin.әбп,
мұндағы:
Win.әбп – шетелдік ӘБП-ның айына еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:
Win.әбп = ЛЖ in.әбп,
мұндағы:
ЛЖ in.әбп – шетелдік ӘБП-ның лауазымдық жалақысы мына формула бойынша айқындалады:
ЛЖ in.әбп = БЛЖ * fin.әбп,
мұндағы:
fin.әбп – жалпы ПОҚ-тың жалақысындағы шетелдік ӘБП жалақысының үлес салмағының коэффициенті – 294,708 құрайды;
Жалпы ПОҚ-тың жалақысындағы ӘБП, ОҚП-ның үлес салмағын есептеу үшін жалпы ПОҚ-тың лауазымдық жалақысын есептеу коэффициенті қолданылады, ол 243,371-ге тең;
mvin.әбп – ӘБП-ның бір шетелдік қызметкеріне келетін білім алушылардың орташа санының арақатынасының коэффициенті бакалавриат үшін – 0,001 құрайды;
Тpr.әбп – басқа ӘБП-ның жылдық еңбекақы төлеу қоры жылына бір білім алушыға есептегенде мына формула бойынша есептеледі:
Тpr.әбп = 12 * Wpr.әбп * (snopr + gpo) * mvpr. әбп,
мұндағы:
Wpr.әбп – айына басқа ӘБП-ның еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:
Wpr.әбп = ЛЖ pr. әбп,
мұндағы:
ЛЖ pr. әбп – басқа ӘБП-ның лауазымдық жалақысы мына формула бойынша айқындалады:
ЛЖ pr. әбп = БЛЖ * fpr. әбп,
мұндағы:
fpr.әбп – жалпы ПОҚ-тың жалақысындағы ӘБП жалақысының үлес салмағының коэффициенті – 79,675 құрайды;
mvpr.әбп – басқа ӘБП бір қызметкеріне келетін білім алушылардың орташа санының арақатынасының коэффициенті бакалавриат үшін – 0,005 құрайды;
Qоқп – жылына бір білім алушыға ОҚП-ның жылдық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:
Qоқп = 12 * Wоқп * (snopr + gpo) * mvоқп,
мұндағы:
Wоқп – айына ОҚП еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:
Wоқп = ЛЖ оқп,
мұндағы:
ЛЖ оқп - ОҚП-тың лауазымдық жалақысы мына формула бойынша айқындалады:
ЛЖ оқп = БЛЖ * с оқп,
мұндағы:
c оқп – жалпы ПОҚ жалақысындағы ОҚП жалақысының үлес салмағының коэффициенті – 33,904 құрайды;
mvоқп – ОҚП-ның бір қызметкеріне келетін білім алушылардың орташа санының арақатынасының коэффициенті бакалавриат үшін – 0,012 құрайды;
2.2) K – білім беру процесін ұйымдастыру және жүргізу мақсатында ПОҚ және ӘБП-ны іссапарға жіберуге байланысты шығыстар нормасы жылына бір білім алушыға есептегенде – 7,1441 АЕК-ті құрайды;
2.3) А – зертханалық жабдықтардың, оқу аспаптарының, стендтердің, материалдық емес активтердің амортизациясына арналған шығыстар нормасы – 51,2 АЕК-ті құрайды;
2.4) X – оқу-әдістемелік әдебиеттерді сатып алуға, жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын орындау шеңберінде білім алушылардың зертханалық, практикалық, теориялық және жеке сабақтарын ұйымдастыруға арналған оқу шығыстары жылына бір білім алушыға есептегенде – 17 АЕК-ті құрайды;
2.5) S – жылына бір білім алушыға есептегенде ағымдағы ұстауға арналған шығыстар нормасы – 42,79 АЕК-ті құрайды;
2.6) I – шетелдік профессорлық-оқытушылық персоналды тартуға байланысты шығыстар нормасы (жол жүру, тұру, визалық қолдау) – 37,88 АЕК-ті құрайды;
2.7) O – шетелде оқу шығыcтар нормасы – 435,05 АЕК-ті құрайды;
АЕК – 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша белгіленген айлық есептік көрсеткіш;
Ұлыбританияда оқуға байланысты шығыстарды есептеу 2025 жылғы 11 шілдеге белгіленген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы бойынша Біріккен Корольдіктің 1 фунт стерлингі үшін Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында 704,79 теңге баламасында жүргізілді;
3) Vk б. – кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру (бакалавриат) көлемі мына формула бойынша айқындалады:
Vk б = Cred * Ncred * Контб,
мұндағы:
Cred – бір білім алушыға жоспарланатын жылдық кредиттер саны;
Ncred – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттары бөлінісінде бір академиялық кредит құнының нормативі.
