ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 55-бабының 2-тармағы 17) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, жетінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші абзацтарына, 18), 21) және 24) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 6-1, 6-2-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес банктік шоттардың бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдығы туралы мәліметтер нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес банктік шоттардың бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, банктік шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтер нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну міндеті туындаған жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтер нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органына тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыратын салық төлеушілерде банктік шоттардың бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімдері;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жеке тұлғаның банктік шоттарында жүргізілетін операцияларды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызу өлшемшарттары;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларды жүргізу анықталған кезеңде банктік шотына өзге жеке тұлғалардан түскен ақшаның жиынтық сомасы жөніндегі мәліметтер нысаны;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларды жүргізу анықталған банктік шотына өзге жеке тұлғалардан түскен ақшаның жиынтық сомасы жөніндегі мәліметтерді ұсыну қағидалары және тізбесі бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрі | М. Такиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банк
| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 12 қарашадағы № 698 бұйрыққа 1-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан |
Банктік шоттардың бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдығы туралы мәліметтер
20____ жылғы "___" ____бастап 20____ жылғы "___" _____ дейінгі кезең үшін
Ұсынылады: мемлекеттік кірістер органдарына.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан kgd.gov.kz. интернет–ресурста орналастырылған.
Әкімшілік нысанның атауы: Банктік шоттардың бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдығы туралы мәліметтер.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): БШБЖНАҚ – 1.
Кезеңділігі: жыл сайын.
Есепті кезең: Салық кодексінде және осы бұйрықта белгіленген есепті кезең үшін;
_____ жыл үшін.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: банк ұйымдары.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды тапсыру мерзімі: мемлекеттік кірістер органының сұрау салуын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде.
БСН
![]()
(банк ұйымдары БСН көрсетіледі)
Жинау әдісі: электрондық түрде және (немесе) қағаз жеткізгіште.
№ | Салық төлеуші | Банк шоттары ашылған банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, оның құрылымдық бөлімшелерінің деректемелері | Банк шотының валютасы | Банк шотының нөмірі | Кезеңнің басындағы банк шотындағы ақша қалдығы | Кезеңнің соңындағы банк шотындағы ақша қалдығы | ||||
ЖСН/БСН | Т.А.Ә./ атауы | БСН | БСК | Атауы | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | |
Атауы ______________________ |
Мекенжайы_______________________ | |||||||||
Телефоны _________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ______________________________________
Орындаушы _______________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта
көрсетілсе), қолы, телефоны
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта
көрсетілсе) қолы
Мөр орны ________________________________________________________
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
БСК – банктік сәйкестендіру коды;
Т.А.Ә. – тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе).
"Банктік шоттардың бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдығы туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.
| "Банктік шоттардың бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдығы туралы мәліметтер" нысанына қосымша |
"Банктік шоттардың бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдығы туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме (БШБЖНАҚ – 1, ай сайын, жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-і күнінен кешіктірмей) (бұдан әрі – нысан)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Нысан банктік шоттардың бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдығы туралы мәліметтерді жинауға арналған және Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 55-бабының 2-тармағы 17) тармақшасының он алтыншы абзацына және "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 6-2-тармағына сәйкес әзірленді..
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.
3. Нысанның "ЖСН/БСН" деген 2-бағанында салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН/БСН) көрсетіледі.
4. Нысанның 3-бағанында салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)/атауы көрсетіледі.
5. Нысанның 4-бағанында банк шоттары ашылған банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, олардың құрылымдық бөлімшелерінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
6. Нысанның 5-бағанында банк шоттары ашылған банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, олардың құрылымдық бөлімшелерінің банктік сәйкестендіру коды (бұдан әрі - БСК) көрсетіледі.
7. Нысанның 6-бағанында банк шоттары ашылған банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, олардың құрылымдық бөлімшелерінің атауы көрсетіледі.
8. Нысанның 7-бағанында "Валюталар мен ақшалай қаражаттарды ұсыну кодтары" ҚР НҚ 07 ISO 4217 ұлттық жіктеуішіне сәйкес банк шоты валютасының түрі көрсетіледі.
9. Нысанның 8-бағанында салық төлеушінің банк шотының нөмірі көрсетіледі.
10. Нысанның 9-бағанында кезеңнің басындағы банк шотындағы ақша қалдығы көрсетіледі.
11. Нысанның 10-бағанында кезеңнің соңындағы банк шотындағы ақша қалдығы көрсетіледі.
| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 12 қарашадағы № 698 бұйрыққа 2-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан |
Банктік шоттардың бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, банктік шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтер
20____ жылғы "___" ____бастап 20____ жылғы "___" _____ дейінгі кезең үшін
Ұсынылады: мемлекеттік кірістер органдарына.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан kgd.gov.kz. интернет–ресурста орналастырылған.
Әкімшілік нысанның атауы: Банктік шоттардың бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, банктік шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтер.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): БШБАҚ – 2.
Кезеңділігі: ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын.
Есепті кезең: Салық кодексінде және осы бұйрықта белгіленген есепті кезең үшін;
_____ай____жылға;
_____тоқсан____жыл үшін;
_____ жыл үшін.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: банк ұйымдары.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды тапсыру мерзімі: мемлекеттік кірістер органының сұрау салуын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде.
БСН
![]()
(банк ұйымдарының БСН көрсетіледі)
Жинау әдісі: электрондық түрде және (немесе) қағаз жеткізгіште.
№ | Салық төлеуші | Банктік шоттар ашылған банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, оның құрылымдық бөлімшелерінің деректемелері | Банктік шоттың валютасы | Банктік шоттың нөмірі | Кезеңнің басында банктік шоттағы ақша қалдығы |
|
| Банктік шоттан шығыстар бойынша айналымның жалпы сомасы | |||
ЖСН/БСН | Т.А.Ә./ атауы | БСН | БСК | Атауы | |||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
кестенің жалғасы
Салық төлеушінің банк шоттарындағы ақшаның қозғалысы | |||||||
банк шотына ақшаның түсуі | |||||||
күні | төлем сомасы | ақшаны жөнелтушi | Ақшаны жіберетің банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, оның құрылымдық бөлімшелерінің деректемелері | төлемнің мақсаты | |||
ЖСН/ БСН/ төлемді сәйкестендіргіш код | Атауы / төлем картасының жеке сәйкестендіргіші | БСН | БСК | Атауы | |||
13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
кестенің жалғасы
Салық төлеушінің банк шоттарындағы ақша қозғалысы | ||||||||
банк шотынан ақша аудару | ||||||||
күні | төлем сомасы | бенефициар | бенефициар банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының деректемелері | төлемнің мақсаты | ||||
ЖСН/БСН, төлемді сәйкестендіргіш код | Т.А.Ә./атауы/ төлем картасының жеке сәйкестендіргіші /төлем жүйесінің сәйкестендіргіші | БСН | БСК | атауы | ||||
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | |
Атауы ______________________ |
Мекенжайы_____________________ | |||||||
Телефоны _____________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы __________________________________
Орындаушы ___________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта
көрсетілсе), қолы, телефоны
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
______________________________________________________________
______________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта
көрсетілсе) қолы
Мөр орны ___________________________________________
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
БСК – банктік сәйкестендіру коды;
Т.А.Ә. – тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе).
"Банктік шоттардың бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, банктік шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.
| "Банктік шоттардың бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, банктік шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтер" нысанына қосымша |
"Банктік шоттардың бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, банктік шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме (БШБАҚ – 2, ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын) (бұдан әрі – нысан)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Нысан Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 55-бабының 2-тармағы 17) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, жетінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші абзацтарына, 21) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 50-бабы 6-1-тармағына, 6-2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және:
1) салық салуға байланысты мәселелер бойынша тексерілетін заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің;
2) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 417-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну міндеті туындаған жеке тұлғаның;
3) салық салуға байланысты мәселелер бойынша тексерілетін жеке тұлғаның, оның ішінде дара кәсіпкердің немесе жеке практикамен айналысатын адамның;
4) тарату (қызметін тоқтату) сатысындағы дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның, заңды тұлғаның;
5) талап қоюдың ескіру мерзімінен аспайтын уақыт кезеңі үшін қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтатқан дара кәсіпкердің;
6) әрекет етпейтін салық төлеушілер тізіліміне енгізілген дара кәсіпкердің және заңды тұлғаның;
7) Қазақстан Республикасының заңында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихатының депутаттығына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидат ретінде тіркелген адамның және оның жұбайының (зайыбының);
8) мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оған теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидат болып табылатын адамның және оның жұбайының (зайыбының);
9) өз өкілеттіктерін орындау кезеңінде мемлекеттік қызметті атқаратын адамның және осы кезеңдегі оның жұбайының (зайыбының);
10) жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның;
11) қызметі құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыру және өткізу болып табылатын заңды тұлғаның;
12) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 417-бабы 1-тармағының 8), 9) тармақшасында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны, кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну міндеті туындаған адамдардың;
13) тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыратын салық төлеушілердің банктік шоттарындағы ақша қозғалысы туралы мәліметтерді жинауға арналған.
2. Нысанды банк ұйымдары тексерілетін тұлғаға қатысты салықтық тексеру және Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 417-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну міндеті туындаған жеке тұлғаның жағдайында мемлекеттік кірістер органының сұрау салуы негізінде толтырады. Қалған жағдайларда банк ұйымдары ақша қозғалысы туралы мәліметтерді жиынтық сомаларда (айналымдарда) ұсынады.
Егер банк ұйымдары ақша қозғалысы туралы мәліметті жалпы сомаларда (айналымдарда) ұсынса, 2-қосымшаның 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27 және 28-бағандарын толтыру талап етілмейді.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
3. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.
4. Нысанның "ЖСН/БСН" деген 2-бағанында салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН/БСН) көрсетіледі.
5. Нысанның 3-бағанында салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)/атауы көрсетіледі.
6. Нысанның 4-бағанында банктік шоттар ашылған банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, олардың құрылымдық бөлімшелерінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
7. Нысанның 5-бағанында банктік шоттар ашылған банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, олардың құрылымдық бөлімшелерінің банктік сәйкестендіру коды (бұдан әрі - БСК) көрсетіледі.
8. Нысанның 6-бағанында банктік шоттар ашылған банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, олардың құрылымдық бөлімшелерінің атауы көрсетіледі.
9. Нысанның 7-бағанында "Валюталар мен ақшалай қаражаттарды ұсыну кодтары" ҚР НҚ 07 ISO 4217 ұлттық жіктеуішіне сәйкес банктік шот валютасының түрі көрсетіледі.
10. Нысанның 8-бағанында салық төлеушінің банктік шотының нөмірі көрсетіледі.
11. Нысанның 9-бағанында кезеңнің басында банктік шоттағы ақша қалдығы көрсетіледі.
12. Нысанның 10-бағанында кезеңнің соңында банктік шоттағы ақша қалдығы көрсетіледі.
13. Нысанның 11-бағанында кезең ішінде банктік шотқа түскен түсімдер бойынша айналымның жалпы сомасы көрсетіледі.
14. Нысанның 12-бағанында кезең ішінде банктік шоттан шығыстар бойынша айналымның жалпы сомасы көрсетіледі.
Банк ұйымдары ақша қозғалысы туралы мәліметті жалпы сомаларда (айналымдарда) ұсынса, 2-қосымшаның 13-28-бағандарын толтыру талап етілмейді.
15. Нысанның 13-бағанында банктік шотқа ақша түскен күн көрсетіледі.
16. Нысанның 14-бағанында банктік шотқа түскен төлем сомасы немесе жалпы сома (есепті кезеңдегі айналым) көрсетіледі.
17. Нысанның 15-бағанында ақша жөнелтушінің ЖСН/БСН көрсетіледі. Картаны пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асырған жағдайда тек авторландыру коды немесе төлем карточкалары жүйесіндегі төлемді сәйкестендіретін басқа код көрсетіледі.
18. Нысанның 16-бағанында ақша жөнелтушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)/атауы көрсетіледі. Картаны пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асырған жағдайда төлем карточкалары жүйелерінің талаптарына сәйкес төлем карточкасының толық емес нөмірі көрсетіледі.
19. Нысанның 17-бағанында ақша жөнелтуші банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының БСН көрсетіледі.
20. Нысанның 18-бағанында ақша жөнелтуші банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының БСК көрсетіледі.
21. Нысанның 19-бағанында ақша жөнелтуші банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының атауы көрсетіледі.
22. Нысанның 20-бағанында банктік шотқа түскен төлемнің мақсаты көрсетіледі.
23. Нысанның 21-бағанында ақша жөнелтуші-салық төлеушінің банктік шотынан ақша аударылған күн көрсетіледі.
24. Нысанның 22-бағанында ақша жөнелтуші-салық төлеушінің банктік шотынан аударылған төлем сомасы немесе жалпы сома (есепті кезеңдегі айналым) көрсетіледі.
25. Нысанның 23-бағанында бенефициардың ЖСН/БСН көрсетіледі. Картаны пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асырған жағдайда тек авторландыру коды немесе төлем карточкалары жүйесіндегі төлемді сәйкестендіретін басқа код көрсетіледі.
26. Нысанның 24-бағанында бенефициардың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)/атауы көрсетіледі. Картаны пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асырған жағдайда төлем карточкалары жүйелерінің талаптарына сәйкес төлем карточкасының толық емес нөмірі көрсетіледі.
27. Нысанның 25-бағанында банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, бенефициардың БСН көрсетіледі.
28. Нысанның 26-бағанында банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, бенефициардың БСК көрсетіледі.
29. Нысанның 27-бағанында банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, бенефициардың атауы көрсетіледі.
30. Нысанның 28-бағанында ақша жөнелтушінің банктік шотынан аударылған төлемнің мақсаты көрсетіледі.
| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 12 қарашадағы № 698 бұйрыққа 3-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан |
Сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну міндеті туындаған жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтер
20____ жылғы "___" ________ бастап 20____ жылғы "___" ________ дейінгі кезең үшін
Ұсынылады: мемлекеттік кірістер органдарына.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан kgd.gov.kz. интернет–ресурста орналастырылған.
Әкімшілік нысанның атауы: Сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну міндеті туындаған жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтер.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): ЖТБКМ – 2.
Кезеңділігі: ай сайын, жыл сайын.
Есепті кезең: Салық кодексінде және осы бұйрықта белгіленген есепті кезең үшін;
____ай____жылға;
_____ жыл үшін..
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: банк ұйымдары.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды тапсыру мерзімі: мемлекеттік кірістер органының сұрау салуын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде.
БИН
![]()
(банк ұйымдары толтырады)
Жинау әдісі: электрондық түрде және (немесе) қағаз жеткізгіште.
№ | Жеке тұлға бойынша мәліметтер | Кредит берілген банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, олардың құрылымдық бөлімшелерінің деректемелері | Кредитті беру күні | |||
ЖСН | тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) | БСН | БИК | атауы | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
кестенің жалғасы
Кредит беру туралы шарттың нөмірі мен күні | Банк шотының нөмірі | Банк шотының валютасы | Берілген кредит сомасы | Шарт бойынша белгіленген лимит сомасы | Кезеңнің басындағы кредит сомасының қалдығы |
8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
кестенің жалғасы
Төленген негізгі борыштың сомасы | Төленген сыйақы сомасы | Төленген өсімпұл сомасы | Кредит сомасының қалдығы | Кредит түрі | |||
негізгі қарыз | сыйақы | өсімақы | |||||
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | |
Атауы ______________________ |
Мекенжайы_______________________ | ||||||
Телефоны ______________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________
Орындаушы ____________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта
көрсетілсе), қолы, телефоны
Басшы немесе оның міндетін атқаратын адам
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта
көрсетілсе) қолы
Мөр орны ___________________________________________
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
БСК – банктік сәйкестендіру коды.
"Сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну міндеті туындаған жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.
"Сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну міндеті туындаған жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме (ЖТБКМ – 2, ай сайын, жыл сайын)
1. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.
2. Нысанның 2-бағанында жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
3. Нысанның 3-бағанында жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) көрсетіледі.
4. Нысанның 4-бағанында кредит берілген банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, олардың құрылымдық бөлімшелерінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
5. Нысанның 5-бағанында кредит берілген банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, олардың құрылымдық бөлімшелерінің банктік сәйкестендіру коды көрсетіледі.
6. Нысанның 6-бағанында кредит берілген банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, олардың құрылымдық бөлімшелерінің атауы көрсетіледі.
7. Нысанның 7-бағанында кредитті беру күні көрсетіледі.
8. Нысанның 8-бағанында кредит беру туралы шарттың нөмірі мен күні көрсетіледі. Мәліметтер шарттар бөлінісінде жеке ұсынылады.
9. Нысанның 9-бағанында жеке тұлғаның банк шотының нөмірі көрсетіледі.
10. Нысанның 10-бағанында "Валюталар мен ақшалай қаражаттарды ұсыну кодтары" ҚР НҚ 07 ISO 4217 ұлттық жіктеуішіне сәйкес жеке тұлғаның банк шоты валютасының түрі көрсетіледі.
11. Нысанның 11-бағанында жеке тұлғаға берілген кредит сомасы көрсетіледі.
12. Нысанның 12-бағанында шарт бойынша белгіленген лимит сомасы көрсетіледі.
13. Нысанның 13-бағанында кезең басындағы кредит сомасының қалдығы көрсетіледі.
14. Нысанның 14-бағанында сұрау салынатын кезеңнің соңында төленген негізгі борыш сомасы көрсетіледі.
15. Нысанның 15-бағанында сұратылған кезеңнің соңында төленген сыйақы сомасы көрсетіледі.
16. Нысанның 16-бағанында сұрау салынатын кезеңнің соңына төленген өсімпұл сомасы көрсетіледі.
17. Нысанның 17-бағанында кредиттің негізгі борышы сомасының қалдығы көрсетіледі.
18. Нысанның 18-бағанында кредиттің сыйақы сомасының қалдығы көрсетіледі.
19. Нысанның 19-бағанында кредиттің өсімпұл сомасының қалдығы көрсетіледі.
20. Нысанның 20-бағанында кредиттің түрі көрсетіледі.
| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 12 қарашадағы № 698 бұйрыққа 4-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан |
Мемлекеттік кірістер органына тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыратын салық төлеушілерде банктік шоттардың бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімдері
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік кірістер органына тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыратын салық төлеушілерде банктік шоттардың бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі - Салық кодексі) 55-бабы 2-тармағының 21) тармақшасына сәйкес әзірленген және осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банк ұйымдарының мемлекеттік кірістер органына тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыратын салық төлеушілерде банктік шоттардың бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді (бұдан әрі - Мәліметтер) ұсыну тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) Банк ұйымдары – Қазақстан Республикасында құрылған екінші деңгейлі банк, Қазақстанның Даму Банкі және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым.
2-тарау. Мемлекеттік кіріс органына Қағидалар ұсыну тәртібі мен мерзімдері
3. Мемлекеттік кірістер органы есепті жылдан кейінгі 25 қаңтарға дейінгі мерзімде өзінің интернет-ресурсында (www.kgd.gov.kz) "Қызмет", "Электрондық сауда", "Салық төлеушілердің тізімі" бөлімінде электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілер ретінде тіркелген электрондық сауда субъектілерін қосу арқылы, бизнес сәйкестендіру нөмірін, жеке сәйкестендіру нөмірін, атауын ұйымдастыру-құқықтық нысанын көрсете отырып, тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қоюды жүзеге асырған салық төлеушілер тізімін (бұдан әрі – Тізім), сондай-ақ электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілер ретінде тіркеу есебінен шығарылған салық төлеушілер туралы ақпаратты орналастырады.
4. Банк ұйымдары мемлекеттік кірістер органдарына Тізімде көрсетілген тұлғаларға қатысты Мәліметтерді егер осы Қағидалардың 5-тармағында өзгеше көзделмесе, есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей ұсынады.
Мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына табыс етудің есепті кезеңі күнтізбелік жыл болып табылады.
Көрсетуге жататын деректер болмаған жағдайда Мәліметтер нөлдік мәндермен ұсынылады.
5. Мәліметтер мемлекеттік кірістер органдарына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің "Smart Data Finance" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – "SDF" АЖ) техникалық ақаулар (қателер) болған жағдайларды қоспағанда, "SDF" АЖ арқылы ұсынылады.
"SDF" АЖ-да техникалық ақаулар (қателер) болған жағдайда, Мәліметтер мемлекеттік кірістер органдарына ілеспе хатпен CD дискіде ұсынылады.
Техникалық ақаулар (қателер) болған жағдайда Мәліметтерді ұсыну мерзімі 5 (бес) жүмыс күніне ұзартылады.
"SDF" АЖ-да техникалық іркілістердің (қателердің) болуы туралы ақпарат техникалық іркілістер (қателер) туындаған күні техникалық іркілістердің (қателердің) болуы туралы Комитеттің сайтында баспасөз релизін жариялау жолымен расталады.
6. Мәліметтер қазақ және (немесе) орыс тілдерінде ұсынылады және оларға банк ұйымының басшысы не оны алмастыратын адам қол қояды.
| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 12 қарашадағы № 698 бұйрыққа 5-қосымша |
Жеке тұлғаның банктік шоттарында жүргізілетін операцияларды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызу өлшемшарттары
1. Осы Жеке тұлғаның банктік шоттарында жүргізілетін операцияларды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызу өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 55-бабы 2-тармағының 24) тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. Өлшемшарттарға 1 (бір) жеке тұлғаның қатарынан күнтізбелік әрбір 3 (үш) ай ішінде 100 (жүз) және одан да көп әр түрлі тұлғалардан жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналмаған банктік шотына (шоттарына) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналмаған жиынтық кезеңдегі жиынтық сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қолданыстағы ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен асатын ақша алуы жатады.
| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 12 қарашадағы № 698 бұйрыққа 6-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан |
Жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларды жүргізу анықталған кезеңде банктік шотына өзге жеке тұлғалардан түскен ақшаның жиынтық сомасы жөніндегі мәліметтер
20____ жылғы "___" ________ бастап 20____ жылғы "___" ________ дейінгі кезең үшін
Ұсынылады: мемлекеттік кірістер органдарына.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан kgd.gov.kz. интернет–ресурста орналастырылған.
Әкімшілік нысанның атауы: Жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларды жүргізу анықталған кезеңде банктік шотына өзге жеке тұлғалардан түскен ақшаның жиынтық сомасы жөніндегі мәліметтер.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): ЖТБШТЖСМ – 6.
Кезеңділігі: есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-і күнінен кешіктірмей.
Есепті кезең:
_____тоқсан____жыл үшін.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: банк ұйымдары.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды тапсыру мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-і күнінен кешіктірмей.
БИН
![]()
(банк ұйымдары БСН көрсетіледі)
Жинау әдісі: электронды түрде, қағаз жеткізгіште.
№ | Алушының ЖСН | Кезең ішінде түскен қорытынды сома (теңге) | |
1 | 2 | 3 | |
Атауы ______________________ |
Мекенжайы_______________________ | ||
Телефоны______________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы____________________________________
Орындаушы_____________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта
көрсетілсе), қолы, телефоны
Басшы немесе оның міндетін атқаратын адам
________________________________________________________________
________________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта
көрсетілсе) қолы
Мөр орны ___________________________________________
Ескертпе аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
"Жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларды жүргізу анықталған кезеңде банктік шотына өзге жеке тұлғалардан түскен ақшаның жиынтық сомасы жөніндегі мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.
"Жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларды жүргізу анықталған кезеңде банктік шотына өзге жеке тұлғалардан түскен ақшаның жиынтық сомасы жөніндегі мәліметтер" нысанын (бұдан әрі – нысан) толтыру бойынша түсіндірме (ЖТБШТЖСМ – 6)
1. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.
2. Нысанның 2-бағанында жеке тұлғаның банктік шотына (шоттарына) жеке тұлғаның банк шоттарында жүргізілетін операцияларды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызу өлшемшарттарына (бұдан әрі – Өлшемшарттар) сәйкес келетін операциялар жүргізілген жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
3. Нысанның 4-бағанында осы Бұйрыққа 4-қосымшада айқындалған Өлшемшарттарға сәйкес келетін кезең үшін түскен жиынтық сома көрсетіледі.
| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 12 қарашадағы № 698 бұйрыққа 7-қосымша |
Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларды жүргізу анықталған банктік шотына өзге жеке тұлғалардан түскен ақшаның жиынтық сомасы жөніндегі мәліметтерді ұсыну қағидалары және тізбесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Банк ұйымдарының жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларды жүргізу анықталған кезеңде банктік шотына өзге жеке тұлғалардан түскен ақшаның жиынтық сомасы жөніндегі мәліметтерді ұсыну қағидалары және тізбесі (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 55-бабының 24) тармақшасына сәйкес әзірленген және осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – банк ұйымдары) жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларды жүргізу анықталған кезеңде банктік шотына өзге жеке тұлғалардан түскен ақшаның жиынтық сомасы жөніндегі мәліметтерді (бұдан әрі – Мәліметтер) ұсыну тәртібін және тізбесін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғым пайдаланылады:
1) Банк ұйымдары – Қазақстан Республикасында құрылған екінші деңгейдегі банк, Қазақстанның Даму Банкі және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым.
2-тарау. Банк ұйымдарының Қағидалар ұсыну тәртібі
3. Мәліметтерді банк ұйымдары жеке тұлғаның банк шоттарында жүргізілген кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операциялар анықталған кезде тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-і күнінен кешіктірмей ұсынады.
4. Мәліметтер мемлекеттік кірістер органдарына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің "Smart Data Finance" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – "SDF" АЖ) техникалық ақаулар (қателер) болған жағдайларды қоспағанда, "SDF" АЖ арқылы ұсынылады.
"SDF" АЖ-да техникалық ақаулар (қателер) болған жағдайда, Мәліметтер мемлекеттік кірістер органдарына ілеспе хатпен CD дискіде ұсынылады.
5. Тізбе мынадай мәліметтерді:
1) ақша аударымдарын алушының жеке сәйкестендіру нөмірін;
2) осы Бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жеке тұлғаның банктік шоттарында жүргізілетін операцияларды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызу өлшемшарттарында айқындалған кезең ішінде келіп түскен жиынтық соманы қамтиды.
| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 12 қарашадағы № 698 бұйрығына 8-қосымша |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы, сондай-ақ сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет туындаған, жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтердің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 119 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16408 болып тіркелген).
2. ""Банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы, сондай-ақ сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет туындаған, жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтердің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 119 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 420 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22687 болып тіркелген).
3. "Жеке тұлғалардың банктік шоттарында жүргізілетін операцияларды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызу өлшемшарттарын, Екінші деңгейдегі банктердің және банк операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызылған жеке тұлғалардың банктік шоттарында жүргізілетін операциялар бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларын, нысаны мен мерзімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 29 наурыздағы № 323 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27305 болып тіркелген).
4. ""Банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы, сондай-ақ сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет туындаған, жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтердің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 119 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 30 қазандағы № 648 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37285 болып тіркелген).