"Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы Ереженің 15-тармағы 444) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. "Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 158 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10659 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдалану қағидалары
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Осы Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы Ереженің 15-тармағы 444) тармақшасына (бұдан әрі - Ереже) сәйкес әзірленді және елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдалану талаптарын айқындайды.
2. Осы Қағидаларда келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) су бұру – сарқынды суларды жинауды, тасымалдауды, тазартуды және су бұру жүйелері арқылы су объектілеріне, сарқынды су жинақтағыштарына немесе жер бедеріне бұруды қамтамасыз ететін іс-шаралар жиынтығы;
2) елді мекендердің су бұру жүйесі төмендегідей бөлінеді:
орталықтандырылған су бұру жүйесі – ілінді шөгінділерді қайта өңдеуді, қоса алғанда сарқынды суларды жинау, тазалау және тазаланған сарқынды суларды су объектілеріне, сарқынды су жинағыштарына төгуге арналған елді мекендердің инженерлік желілері мен құрылыстарының кешені;
орталықтандырылмаған су бұру жүйесі – елді мекендердің орталықтандырылған су бұру жүйесіне қосылмаған жалғыз су тұтынушының немесе тұтынушылар тобының су бұру жүйесі (қазылған шұңқырлар, септиктер, жергілікті тазарту құрылыстары).
3) сумен жабдықтау – су ресурстарын алуды, сақтауды, дайындауды, беруді және таратуды жүзеге асыратын іс-шаралардың жиынтығы;
4) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру ұйымы (бұдан әрі – жеткізуші) – оның теңгеріміндегі немесе өзге де заңды негіздердегі елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің технологиялық және техникалық пайдалануын жүзеге асыратын су шаруашылығы ұйымы;
5) елді мекендердің ауыз сумен жабдықтау жүйесі:
орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі – су тұтынушыларға ауыз су алу, дайындау, сақтау, тасымалдау, беру және таратуға арналған инженерлік желілер мен құрылыстар кешені;
орталықтандырылмаған сумен жабдықтау жүйесі – су құбырлары арқылы тасымалданбайтын ауыз суды алу, дайындау, сақтау және беруге арналған су тарту және су тазарту құрылыстары болып бөлінеді:
3. Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдалану сумен жабдықтау және (немесе) су бұру ұйымы арқылы жүзеге асырылады және қарау, техникалық зерттеу, технологиялық, техникалық бақылау жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шараларын, бекітілген техникалық пайдалану жоспары бойынша кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын жөндеудің барлық түрлерін, сондай-ақ апаттар мен ақауларды жою бойынша жоспардан тыс жөндеуді қамтиды.
Ұйым сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелерінің меншік иесі мен сумен жабдықтау және (немесе) су бұру ұйымы арасында жасалған шартқа сәйкес сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
4. Тиісті техникалық пайдалану кезінде ұйым барлық элементтердің үздіксіз және апатсыз жұмысын қамтамасыз етеді:
1) сумен жабдықтау жүйелері бойынша:
су тарту құрылыстарының, тазартқыш құрылыстардың, су құбырлары желілерінің, сыйымдылықтарды (резервуарлардың) реттейтін сорғы стансаларының, тегеурінді су мұнараларының, санитарлық қорғау аймағының;
2) су бұру жүйелері бойынша:
коллекторлардың мен су бұру желілерінің, сорғы стансаларының, тазартқыш құрылыстардың, сарқынды су жіберудің, сарқынды сулар жинақтағыштың (бар болған жағдайда) үздіксіз және апатсыз жұмысын қамтамасыз етеді.
5. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану осы Қағидаларға, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 340 бұйрығымен бекітілген елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36783 болып тіркелген), сондай-ақ Ереженің 15-тармағы 382) тармақшасына сәйкес тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органмен бекітілетін елді мекендердің су бұру жүйелеріне сарқынды суларды қабылдау қағидаларына сәйкес ұйыммен жүзеге асырылады.
2-бөлім. Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдалану тәртібі
6. Кедендік бақылау комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы мен кедендік аумағында мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын өнімдердің (тауарларды) бірыңғай тізбесінің (бұдан әрі - Бірыңғай тізбе) II бөлігіне сәйкес шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау жүйелерінде пайдалануға арналған материалдар, жабдықтар, құрылғылар және суды дайындаудың басқа да техникалық құралдары халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында мемлекеттік тіркеуге жатады.
7. Ұйымның аккредиттелген зертханалары немесе шарт жасалған өзге де аккредиттелген зертхана Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № ҚР ДСМ-138 бұйрығымен бекітілген шаруашылық-ауыз су және мәдени-тұрмыстық су пайдалану қауіпсіздігі көрсеткіштерінің гигиеналық нормативтеріне (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30713 болып тіркелген) (бұдан әрі - Гигиеналық нормативтер) және экологиялық заңнамға сәйкес ауыз су мен сарқынды судың сапасын бақылауды және алынған өнімді сынауды жүзеге асырады.
8. Ұйым сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерін ұсыну кезінде Гигиеналық нормативтер мен стандарттардың міндетті талаптарын, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 20 ақпан № 26 бұйрығымен бекітілген "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаттары үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық қағидаларын (бұдан әрі-Санитарлық қағидалары), осы көрсетілетін қызметтердің тұтынушылық қасиеттері параметрлерінің мәндері, олардың ауытқу шектері мен шарт талаптарының сақталуын жүзеге асырады.
Ауыз су мен сарқынды сулардың сапа стандарттарын сақтау инженерлік инфрақұрылымның (сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің негізгі объектілері мен элементтерінің қуаты, құрамы және тозуы) қанағаттанарлық жай-күйінде қамтамасыз етіледі.
9. Су жинау және су бұру қызметтерін көрсету кезінде ұйым технологиялық және пайдалану процесінің сындарлы нүктелерін (түйіндерін) анықтап, оларды бақылаудың параметрлері мен шарттарын белгілейді.
10. Барлық құжаттама қолданылу мерзімінің аяқталуына қарай қайта қаралады, жаңартылады, оның құрамына Санитариялық қағидаларға сәйкес келетін нақты бөлімшенің мақсаты мен қызмет саласын ескере отырып, Гигиеналық нормативке және экологиялық заңнамаға сәйкес ауыз су мен тазартылған сарқынды судың сапасын қамтамасыз етуге бағдарланған параметрлер енгізіледі.
11. Ұйымда су сапасының белгіленген Гигиеналық нормативтер мен Санитариялық қағидалар нормаларына сәйкестігін растауға арналған бақылау, өлшеу және сынау жабдықтарына, өлшеу құралдарына қызмет көрсету және басқару тұрақты жүзеге асырылады.
Қолданылатын өлшеу құралдары мен жабдықтар бақылау функцияларына сәйкес болуы тиіс.
Өлшеу қателігі белгіленген шектер шегінде (рұқсат етілген мәндер) рұқсат етіледі.
Сынақ, өлшеу жабдықтары және өлшеу құралдарын сатып алу сәйкестік сертификаттары болған және өлшеу құралдарының мемлекеттік тізілімінде тіркеуден өткен кезде жүргізіледі.
12. Тәулік өнімділігі тәулігіне 25 мың текше метрден астам сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінде сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымдар заманауи геоақпараттық технологияларды енгізу және гидравликалық модельдеу негізінде оларды басқаруға кезең-кезеңімен көшуді жүзеге асырады.
13. Ұйым ауыз судың және тазартылған ағынды сулардың сапасын қамтамасыз ету бойынша технологиялық циклдің барлық кезеңдерінде бақылауды гигиеналық нормативтер мен экологиялық заңнамаға сәйкес жүзеге асырады. Ауыз судың қажетті көлемдегі сапасын немесе су айдындарына төгілетін тазартылған ағынды сулардың сапасын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды қамтитын нұсқаулықтар әзірлейді, егер олардың сапасы белгіленген нормалар мен қағидаларға сәйкес келмеген жағдайда.
14. Ұйым кадрларды арнайы даярлауға қажеттілікті айқындайды. Әр түрлі деңгейдегі мамандарды даярлау мен қайта даярлау жоспарларын әзірлейді, сондай-ақ түрлі деңгей мен бейіндегі мамандарды, оның ішінде сертификаттау мәселелері бойынша оқыту бағдарламаларын әзірлейді.
15. Тиімді жұмысты қамтамасыз ету, ауыз су мен тазартылған сарқынды судың белгіленген сапа көрсеткіштеріне, тұтынушылық қасиеттеріне және қызмет көрсету режимдеріне қол жеткізу үшін ұйым 9001 сериялы 180 (International Standard for Organization) халықаралық сатндарты негізінде сапаны басқару жүйесін енгізуді жүзеге асырады.
16. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелері құрылыстарында пайдалану және жөндеу жұмыстарын орындайтын персоналдың өндірістік қызметі құрылымдық бөлімше туралы ережемен, лауазымдық нұсқаулықтармен, әдістемелік ұсынымдармен, нұсқаулармен, жоғарғы тұрған басқару органдарының бұйрықтарымен регламенттеледі. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жабдықтары мен құрылыстарына қызмет көрсету жөніндегі жұмысты тиісті құрылымдық бөлімшелер тәулік бойы жүзеге асырады. Құрылымдық бөлімшелерді қалыптастырудың негізі олардың жабдықтарға, құрыылстарға қызмет көрсету түрлері, жұмыс түрлері бойынша мамандануы және аумақтық аудандар (учаскелер) бойынша қызмет көрсетуді бөлу болып табылады.
17. Ұйымда:
1) техникалық, эксплуатациялық және атқарушылық құжаттамасы;
2) түгендеу және паспорттау материалдар;
3) нысандарды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтары;
4) ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықтарды, коммуникацияларды салуға (қайта құруға) арналған жұмыс сызбалары және атқару құжаттамсы;
5) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға (қайта құруға) бекітілген техникалық жобалардың барлық қосымшаларымен толық жиынтығы;
6) барлық құрылыстардың, негізгі коммуникациялардың, реттеу, автоматтандыру және диспетчерлеу құралдарының орналасуын көрсете отырып, тұтастай елді мекеннің немесе оның оқшауланған аудандарының сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жедел схемалары, 1:2000-1:5000 масштабта. Схемада планшеттердің нөмірлері көрсетілген тор жазылатын;
7) көлемі 50х50 см (1 км²) геодезиялық кіші негізде орындалған 1:2000 масштабтағы планшеттері бар.
Планшеттерде қолданыстағы барлық құрылыстар, жер асты коммуникациялары және олардағы құрылыстар жазылады. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің коммуникациялары салу кезінде, құбырлардың диаметрі, ұзындығы, материалы, құдықтардың (камералардың) жабдықтары, су тұтынушылардың қосылыстары көрсетіледі.
18. Тиімді жұмыс істеуді қамтамасыз ету үшін ұйым әкімшілігі:
1) техникалық оқыту, жұмыс орындарында нұсқама жүргізу, үздік тәжірибе алмасу, рационализаторлық ұсыныстар мен еңбекті ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстарды қоғамдық талдау есебінен падалану персоналының техникалық білімін арттыруды ұйымдастырады;
2) желілер мен құрылыстардың жұмысындағы бұзущылықтар мен апаттардың себептеріне талдау және талқылау жүргізеді және пайдалану персоналы мен жөндеу бригадаларының қатысуымен оларды болдырмау жөніндегі іс-шараларды қарайды;
3) пайдалану персоналы және жөндеу бригадаларымен анағұрлым тән апаттарды анықтау, оқшаулау және жою бойынша сабақтар мен апатқа қарсы жаттығулар өткізеді;
4) су пайдаланудың белгіленген лимиттерін сақтайды;
5) жұмысшылар мен инженерлік-техникалық персоналдың техникалық пайдалану жөніндегі нормативтік құжаттарды мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуін тексереді және оқытуды жүргізеді.
6) санитарлық-эпидемиологиялық, экологиялық, гигиеналық талаптарға сәйкес сумен жабдықтау және су бұру жүйелері мен құрылыстарын пайдалануды жүзеге асруы үшін жағдайлар жасайды.
19. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің құрылыстарында, желілерінде, жабдықтарында апаттар туындаған кезде сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым туындаған авариялар мен олардың зардаптарын дереу анықтау, оқшаулау және толық жою үшін шаралар қабылдайды.
20. Апаттық жағдайларда ұйым жергілікті атқарушы органдарды, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органы ведомствосының аумақтық бөлімшелерін дереу хабардар етеді.
21. Ұйым тұрғын үй қоры мен өзге де су тұтынушыларында суды ұтымды пайдалану жағдайларын жасау мақсатында тұтынушыларды ең төменгі еркін напор кезінде үздіксіз сумен қамтамасыз етеді. Су тұтынушылардың су пайдалану көлеміне жүйелі түрде мониторинг жүргізеді және ғимаратішілік сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланатын ұйымдардан су шығынын азайтуды және нақты су тұтынуды бекітілген су тұтыну нормалары деңгейінде ұстауды талап етеді.
22. Елді мекеннің сумен жабдықтау желілерінде ең көп шаруашылық-ауыз су тұтыну кезінде ғимаратқа жер бетінен кіретін ең аз еркін арын бір қабатты құрылыс кезінде кемінде 10 м, көп қабатты болғанда әрбір қабатқа 4 м ұлғайтылады.
Бұл ретте, ең аз су тұтыну сағаттарында бірінші қабаттан басқа әрбір қабатқа арынды 3 м-ге тең қабылданады, бұл ретте су сақтау сыйымдылықтарына су жеткізу қамтамасыз етіледі.
Жекелеген көп қабатты ғимараттар немесе олардың аз қабатты құрылыстарда немесе жоғары орындарда орналасқан топтары үшін қысымды арттыру үшін жергілікті сорғы қондырғыларын қарастыруға жол беріледі.
Су тарату колонкаларындағы желідегі еркін қысым кемінде 10 м болуы тиіс.
23. Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым су шығыстары мен көлемін өлшеуді және есепке алуды жүзеге асырады:
1) сумен жабдықтаудың табиғи көзінен немесе топтық сумен жабдықтау жүйелерінен алынатын;
2) екінші көтеру сорғы стансалары беретін;
3) кәсіпорындар мен ұйымдар тұтынатын;
4) тұрғын және қоғамдық ғимараттарда тұтынылатын;
5) әр пәтер бойынша.
24. Су тұтынушыларынан және су объектілеріне ағызылатын тазартылған сарқынды сулардан сарқынды сулардың шығыстары мен көлемдері есепке алынады.
25. Мыналарды іске асыру үшін ұйым сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелерінде толық автоматтандыруды, цифрландыруды және диспетчерлендіруді қамтамасыз етеді:
1) негізгі және қосалқы жабдықтар мен коммуникациялар қондырғыларының құрылыстары жұмысының берілген технологиялық режимі және нормативтік шарттарын қолдауды;
2) құрылыстардың, қондырғылардың, жабдықтар мен коммуникациялардың берілген режимдері мен жұмыс жағдайларынан ауытқулар мен бұзушылықтарды дабыл беруді;
3) өрттің туындауын қоса алғанда, бақыланатын объектілерде апаттық жағдайлардың туындау дабыл беруін;
4) берілген пайдалану шарттарынан ауытқулар мен бұзушылықтарды жедел қою мүмкіндігін;
5) апаттарды жедел оқшаулау мен жоюды;
6) жүйелер мен құрылыстардың технологиялық және санитарлық сенімділігін арттыруды жүзеге асыру үшін қамтамасыз етеді.
26. Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматтандыру жүйелерін пайдалану кезінде ұйым:
1) бақылау-өлшеу аспаптары, автоматика және телемеханика құрылғылары, микропроцессорлар мен компьютерлер жұмысының нормативтік жағдайларын, датчиктердің, қайталама аспаптардың, түрлендіргіштердің, бақылаушылардың жай-күйін, жарамдылығын, көрсеткіштердің дұрыстығын және жұмыс істеуін жүйелі тексеру арқылы қолдайды;
2) сигнал беру, блоктау жүйелерінің, автоматты реттеу және басқару жүйелерінің жай-күйі мен жарамдылығын тұрақты тексереді;
3) технологиялық процесті автоматтандыру жүйесі элементтерінің жұмысында ақаулық анықталған жағдайда резервтік элементтергеуақытылы ауысуды не осы технологиялық процесті қашықтықтан, жергілікті немесе қолмен басқаруға көшуді қамтамасыз етеді;
4) бақылау-өлшеу аспаптарының жүйелерін, аспаптары мен автоматтандыру мен диспетчерлеу құралдарын нұсқаулықтарда көзделген мерзімдерде немесе бекітілген кестелер бойынша профилактикалауды және жөндеуді орындайды ;
5) міндетті мемлекеттік тексеру талаптары белгіленген құрылыстары мен жабдықтардың жұмысын өлшеу, автоматты бақылау, реттеу және басқару құралдарын калибрлеу мен тексеруді орындайды.
27. Техникалық пайдалануды жедел басқаруды сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің пайдалану режимдерін әзірлеуге қатысатын, бүкіл жүйенің, сондай-ақ оның жекелеген объектілерінің жұмыс режимдерін оңтайландыру жөнінде ұсыныстар әзірлейтін, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерімен, жергілікті атқарушы органдармен жедел байланысты қамтамасыз ететін сумен жабдықтау және су бұру ұйымының диспетчерлік қызметі қамтамасыз етеді.
Диспетчерлік пунктте сумен жабдықтау және су бұру ұйымы кестеге бойынша тәулік бойы кезекшілік орнатады.
28. Су жинау және су бұру ұйымдарының құрылыстары мен жабдықтарына жоспарлы-алдын алу жөндеу жүйесі құрылыстарды қадағалау мен күтуді, сондай-ақ жөндеудің барлық түрлерін қамтитын ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды қамтиды және олар құрылыс нормаларына сәйкес ("Су құбыры және канализациялық желілер мен құрылыстарға жоспарлы-алдын алу жөндеуді ұйымдастыру және жүргізу" ҚР ҚН 1.04-07-2001) алдын ала жасалған жоспар бойынша кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.
29. Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелерін тұтастай және жекелеген элементтерді немесе құрылыстарды салуды (кеңейтуді, реконструкциялауды, техникалық қайта жарақтандыруды) техникалық қадағалауды сумен жабдықтау және (немесе) су бұру ұйымының басшысы тағайындаған немесе инжинирингтік компанияның келісім-шарт негізінде тартылған маманы (сарапшысы) жауапты өкіл жүзеге асырады. Өкіл кемшіліктер мен ұсыныстарды құрылыс ұйымы жүргізетін объект құрылысы журналына жазады.
Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру ұйымының басшысы тағайындаған өкіл немесе келісім-шарт негізінде тартылған инжинирингтік компанияның маманы (сарапшысы):
1) құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің барлық сатыларында (кезеңдерінде) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру объектілерінің құрылысын ұдайы техникалық сүйемелдеуді жүзеге асырады;
2) нақты мерзімдері мен оларды жою тәсілдерін көрсете отырып, жұмысты тоқтата тұру және анықталған ақаулар мен жобадан және техникалық шарттардан ауытқуларды жою туралы шешім қабылдайды;
3) ұйымның әкімшілігіне жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеушімен келісім бойынша құрылыстың өзіндік құнын төмендетуге, озық технологияларды пайдалануға, заманауи материалдарды қолдануға бағытталған жұмыстар өндірісін жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізеді;
4) жасырын жұмыстарды қабылдауға қатысады;
5) қабылдау комиссияларының жұмысына қатысады.
30. Ұйым сумен жабдықтау жүйелерін пайдалану кезінде:
1) сумен жабдықтау жүйелерінің барлық элементтерінің - су тарту құрылыстарының, тазарту құрылыстарының, су құбыры желілерінің, резервуарлар мен су айдау мұнараларының, сорғы станцияларының үздіксіз, сенімді және тиімді жұмыс істеуін;
2) санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес ауыз су өндіруді және беруді жүзеге асыруды;
3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 62 бұйрығымен бекітілген "өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32276 болып тіркелген) (бұдан әрі - Өндірістік бақылаудың санитариялық қағидалары) сәйкес технологиялық циклдің барлық кезеңдерінде су сапасына өндірістік бақылауды жүзеге асыруды;
4) құрылысы аяқталған немесе қайта құрылған құрылыстарды пайдалануға қабылдауды;
5) құрылыстарды сынамалы және уақытша пайдалануды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
31. Су жинау құрылыстарын пайдалану мыналарды қамтиды:
1) сумен жабдықтау көздерінің жай-күйін және құрылыстар мен жабдықтардың жұмысын жүйелі түрде бақылау, сондай-ақ оларды арнайы журналдарда тіркей отырып, бақыланатын көрсеткіштерді есепке алу;
2) су көздерінен алынатын су мөлшерін және оның сапасының бақыланатын көрсеткіштерді есепке алу;
3) құрылыстар мен жабдықтарға жоспарлы түрде тексеру және жөндеу жүргізу, бұзушылықтар мен апаттарды уақытылы жою.
32. Құрылыстардың жұмысына бақылау жүргізу үшін персонал қажетті бақылау-өлшеу аспаптарымен, жабдықтармен, көлікпен және жүзу құралдарымен қамтамасыз етіледі.
33. Пайдалану процесінде су жинау құрылыстарының техникалық құжаттамасына жоспарлы тексерулердің, құрылыстардың техникалық жай-күйін куәландырудың, құрылыстардың жұмыс режимін бақылаудың, суды талдаудың нәтижелері туралы деректер, сондай-ақ коммуникациялар схемасындағы барлық өзгерістер мен қайта құру, жабдықты ауыстыру және жүргізілген жөндеу туралы мәліметтер енгізіледі.
34. Жерүсті сумен жабдықтау көздерінің (өзен арналарының, су қоймаларының) су жинау құрылыстарын пайдалану процесінде ұйым:
1) Сумен жабдықтау көзінің жай-күйіне жүйелі түрде бақылау жүргізеді (су сапасы және су объектісінің санитарлық-эпидемиологиялық жй-күйі, оның су деңгейі, арнадағы өзгерістер, жағалаудың жай-күйі, шөгінділердің қозғалысы және лайлану, су объектісінің қысқы режимі — мұз қату, мұз жүруі, мұз түбі, су өсімдіктерінің жай-күйі);
2) Су жинау құрылыстарының: су қабылдағыштардың, шөміштік бөлігінің, балық-шуго-наносқорғаныс құрылғыларының, қздігінен ағатын және сифонды желілердің, жағалау құдығының және оның элементтерінің, сорғы агрегаттарының, гидротехникалық құрылыстардың жұмысына тұрақты техникалық бақылауды жүзеге асырады;
3) Құрылыстарды, жабдықтар мен коммуникацияларды қалқымалы заттармен, балдырлармен, мұзбен, шұңқыр мен қоқыстанудан және ластанудан уақтылы жууды және тазалауды орындайды.
4) су қабылдағыштардан өздігінен ағатын немесе сифондық желілердің шығуында су көзі мен су қабылдау құдығындағы деңгейлердің ауытқуына жүйелі түрде бақылау жүргізеді;
5) шығарылатын су басқан немесе жағалау су қабылдағышының торларын, торларын көлемді сүзгішьерін қалқымалы заттармен, су өсімдіктерінің қалдықтарымен, мұзбен, шұңқырмен ластанудан, ал өздігінен ағатын және сифонды құбырларды су қабылдағыш құдықты шөгуден, онда орналасқан торларды ластанудан тазартады;
6) Су қабылдағыш шөміштерді, 1-ші көтерілудің жағалаулық бірктірілген сорғы станцияларының алдындағы, су басқан су қабылдағыштардың айналасындағы түбін лайлық шөгінділерден, түп шөгінділерінен тазартады;
7) әртүрлі конструкциялы су жинау құрылыстарының су қабылдау фронтынан тиімді балық-шуго-наносбұруды жүзеге асырады.
35. Сумен жабдықтаудың жер үсті көзіндегі су деңгейін бақылау үшін су өлшеу бекеті ұйымдастырылады.
36. Жер асты сумен жабдықтау көздерінің су жинау құрылыстарын пайдалану процесінде ұйым:
1) сумен жабдықтау көзінің жай-күйіне (режимдік желінің бақылау ұңғымалары бойынша су деңгейлеріне және санитарлық қорғау аймағының бірінші белдеуі шегінде жер асты суының сапасына) жүйелі түрде бақылау жүргізеді;
2) су жинау құрылыстары мен жабдықтарының жұмысына тұрақты бақылауды жүзеге асырады (пайдалану ұңғымаларының дебиті және олардан сорылатын судың сапасы, су көтеру жабдығының жұмысы кезіндегі динамикалық деңгей және ұңғыманы тоқтату кезіндегі шартты статикалық деңгей);
3) пайдалану ұңғымалары мен сорғы агрегаттарының белгіленген жұмыс режимдерін қамтамасыз етеді.
37. Тікелей қабатта майсыздандырылатын жер асты суларын пайдалану кезінде персонал үңғымаға берілетін суды аэрациялау жүйесінің жай-күйіне, аэрацияланған суды беру режиміне, сору регламентіне және сору суындағы темірдің болуына тұрақты техникалық бақылауды жүзеге асырады.
38. Ұңғымалардың өнімділігі төмендеген немесе олардағы судың сапасы нашарлаған кезде ұйым ұңғымаларға арнайы тексеру жүргізеді және оларды жою бойынша шаралар қабылдайды. Егер оң нәтижелерге қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда, ұңғыма тампонирленуге жатады.
39. Тазарту құрылыстарын пайдалануға беру алдында мамандандырылған ұйымдар орындайтын іске қосу-жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Тазарту құрылстарын пайдалануға енгізгенге дейін ұйым әкімшілігі:
1) тиісті лауазымдарда жұмыс тәжірибесі бар кадрлық мамандарды жинақтауды қамтамасыз етеді, пайдаланушы персоналды жұмыс істеп тұрған ұқсас құрылыстарда тағылымдамадан өткізеді;
2) жабдықтардың резервін, материалдардың, реагенттердің, қорғау құралдарының талап етілетін қорын қамтамасыз етеді;
3) барлық технологиялық учаскелер мен құрылымдық бөлімшелерді олардың ережелерімен, лауазымдық нұсқаулықтармен, қауіпсіздік техникасы жөніндегі плакаттармен, тазарту құрылыстарының пайдалану көрсеткіштерін тіркеуге арналған журналдармен қамтамасыз етеді;
4) зертханалардың зертханалық өндірістік және технологиялық бақылауға дайындығын тексеруді жүзеге асырады;
5) сынамалы пайдаланудың мақсаттары мен міндеттері және оны жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасы туралы пайдаланушы персоналға нұсқаулық жүргізеді.
40. Тазалау құрылыстарын сынамалы пайдалану жобада көзделген пайдалану режимінде (суды өңдеу технологиясы мен су шығындары бойынша) жүргізіледі. Сынамалы пайдалану процесінде барлық тазарту құрылыстарының, олардың элементтерінің, коммуникациялардың, бекіту-тарату және бақылау-өлшеу жабдықтарының жұмысқа қабілеттілігін тексереді.
Биологиялық тазарту құрылыстары биологиялық пленканы өсіру және жобалық технологиялық режимді жүзеге асыру үшін қажетті мөлшерде белсенді тұнба жинақталғаннан кейін ағынды сулардың кепілдік берілген температурасы 10-12 °C болған кезде жылдың жылы мезгілінде сынмалық пайдалануға енгізіледі.
Сынамалы пайдаланудың ұзақтығы ауыз су сапасына қол жеткізу уақытымен және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қанағаттандыратын сарқынды суларды тазарту дәрежесімен анықталады.
Сынамалы пайдалану кезеңінде су құбыры суын тұтынушыларға беруге жол берілмейді.
Сынамалы пайдалану аяқталғаннан кейін тазарту құрылыстары халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылыығ саласындағы мемлекеттік орган ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің келісімі бойынша уақытша пайдалануға енгізіледі.
41. Уақытша пайдалану кезеңінде су тұтынушыға ауыз суды беру ол басталғаннан кейін, барлық нормативтік көрсеткіштер белгіленгеннен кейін 24 сағаттан ерте емес мерзімде жүзеге асырылады.
Уақытша пайдалану процесінде:
1) тазалау құрылыстарын технологиялық реттеу жүргізіледі;
2) жобада берілген пайдалану режимдері пысықталады;
3) қолданылатын реагенттердің дозалары нақтыланады;
4) құрылыстарды жобалық өнімділікке және үдемелі режимдерге (апат жағдайына) сынақтар жүргізіледі;
5) тазарту құрылыстарының, коммуникациялардың, бекіту-реттеу жабдықтары мен бақылау және автоматандыру құралдарының жұмысындағы кемшіліктер анықталады және жойылады.
Сумен жабдықтаудың тазартқыш құрылыстарының жобалық өнімділігін сынау мен баптау жыл бойы көздегі судың сапасының өзгеруіне тән барлық жағдайларда жүзеге асырылады.
42. Тазарту құрылыстарына жобада көзделгеннен аз көлемде ағынды сулар түскен жағдайда, тазарту құрылыстарын кезең-кезеңімен реттеу және пайдалануға енгізу көзделеді.
43. Ұйым ауыз судың сапасына қатысты барлық түпкілікті бақылау түрлерін және зертханалық зерттеулерді Санитариялық ережелер мен Гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкес жүргізеді.
44. Ұйым Санитариялық қағидалар мен Гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкес ауыз суды түпкілікті бақылау мен зертханалық зерттеулердің барлық түрлерін жүргізеді.
45. Өндірістік бақылау суды өңдеудің барлық кезеңдері мен сатыларында Өндірістік бақылаудың санитариялық қағидаларына сәйкес ұйымдастырылады. Өндірістік бақылау нәтижелерін жүйелі талдау суды тазарту технологиясындағы бұзушылықтарды уақтылы анықтауға, өз көрсеткіштері бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға, Гигиеналық нормативтерге жауап бермейтін таза судың резервуарларға түсуінің алдын алуға және су тазарту станциясының жұмысын қарқындатуға бағытталған.
46. Тазарту құрылыстарының өнімділігіне және қолданылатын суды өңдеу технологиясының күрделілік дәрежесіне байланысты өндірістік бақылау үшін физика-химиялық, бактериологиялық, паразитологиялық, радиологиялық, гидробиологиялық, технологиялық және басқа зертханалар, сондай-ақ бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматтандыру бөлімі құрылады.
Егер радиологиялық көрсеткіштер бойынша өндірістік бақылауды ұйымдастыру мүмкін болмаған кезде, зерттеулер аккредиттелген зертханаларда шарттық негізде жүргізіледі.
47. Өндірістік бақылаудың көлемі мен кестесі жергілікті жағдайлар ескеріле отырып айқындалады және ұйым басшысы тарапынан мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен келісім бойынша бекітіледі.
48. Өнімділігі тәулігіне 5,0 мың м³/ дейінгі су құбырларында зауытта дайындалған су тазарту қондырғыларын пайдалану жеткізілім жиынтығына кіретінпайдалану жөніндегі паспорттар мен нұсқаулықтар негізінде жүзеге асырылады.
49. Тұрақты пайдалану кезінде тазарту құрыылстарының жұмысын қағаз тасымалдағыштағы және электронды түрдегі журналдарға тұрақты жазу арқылы есепке алады:
1) тазартылған судың және өңделген жауын шашынның мөлшері күн сайын тіркелетін техникалық пайдалану; жұмсалған реагенттердің саны және олардың дозалары, өз мұқтаждарына жұмсалған су мөлшері, жұмыстағы, тазалаудағы, жөндеудегі құрылыстардың, агрегаттары мен жабдықтардың атаулары;
2) түсетін және тазартылған судың құрамын, сондай-ақ оны тазартудың жекелеген сатыларындағы суды анықтау жөніндегі талдау нәтижелерін, шикі және өңделген қойыртпақ талдау деректерін күн сайын енгізетін талдаулар;
3) тазарту құрыылстарының қоймаларында сақталатын реагенттер мен басқа да материалдардың келіп түсуі мен жұмсалуы туралы жазбалар жүргізілетін материалдарды пайдалануды есепке алу.
Өнімділігі тәулігіне 25 мың м³- текше метрден асатын асатын тазарту құрылыстарында жедел құжаттама және журналдар электронды түрде жүргізіледі.
50. Өндірістік бақылау құрыылстар жұмысының сапалық және сандық көрсеткіштерін бағалау үшін ағынды суларды тазартудың және қойыртпақты өңдеудің барлық кезеңдері мен сатыларында ұйымдастырылады.
51. Тазарту құрылыстарын пайдалану процесінде құрылыстар жұмысының неғұрлым жоғары техникалық-экономикалық көрсеткіштерін қамтамасыз ету, технологиялық процестерді жетілдіру, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес сарқынды суларды тазарту үшін қолданылатын реагенттердің дозаларын нақтылау үшін өндірістік бақылау нәтижелері үнемі талданады.
52. Технологиялық бақылау суды тазартудың және қойыртпақты өңдеудің талап етілетін дәрежесі бойынша тазарту құрылыстары жұмысының технологиялық тиімділігін жан-жақты бағалауды қамтамасыз етеді.
53. Барлық кешенге және әрбір құрылысқа жеке-жеке техникалық деректерді, құрылыстардың жобалық және нақты өнімділігін көрсете отырып, технологиялық паспорт жасалады.
54. Жинақы қондырғылардың барлық түрлерін пайдалану дайындаушы зауыттардың немесе жеткізуші фирмалардың нұсқаулықтарына сәйкес жүзеге асырылады.
55. Су құбыры желісін техникалық пайдалану келесі құралдар бойынша жүзеге асырылады:
1) желінің, құрылыстардың, құрылғылардың мен ондағы жабдықтардың жай-күйі мен сақталуын , желінің техникалық күтіп ұсталуын техникалық қадағалауды;
2) Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның басқа бөлімшелерімен бірлесе отырып, су беру және бөлу жүйесін жетілдіруге бағытталған іс-шараларды, сондай-ақ авариялық жағдайларда қолайсыз орналасқан аудандар мен шағын аудандарға су жеткізудің үзілуін болдырмау іс-шараларын; диспетчердің нұсқауларына сәйкес желілерді қосу арқылы жүйенің жұмыс режимін орнату, нақты су тұтыну және оның алдағы уақыт кезеңіндегі болжамды өзгерістері кезінде оңтайлы жүйенің жұмыс режимін белгілеу үшін, диспетчердің нұсқауына сәйкес желіге қайта қосуды орындау, жүйе жұмысының қалыпты және авариялық режимдері кезінде желінің, сорғы стансаларының және реттеуш сыйымдылықтардың техникалық жай-күйі бойынша ақпарат дайындау, су мен қысым шығыстарына заттай өлшеулер жүргізу, заттай өлшеулер жұргізу кезеңінде есептік схеманың жүйенің нақты техникалық жай-күйіне және наөты су тқтынуға сәйкестігін тексеру үшін осы өлшеулерді есептеу нәтижелерімен салыстыру;
3) Желідегі жоспарлы-алдын алу және күрделі жөндеу, аварияларды жою;
4) Техникалық құжаттаманы және есептілікті жүргізу;
5) Желі жұмысының жағдайларын талдау, жүйені жетілдіру және оның жұмысын басқару, құбырлар және құбыржол арматурасы конструкцияларының жаңа түрлерін, құбырларды қалпына келтіру мен жөндеудің жаңа әдістерін қолдану жөнінде ұсыныстар дайындау;
6) желідегі, ондағы құрылыстардағы барлық зақымданулар мен апаттар бойынша олардың себептерін талдау, сенімділік көрсеткіштерін бағалау және бақылау мақсатында деректерді жинау, сақтау және жүйелеу;
7) Электр қорғау қондырғыларының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
56. Су құбыры желісін пайдалануды желінің ұзындығы мен жұмыс көлеміне байланысты, учаскелер, басқармалар, жүйе қызметтері түрінде, ал ірі қалалар үшін - су құбыры желісінің аудандық пайдалану учаскелеріне бөлінетін дербес пайдалану авариялық өндірістік басқармалары түрінде, пайдаланылатын қызметтер жүргізеді.
57. Су құбыры желісін бөлу аудан желісінің ұзындығы 300-350 км-ден аспайтындай, ал желінің ең алыс нүктесіне дейінгі қашықтық 10 км-ден аспайтындай есеппен жүргізіледі.
58. Желінің жай-күйін техникалық бақылау құбырларды қарау және желі құрыылстары мен жабдықтарының жұмысын тексеру жолымен жүзеге асырылады.
59. Тексеру нәтижелері мен жабдықтартың жұмысынқарау және тексеру, оның сенімділік деңгейін бағалау нәтижелері негізінде желіні техникалық күтіп ұстау, профилактикалық, ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізу жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және орындайды.
60. Профилактикалық қызмет көрсетуге тораптағы құрылғылар мен жабдықтарды қатып қалудан сақтау бойынша іс-шаралар жүргізу (жылытуды қою және алу, мұзды жарып тастау) жатады.
61. Тексерулер мен профилактикалық қызмет көрсету нәтижелері жүйедегі құрыылстардың жай-күйін, желідегі жабдықтар мен құрылғылардың жұмыс істеуін тексере отырып, қарау және профилактикалық қызмет көрсету деректері ақаулық ведомостарын жасау, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу кезінде және жоспарлы алдын алу және күрделі жөндеу жүргізу үшін пайдаланылады.
62. Желідегі жоспарлы-профилактикалық жөндеу жұмыстарына мыналар жатады:
1) Профилактикалық шаралар - желіні жуу және тазалау, мұзды жарып тастау, құдықтар мен камераларды лас заттардан тазарту, суды сорып алу;
2) Жөндеу жұмыстары - люктерді, тұтқаларды ауыстыру, құдықтың аузын жөндеу, люктерді көтеру және түсіру.
63. Желіде күрделі жөндеуге мыналар жатады:
1) құдықтарды (камераларды) жаңа не толық немесе ішінара қайта құру;
2) Құбырларды толық немесе ішінара ауыстыра отырып, желілердің жекелеген жеке учаскелерді төсеу;
3) гидранттарды, су тарату колонкаларын, ысырмаларды, бұрылыс қақпақтарын, вантуздарды, басқа жабдықтарды немесе олардың тозған бөліктерін ауыстыру;
4) желідегі жекелеген құрылыстарды, құбырларды тазалау және олардың ішкі бетінінің қатып қалуынан қорғау жөніндегі құрылғылар мен жабдықтарды жөндеу;
5) желіні коррозиядан және электр коррозиясынан кезбе токтармен қорғау;
6) дюкелердің және жолд өтпелерінің зақымдануын жою.
64. Су бұру желілері ұйымы (әрі қарай - Желілер) елді мекеннің сарқынды суларын тазарту құрылыстарына бұруды және оларды тазартқаннан кейін су объектісіне ағызуды немесе кейіннен пайдалану үшін бұруды қамтамасыз етеді.
65. Желіні техникалық пайдалану мыналарды қамтиды:
1) желінің, ондағы құрылғылар мен жабдықтардың жай-күйі мен сақталуын техникалық бақылау, желіні техникалық күтіп ұстау;
2) ағынды сулардың жер бетіне төгілуі мен бітелуін жою;
3) мүмкін болатын апаттық жағдайлардың алдын алу (құбырлардың, құдықтар, камералар, тоқтату-реттегіш арматуралардың шөгуі, зақымдануы және т.б.) және оларды жою;
4) құбырларды, арналарды профилактикалық, ағымдағы және күрделі жөндеулер, қайта жаңартулар;
5) келісім-шарттарға сәйкес абоненттердің желілері мен құрылыстарын пайдалануды техникалық бақылау;
6) желінің құрылысын техникалық бақылау, жаңа және қайта құрылған желілерді пайдалануға қабылдау;
7) есептік және техникалық құжаттаманы жүргізу;
8) желінің жұмыс режимдерін зерделеу;
9) желіні дамытудың перспективалық жоспарларын әзірлеу.
66. Сыртқы және техникалық байқаулардың деректері негізінде желілер ақаулық ведомостарын жасайды, сметаларды әзірлейді, ағымдағы және күрделі жөндеулерді жүргізеді.
67. Ауыз су мен сарқынды суларды залалсыздандыру санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды және Гигиеналық нормативтерді қанағаттандыратын ауыз су мен сарқынды су сапасының микробиологиялық көрсеткіштерінің шамаларын қамтамасыз етеді.
68. Су мен сарқынды суларды залалсыздандыру жүйелерін пайдалану кезінде ұйым:
1) негізгі және қосалқы жабдықтардың берілген жұмыс режимін қолдайды, олардың апатсыз жұмысын қамтамасыз етеді;
2) залалсыздандырушы агенттің белгіленген шығысының сақталуын қадағалайды;
3) белгіленген уақыт аралығында судағы (сарқынды су) қалған хлордың шоғырлануын бақылайды;
4) хлораторлар мен бекіту арматурасына тоқсан сайын кемінде бір рет (сальникті толтыруды ауыстырумен) ревизия жүргізеді, балшық құйғыштарға ревизия екі жылда кемінде бір рет екі хлораторда және жыл сайын хлораторлардың саны көп болғанда жүргізеді;
5) жабдықтарды жоспарлы алдын ала жөндеуді кесте бойынша уақытылы орындайды;
6) микробиологиялық талдау үшін залалсыздандырудан кейін мезгіл-мезгіл су сынамаларын алады;
7) бақылау және өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін және автоматтандыру құралдарының жұмыс істеуін қадағалайды;
8) қондырғылардың жұмысындағы ақауларды жою шараларын қабылдайды;
9) желдету, оның ішінде авариялық жүйелерінің жұмысын қадағалайды;
10) жұмыс аймағының ауасындағы хлор құрамын бақылау жүйесін қадағалайды;
11) залалсыздандыруға арналған қондырғыларының өз мұқтаждарына арналған реагенттердің, электр энергиясының, судың шығынын есепке алуды жүргізеді;
12) қауіпсіздік техникасы талаптарын орындайды.
69. Табиғи және сарқынды сулардың тұнбаларын өңдеуге арналған құрылыстар және қондырғылар пайда болған тұнбаларды қабылдауды және өңдеуді, оларды тұрақтандыруды, кейіннен кәдеге жарату үшін сусыздандыруды және залалсыздандыруды қамтамасыз етеді.
70. Су құбыры сорғы станциялары су құбыры желісінің бақылау нүктелерінде су тұтынудың нақты режиміне сәйкес және электр энергиясы бойынша шығындарды барынша азайту қажеттілігін ескере отырып, берілген арынды сақтаған кезде тұтынушыға судың үздіксіз берілуін қамтамасыз етеді.
71. су бұру сорғы станциялары су бұру режиміне сәйкес сарқынды үзіліссіз айдауды қамтамасыз етеді.
72. Ұйым сорғы станциялары жұмысының пайдалану режимдерін белгілейді. Станциялардың жұмыс режимдерін жедел басқаруды диспетчерлік қызмет жүзеге асырады.
Сорғы станцияларының жұмыс режимдері қалған құрылыстардың; сумен жабдықтау және су бұру желілерінің, резервуарлардың, тазарту құрылыстарының жұмыс режимдерімен ескере отырып, сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің жұмыс режимдерімен өзара байланыстырылады.