Бір жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында кадрларды даярлаудың бір бағытынан артық іске асыру кезінде оқытудың кредиттік технологиясын ескере отырып, жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі кадрларды даярлау бағыттары мен білім деңгейлері бойынша оқытудың кредиттік технологиясын ескере отырып, жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін жинақтау жолымен айқындалады;
3.1) Ncred – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттары бөлінісінде бір академиялық кредит құнының нормативі мына формула бойынша есептеледі:
Ncred = Nб /60,
мұндағы:
60 – МЖМББС сәйкес анықталған академиялық кредиттер санының есептік орташа жылдық көрсеткіші.
"15. Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша құрылған "Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының базасындағы Анхальт қолданбалы ғылымдар университеті филиалының жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативінің жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемінің есебі мынадай формулалар бойынша жүргізіледі:
1) Vжқ - жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың жылдық көлемі (бакалавриат) мына формула бойынша есептеледі:
Vжқ = ∑ (Nb * Контb),
мұндағы:
Nb – бакалавриатта жылына бір білім алушыға жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі;
Контb - бакалавриатта білім алушылардың орташа жылдық контингенті мына формула бойынша есептеледі:
Контb = жыл басындағы білім алушылардың саны + оқуға қабылдаудың 1/3 – білім алушылардың күтілетін бітіруінің 1/2 – білім алушылардың күтілетін оқудан шығарылуы + білім алушылардың күтілетін келуі.
2) Nb – бакалавриатта жылына бір білім алушыға қаржыландырудың жан басына шаққандағы нормативі мына формула бойынша есептеледі:
Nb = F + Х + Р + А,
мұндағы:
2.1) F – жылына бір білім алушыға есептегенде: ПОҚ-тың, ӘБП-ның, ОКП-ның жалпы жылдық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:
F = Тin поқ + Тpr поқ + Тin әбп + Тpr әбп + Qin окп + Qpr окп,
Тin поқ – жылына бір білім алушыға есептегенде шетелдік ПОҚ-қа жылдық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:
Тin поқ = 12 * Win поқ * sno in * mv in поқ,
мұндағы:
12 – айына нормативтік шығындарды есептеуден жылдық нормативтік шығындарды есептеуге көшу үшін бір жылдағы айлар саны;
Win поқ – шетелдік ПОҚ-қа айлық еңбекақы төлеу қоры мынадай формула бойынша есептеледі:
Win поқ = ЛЖ in поқ,
мұндағы:
ЛЖin поқ – шетелдік оқытушының лауазымдық жалақысы мына формула бойынша айқындалады:
ЛЖin поқ = 228,8952 * БЛЖ,
мұндағы:
228,8952 – базалық лауазымдық жалақыға (БЛЖ) шетелдік ПОҚ-тың лауазымдық жалақысын есептеу коэффициенті;
snoin – шетелдік ПОҚ-қа еңбекақы төлеу қоры үшін әлеуметтік салық коэффициенті – 1,11 құрайды;
mvin поқ – бір шетелдік ПОҚ-ға келетін білім алушылардың орташа санына қатынасының коэффициенті – 0,016042 құрайды;
Тpr поқ – жылына бір білім алушыға есептегенде басқа ПОҚ-қа жылдық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:
Т pr.поқ = 12 * Wpr.поқ * (snopr + gpo) * mv pr.поқ,
мұндағы:
Wpr.поқ - басқа ПОҚ-қа айлық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:
W pr.поқ = ЛЖ pr.поқ,
ЛЖpr.поқ – басқа ПОҚ-тың лауазымдық жалақысы мына формула бойынша есептеледі:
ЛЖ pr.поқ = 67,1296 * БЛЖ,
мұндағы:
67,1296 – базалық лауазымдық жалақыға (БЛЖ) басқа ПОҚ-тың лауазымдық жалақысын есептеу коэффициенті;
snopr – әлеуметтік салық пен әлеуметтік аударымдардың, жұмыс берушінің міндетті медициналық сақтандыру қорына аударымдарының және басқа ПОҚ, ОКП, ӘБП-ға еңбекақы төлеу қоры үшін міндетті зейнетақы жарналарының коэффициенті:
2025 жылға – 1,1374;
2026 жылға – 1,1474;
2027 жылға – 1,1574;
2028 және одан кейінгі жылдарға – 1,1624 құрайды;
gpo – қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру төлемдерінің көлемін айқындайтын коэффициент – 0,001508 құрайды;
mvpr – бір басқа ПОҚ-қа келетін білім алушылардың орташа санына қатынасының коэффициенті – 0,047083 құрайды;
Тin әбп – жылына бір білім алушыға есептегенде шетелдік ӘБП жылдық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:
Тin әбп = 12 * Win әбп * snoin * mv in әбп,
мұндағы:
Win әбп – шетелдік ӘБП-ға айлық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:
Win әбп = БЛЖ * fin әбп,
