"Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 187 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 21 қарашадағы № 501 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 25 қарашада № 37461 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 187 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36186 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларында:

      8-тармақ алып тасталсын;

      10, 11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайды немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды бөлуді Отбасы банкі осы қағидалардың талаптарын ескере отырып жүзеге асырады.

      Мемлекеттік бюджет есебінен салынған және (немесе) сатып алынған коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайды немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжай Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған нысаналы мақсатына сәйкес үйлестіріледі.

      11. Тұрғынжайға мұқтаждардың есебінде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар ЭЦҚ арқылы Отбасы банкінің интернет-ресурсындағы жеке кабинетінен осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан бөлінетін тұрғынжайды немесе жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжайды алуға келісу туралы өтінішке қол қояды.

      Бес жұмыс күні ішінде келісім болмаған жағдайда коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайды немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжай осы Қағидалардың талаптарына сәйкес бірыңғай республикалық электрондық базада, "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға бөлінеді.

      12. Коммуналдық тұрғын үй қорынан бөлінетін тұрғынжайдан немесе жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжайдан бас тартылған жағдайда, мұқтаждардың есебінде ЭЦҚ арқылы тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар Отбасы банкінің интернет-ресурсындағы жеке кабинетінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бес жұмыс күн ішінде бас тарту туралы өтінішке қол қояды.";

      мынадай мазмұндағы 12-1, 12-2, 12-3, 12-4, 12-5 және 12-6-тармақтармен толықтырылсын:

      "12-1. Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар коммуналдық тұрғын үй қорынан бөлінетін тұрғын жайды немесе жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын жайды алуға келісім беру туралы өтінішке қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде www.orken.otbasybank.kz мекенжайы бойынша "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасының (бұдан әрі - Электрондық база) жеке кабинетінде тұрғын үй беру туралы шешім негізінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жергілікті атқарушы органмен коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын жайды немесе жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын жайды жалдау шартын (бұдан әрі - Жалдау шарты) жасасады.

      12-2. Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар Жалдау шартына қол қойғаннан кейін отбасының кәмелетке толған мүшелері (бар болса) Жалдау шартына Электрондық базада электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) арқылы 2 (екі) жұмыс күні ішінде қол қояды.

      12-3. Жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар және олардың кәмелетке толған отбасы мүшелері (бар болса) Жалдау шартына қол қойғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде Жалдау шартында қамтылған толтырылған деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексереді және ЭЦҚ арқылы оған қол қояды не оған қол қоюдан бас тартады.

      Жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға Жалдау шартында дәйексіз деректер толтырылған жағдайда бас тартады.

      12-4. Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар Жалдау шартына өзгеріс енгізу үшін Электрондық базаның жеке кабинетінде Жалдау шартына өзгеріс енгізу негізін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 3-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Жалдау шартын өзгертуге өтініш береді.

      12-5. Қазақстан Республикасы азаматтарының, кандастарының кәмелетке толған отбасы мүшелері (бар болса) ЭЦҚ арқылы Электрондық базада Заңның 92-бабына сәйкес 2 (екі) жұмыс күні ішінде Жалдау шартын өзгертуге өтінішті келіседі.

      12-6. Жергілікті атқарушы орган Жалдау шартын өзгертуге өтініш келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Жалдау шартына өзгеріс енгізу мақсатын растайтын ұсынылған құжаттарды қарайды.

      Жалдау шартын өзгертуге өтінішті және Жалдау шартына өзгеріс енгізу негізін растайтын құжаттарды қарау қорытындылары бойынша жергілікті атқарушы орган мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) Қазақстан Республикасы азаматының, қандастың жеке кабинетіне Жалдау шартына қол қойылған қосымша келісімді жолдайды;

      2) дәлелді бас тарту шығарады.

      Жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар дұрыс емес деректерді толтырған не Жалдау шартына өзгеріс енгізу негізін растайтын құжаттар болмаған жағдайда, Жалдау шартына қосымша келісім жасасудан бас тартады.";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 3-1-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Е. Нагаспаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты

      әлеуметтік қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің 2025 жылғы
21 қарашадағы № 501
бұйрығына қосымша
Тұрғын үй жағдайларын
жақсартуға бағытталған
мемлекеттік қолдау шараларын
іске асыру қағидаларына
3-1-қосымша
Азаматтан (азаматшадан)
_________________________
  (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),
  _________________________
  жеке сәйкестендіру нөмірі

Өтініш

      Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайды немесе жеке тұрғын үй қорынан

      жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды Жалдау шартын өзгертуге өтініш

      Мен, ________________________________________________________;

      (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса)

      __________________________________________________________ байланысты

      (Жалдау шартына өзгеріс енгізу себебі көрсетіледі)

      20__ жылғы "____" ___________ № _________ коммуналдық тұрғын үй қорынан

      тұрғын жайды немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған

      тұрғынжайды жалдау шартына (бұдан әрі - Жалдау шарты) өзгерістер енгізу

      мүмкіндігін қарастыруды сұраймын;

      Қосымшалар: 1. ____________________; 2. ___________________.

      (Келісімді отбасының барлық кәмелетке толған мүшелері білдіреді)

      Мен, __________________________________________________________,

      (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса)

      20__ жылғы "__" _____ № _____ Жалдау шартына өзгерістер енгізуге келісемін.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      "__" __________ 20 __ жыл.