мұндағы:
fin әбп – жалпы ПОҚ-тың жалақысындағы шетелдік ӘБП жалақысының үлес салмағының коэффициенті – 367,9721 құрайды;
Жалпы ПОҚ-тың жалақысында ӘБП, ОКП жалақысының үлес салмағын есептеу үшін жалпы ПОҚ-тың лауазымдық жалақысын есептеу коэффициенті қолданылады 108,2383;
mvin әбп – шетелдік ӘБП-ның бір қызметкеріне келетін білім алушылардың орташа саны қатынасының коэффициенті – 0,003125 құрайды;
Тpr.әбп – жылына бір білім алушыға есептегенде басқа ӘБП-тың жылдық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:
Тpr. әбп = 12 * Wpr.әбп * (snopr + gpo)* mv pr.әбп,
мұндағы:
Wpr.әбп – басқа ӘБП-тың айлық еңбекақы төлеу қоры мынадай формула бойынша есептеледі:
Wpr.әбп = БЛЖ * fpr.әбп,
мұндағы:
f pr.әбп – жалпы ПОҚ-тың жалақысындағы басқа ӘБП жалақысының үлес салмағының коэффициенті – 59,8178 құрайды;
mvpr.әбп – басқа ӘБП-ның бір қызметкеріне келетін білім алушылардың орташа санына қатынасының коэффициенті – 0,004167 құрайды;
Qin окп - жылына бір білім алушыға есептегенде шетелдік ОКП жылдық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:
Qin окп = 12 * Win окп * snoin * mv in окп,
мұндағы:
W in окп – шетелдік ОКП айлық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:
Win окп = БЛЖ * сin окп,
мұндағы:
сin окп – жалпы ПОҚ жалақысындағы шетелдік ОКП жалақысының үлес салмағының коэффициенті – 171,136;
mvin окп – шетелдік ОКП бір қызметкеріне келетін білім алушылардың орташа санына қатынасының коэффициенті – 0,002083 құрайды;
Qpr.окп - жылына бір білім алушыға есептегенде басқа ОКП жылдық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:
Qpr.окп = 12 * Wpr.окп * (snopr + gpo) * mvpr.окп,
мұндағы:
Wpr.окп – басқа ОКП-ның айлық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:
Wpr.окп = БЛЖ * сpr.окп,
мұндағы:
cpr.окп – жалпы ПОҚ жалақысындағы басқа ОКП жалақысының үлес салмағының коэффициенті – 32,2096;
mvpr.окп – басқа ОКП бір қызметкеріне келетін білім алушылардың орташа санына қатынасының коэффициенті – 0,00625 құрайды;
2.2) X – жылына бір білім алушыға есептегенде жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын орындау шеңберінде оқу-әдістемелік әдебиетті сатып алуға, зертханалық, практикалық, теориялық және жеке сабақтарды ұйымдастыруға арналған оқу шығыстары – 19 АЕК-ті құрайды;
2.3) Р – виза алуға және шетелдік персоналдың медициналық сақтандыруына ақы төлеуге байланысты өзге де шығыстар – 1,4072 АЕК-ті құрайды;
2.4) А – жылына 64 АЕК есебінен бір білім алушыға амортизациялану / зертханалық жабдықтарды, құралдарды, оқу стендтерді, оқу бағдарламалық қамтылымды сатып алу нормасы;
Германия Федеративтік Республикасының білім беру бағдарламаларын енгізуге байланысты шығыстарды есептеу Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2025 жылғы 28 қаңтарға белгіленген бағамы бойынша 1 еуроға 542,87 теңге баламасында Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүргізілді.
АЕК – 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша белгіленген айлық есептік көрсеткіш;
3) Кредиттік оқыту технологиясын (Vk) ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі мына формула бойынша айқындалады:
Vk = ∑ (Cred * Ncred * Конт),
мұндағы:
Cred – бір білім алушыға жоспарланатын жылдық кредиттер саны;
Ncred – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттары бөлінісінде бір академиялық кредит құнының нормативі.
Бір жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында кадрларды даярлаудың бір бағытынан артық іске асыру кезінде оқытудың кредиттік технологиясын ескере отырып, жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі кадрларды даярлау бағыттары мен білім деңгейлері бойынша оқытудың кредиттік технологиясын ескере отырып, жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін жинақтау жолымен айқындалады;
3.1) Ncred – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттары бөлінісінде бір академиялық кредит құнының нормативі мына формула бойынша есептеледі:
Ncred = N / 60,
мұндағы:
60 – МЖМББС сәйкес айқындалған академиялық кредиттер санының есептік орташа жылдық көрсеткіші.".
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
|
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушы |
Г. Кобенова |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі