Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 106-бабы 5-тармағы және 25-бабы 2-тармағының 12) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру бойынша көрсетілген қызметтер көлемдерін есептеу әдістемесі бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
| Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 16 қазандағы № 441 Бұйрығына 1- қосымша |
Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру бойынша көрсетілген қызметтер көлемдерін есептеу әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру бойынша көрсетілген қызметтер көлемдерін есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Су кодексінің 106-бабы 5-тармағы және 25-бабы 2-тармағының 12) тармақшасына сәйкес сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін пайдаланатын жеке немесе заңды тұлғаларға және жеке кәсіпкерлерге (бұдан әрі – су тұтынушыларға) елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйесін пайдаланушы ұйымдар (бұдан әрі – Өнім берушілер) көрсетілген қызметтерінің көлемдерін анықтау кезінде бірыңғай ұстанымды қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.
Осы Әдістеме өнім беруші су тұтынушыға төлеу үшін шот ұсынған жағдайда сумен жабдықтаудың және су бұрудың көрсетілген қызметтерінің көлемдерін айқындайды.
2. Осы Әдістемеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) суды есепке алу аспабы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген, нормаланған метрологиялық сипаттамалары бар, белгілі бір уақыт аралығы ішінде физикалық шама бірлігін қалпына келтіретін және сақтайтын, судың (ауызсу, техникалық, ағынды және сулардың басқа да түрлерінің) көлемін өлшеуге арналған техникалық құралы;
2) Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру ұйымы (бұдан әрі – Өнім беруші) – оның балансындағы немесе өзге де заңды негіздерде елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін технологиялық және техникалық тұрғыдан пайдалануды жүзеге асыратын су шаруашылығы ұйымы;
3) су құбырын енгізу – қосылу нүктесіндегі тиекті арматурасы бар құдықты қоса алғанда, сумен жабдықтаудың тарату желісінен ғимараттағы бірінші ысырмаға дейінгі құбыржол;
4) өздігінен ағатын құбыржолының толық өткізу қабілеттілігі – бар еңістігі мен 1,0 d (d – құбырдың ішкі диаметрі) толған және тәулігіне 24 сағат бойы әрекет ету кезінде ағынды су қозғалысының жылдамдығы секундына 1 метр кезінде құбыржолы бойынша өткізілетін ағынды су шығыны;
5) пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы - тараптардың келісімімен белгіленетін, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің элементтерін міндеттер (оларды пайдаланғаны үшін жауапкершілік) белгісі бойынша бөлу шегі. Мұндай келісім болмаған кезде пайдалану жауапкершілігінің шекарасы теңгерімдік тиесілікті бөлу шекарасы бойынша белгіленеді;
6) су бұрудың оқшау тазартқыш құрылыстары – су тұтынушының өзінің ағынды суларын тазартуға арналған құрылыстары мен құрылғыларының жиынтығы;
7) сумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормасы – "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 27-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар бекіткен нақты елді мекендегі бір адамның, жеке қосалқы шаруашылықтағы жануарлардың тәуліктік қажеттілігін қанағаттандыруға немесе суармалы ауданның бірлігіне арналған судың мөлшері;
8) су құбырының толық өткізу қабілеттілігі – 1,0 d (d – құбырдың ішкі диаметрі) тең толған кездегі және оның тәулігіне 24 сағат бойы әрекет етуі кезінде су қозғалысының жылдамдығы секундына бір метр кезіндегі су шығын;
9) су тұтынушы – су беру бойынша су шаруашылығы ұйымдарының немесе су пайдаланушылардың көрсетілетін қызметтерін пайдаланатын не ортақ су пайдалану тәртібімен су объектілерінен су тұтынатын жеке немесе заңды тұлға;;
10) суды және (немесе) сарқынды суларды коммерциялық есепке алу – су тұтынушы тұтынған судың және (немесе) бұрылған сарқынды судың көлемін есепке алу тораптарында орнатылған есепке алу аспаптары (өлшеу құралдары) арқылы немесе белгілі бір уақыт кезеңіне есептік тәсілмен өлшеу жолымен жүзеге асырылады;
3. Белгіленген кезеңде көрсетілген сумен жабдықтау және су бұру қызметтерінің көлемі пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасында орнатылған коммерциялық есепке алынған есепке алу аспаптарының көрсеткіштері негізінде айқындалады.
4. Жеке тұлғалар үшін көрсетілген сумен жабдықтау қызметтерінің көлемі есепке алу аспаптары болмаған кезде бір адамға есептен Заңның 27-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдіктері бекіткен сумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары бойынша есептеу жолымен айқындалады. Бұл ретте сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерінің жалпы көлемі тіркелген азаматтардың санын ескере отырып есептеледі, оларды айқындау үшін өнім берушінің өкілі "Электрондық үкімет" порталы арқылы не жергілікті атқарушы органдардың "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорымен интеграцияланған ақпараттық жүйелерінен "Үшінші тұлғалардың анықтамалар алуы" сервисі арқылы тиісті мәліметтерді алады.
5. Ауыз суды есепке алу аспабы болмаған кезде, салынған және (немесе) қайта құрылған (жөнделген) сумен жабдықтау жүйелерін жуу кезінде пайдаланылған судың көлемі жуылатын құбыр толық толтырылған және ондағы су қозғалысының жылдамдығы кемінде 1 м/сек болған кезде шығару су құбырын гидравликалық есептеуге сәйкес айқындалады.
6. Елді мекеннің су бұру жүйесіне (өнім беруші) қосылған, сондай-ақ, әртүрлі сумен жабдықтау көздері бар су тұтынушыларға көрсетілген су бұру қызметінің көлемі көрсетілген сумен жабдықтау (ауыз су, ыстық, техникалық) қызметінің көлеміне тең қабылданады.
7. Елді мекеннің (өнім берушінің) су бұру жүйесінің ағызу пунктінде қабылданған сарқынды сулардың көлемі көлік құралының сыйымдылық көлемі бойынша анықталады.
8. Коммерциялық есепке алуға қабылданған ағынды сарқынды суды есептеу құралы су тұтынушыда болған кезде көрсетілген су бұру қызметінің көлемі осы есептеу құралының көрсеткіші бойынша анықталады.
9. Елді мекеннің сумен жабдықтау жүйесіне қосылмаған жеке тұлғалар үшін су тұтынушыларға көрсетілген су бұру қызметтерінің көлемі (жеткізушінің), сондай-ақ елді мекеннің су бұру жүйесіне сарқынды суларды бұратын әртүрлі сумен жабдықтау көздері бар (жеткізуші) тіркелген азаматтардың санын ескере отырып, Заңның 27-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдіктері бекіткен сумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары бойынша суды есепке алу аспаптарының көрсеткіштері бойынша немесе есептеу жолымен айқындалады.
10. Есепке алу аспабы уақытша болмаған және кезекті тексеруге, жөндеуге немесе ауыстыруға байланысты жеткізушінің хабарламасы болған кезде, сондай-ақ тұтынушының кінәсінсіз есепке алу аспабының ақаулығы анықталған кезде көрсетілген сумен жабдықтау қызметтерінің көлемі есепке алу аспаптары көрсеткіштерінің алдыңғы үш айдағы, бірақ бір айдан аспайтын орташа шығысы бойынша айқындалады. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін есепке алу аспаптары болмаған кезде көрсетілген қызметтердің көлемі тіркелген азаматтардың санын ескере отырып, Заңның 27-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдіктері бекіткен сумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары бойынша айқындалады.
11. Елді мекеннің сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз суды өрт сөндіруге пайдаланған кезде өртті сөндіруге байланысты шығыстар жергілікті бюджет қаражаты есебінен сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымдарға өртке қарсы қызметтерден берілген актілерге сәйкес үш жұмыс күні ішінде өтеледі.
12. Жеткізуші оларға ұсынылатын сумен жабдықтау және су бұру қызметтері үшін есеп айырысуды ұсынады.
13. Сараланған тарифтер бойынша сумен жабдықтау және (немесе) су бұру бойынша көрсетілген қызметтер көлемін есептеу тұрақты және уақытша тұратын (тіркелген) су тұтынушылардың санын есепке ала отырып, тіркелген сәттен бастап айқындалады. Жеткізуші тиісті мәліметтерді "электрондық үкімет" веб-порталының сервисінен немесе анықтамаларды үшінші тұлғаларға беруге мүмкіндік беретін мемлекеттік дерекқорлармен интеграцияланған ақпараттық жүйелер арқылы алады.
14. Су тұтынушы есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін ұсынбаған кезде, Жеткізуші сараланған тарифтер бойынша суды тұтынудың орташа тәуліктік көлемі негізінде есептеуді жүзеге асырады.
Жеткізуші есепке алу аспаптарынан бақылау көрсеткіштерін алған кезде, нақты тұтынуға сәйкес көлемді қайта есептеу жүргізіледі.
2-тарау. Ыстық сумен жабдықтаудың ашық және жабық жүйелерінде көрсетілген қызметтердің көлемін есепке алу
15. Ыстық сумен жабдықтау бір не бірнеше кәсіпорын көрсететін екі түрлі қызметтен - суық сумен жабдықтау және суды жылытудан тұратын күрделі қызметті білдіреді.
16. Көп пәтерлі тұрғын үйді ыстық сумен жабдықтаудың ашық жүйесі кезінде ыстық су ыстық сумен жабдықтаудың орталықтандырылған жүйесінен келіп түседі. Бұл ретте, үйге ортақ суды есептеу құралы ыстық және суық сумен жабдықтаудың кірмелеріндегі пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасында орнатылады.
17. Ыстық сумен жабдықтаудың жабық жүйесі кезінде тұтынушыға суық су ауыз сумен жабдықтаудың орталықтандырылған жүйесінен келіп түседі және ғимаратта екі құбырға бөлінеді: біреуі - суық сумен жабдықтаудың үй ішіндегі тарату желісіне, екіншісі - жергілікті су ысытқыш арқылы ыстық сумен жабдықтаудың үй ішіндегі тарату желісіне ағады. Бұл ретте, үйге ортақ есептеу құралы суық сумен жабдықтаудың кірмесіндегі пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасында орнатылады.
18. Жабық жүйелі ыстық сумен жабдықтау кезінде сумен жабдықтау және (немесе) су бұру бойынша көрсетілген қызметтердің көлемі суық және ыстық су құбырларына орнатылған есепке алу аспаптарының жиынтық көрсеткіштері негізінде айқындалады.
3-тарау. Кондоминиум қатысушыларына сумен жабдықтаудың және су бұрудың көрсетілген қызметтерінің көлемін есепке алу
19. Су тұтынушыларға – кондоминиум қатысушыларына сумен жабдықтаудың көрсетілген қызметтерінің көлемі мынадай тәртіппен анықталады:
1) жеке және жалпы үйге ортақ есепке алу аспабы болмаған кезде – Заңның 27-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдіктері бекіткен сумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары бойынша;
2) жеке есепке алу аспабы ішінара орналастырылған және жалпы үйге ортақ есепке алу аспабы болмаған кезде – жеке есепке алу аспабының көрсеткіштері бойынша және Заңның 27-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдіктері бекіткен сумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары бойынша;
3) жеке есепке алу аспабын ішінара орналастырылған және жалпы үйге ортақ есепке алу аспабы болған кезде:
есепке алу аспабы бар – жеке есепке алу аспаптарының көрсеткіштері бойынша;
есепке алу аспабы жоқ – Заңның 27-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдіктері бекіткен сумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары бойынша.
Жалпы үйге ортақ есепке алу аспабының көрсеткіштері мен жеке есепке алу аспабының жиынтық көрсеткіштері және Заңның 27-бабы 1- тармағының 34) тармақшасына сәйкес облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдіктері бекіткен сумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары бойынша есептелген көлемдер арасындағы айырмашылықты пәтерлер, жанастыра салынған және жапсарлас салынған есептегіштері жоқ тұрғын емес үй-жайлардың (кондоминиум қатысушыларының) иелерімен төленуге жатады;
4) 100 % жеке есепке алу аспабы болған және үйге ортақ есепке алу аспабы болмаған кезде – жеке есепке алу аспабының көрсеткіштері бойынша;
5) 100 % жеке есепке алу аспабы және үйге ортақ есепке алу аспабы болған кезде – жеке есепке алу аспабының көрсеткіштері бойынша. Жалпы үйге ортақ есепке алу аспабының көрсеткіштері мен жеке есепке алу аспабының жиынтық көрсеткіштері арасындағы айырмашылықты пәтерлер, жанастыра салынған және жапсарлас салынған тұрғын емес үй-жайларыдның иелері (кондоминиум қатысушылары) тұтынған су көлемдеріне барабар мөлшерде төлеуге жатады;
Айырмашылықты анықтау (DV):
![]()
DV — бөлінетін айырмашылық, м³;
VОПУ — жалпы үйге ортақ есепке алу аспабы бойынша көлем, м³;
∑Vi — барлық су тұтынушылардың жеке есепке алу аспаптары бойынша көлем сомасы, м³.
Кондоминиум қатысушылары арасындағы айырмашылықты бөлу:
![]()
DVi — і-ші үй-жайдың меншік иесі төлейтін айырма үлесі, м³;
Vi — i-ші үй-жайдың жеке су тұтыну көлемі, м³.
ҮЕА алу күніне көрсеткіштерді сәйкестендіру (деректер әртүрлі күндерде алынған жағдайда):
![]()
Vi′— сәйкестендірілген көлем, м³;
Vi— жеке есепке алу аспабы бойынша нақты тұтыну көлемі;
Ni — i-ші су тұтынушысының алдыңғы және қазіргі көрсеткіштерін алу аралығындағы күн саны;
N — жалпы үйге ортақ есепке алу аспабының екі көрсеткішін алу арасындағы күн саны.
Ай сайын жалпы үйге ортақ және жеке есепке алу аспаптарының көрсеткіштері әртүрлі уақытта алынған жағдайда, кезеңдер айырмасын ескере отырып, есептеулерді түзету қажет.
![]()
Мұнда:
Qкорр — бөлу кезінде есепке алынатын судың түзетілетін көлемі (м³);
Qсут — сәйкес есепке алу аспабы бойынша өлшенген соңғы тәуліктегі су шығыны (м³);
DT — жалпы үйге ортақ және жеке есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алу сәттері арасындағы уақыт айырмасы (сағатпен).
Есептеу үлгісі:
Уақыт айырмашылығы: DT=3 сағ
Тәуліктік шығын: Qсут=2.4 м3
Орташа сағаттық шығын: Qср=2.4/24=0.1 м3/сағ
Түзету: Qкорр=0.1×3=0.3 м3
6) елді мекеннің су бұру жүйесіне қосылған су тұтынушылардың сарқынды су көлемі жіберілген су көлеміне тең қабылданады.
20. Жалпы үйге ортақ есептеу аспабының көрсеткіштері мен жеке есептеу аспаптарының жиынтық көрсеткіштері арасында теріс айырмашылық болған кезде жеткізуші осы Әдістемеде белгіленген су тұтынушылар арасында су көлемін бөлуді қайта есептеуді жүзеге асырады, бұл норма жалпы үйге ортақ және жеке су есептеу аспаптары 100% болғанда және бір мезгілде есептеу аспаптарынан көрсеткіштерді алу кезінде қолданылады.
Теріс айырма жеке тұтынудың расталған көлемдері негізінде абоненттер арасында тепе-тең қайта бөлуге жатады.
21. Орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесінен өз бетінше кіретін кондоминиумға қатысушы су тұтынушылар үшін ұсынылған сумен жабдықтау қызметтерінің көлемі осы Әдістеменің 3 және 4-тармақтарына сәйкес айқындалады.
22. Кондоминиум объектісін басқару органы оның қатысушыларының жалпы жиналысының шешімі бойынша жеткізушіге үйге ортақ есепке алу аспабының көрсеткіштері мен оған қатысушылардың жеке есепке алу аспаптарының жиынтық көрсеткіштері арасындағы айырмашылық үшін көрсетілген сумен жабдықтау қызметтерінің көлемі үшін дербес есеп жүргізеді.
23. Кондоминиум объектісін басқару органы кондоминиум объектісіне қатысушылардың жалпы жиналысының шешімі негізінде жалпы үйге ортақ есептеу аспабының көрсеткіштері негізінде жеткізушімен көрсетілетін сумен жабдықтау және су бұру қызметтері үшін есеп айырысуды жүргізеді және жеткізушімен шарт негізінде кондоминиум қатысушыларынан төлем жинауды дербес жүзеге асырады.
24. Жеткізуші ұсынылған сумен жабдықтау қызметтерінің көлемін анықтайды және суды есепке алу аспаптарының коммерциялық есепке қабылданған көрсеткіштеріне сәйкес жасыл желектерді суару үшін, ал олар болмаған жағдайда - суару алаңына көбейтілген суару үшін бекітілген нормативтік тұтынуға қарай (айына 1 сотка үшін) ақы есептейді.
25. Объектілерге іргелес жатқан жер учаскелерінде елді мекеннің сумен жабдықтау жүйелерінен жасыл желектерді суару анықталған кезде есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін сумен жабдықтау қызметтерін есептеу қызметтерді жеткізушіні тексеру актісі негізінде іргелес жатқан аумақтағы суару алаңын есепке ала отырып жүзеге асырылады.
Суару алаңы жер учаскесіне техникалық құжаттама (үйге техникалық паспорт, жерге мемлекеттік акт) негізінде есептеледі. Суару учаскесiнiң көлемi - бұл құрылыс салу алаңын алып тастағандағы меншiктегi жер учаскесiнiң көлемi.
26. Жергілікті атқарушы орган жеткізушімен бірлесіп, өңірдің климаттық жағдайларына байланысты елді мекеннің сумен жабдықтау жүйелерінен жасыл желектерді суару уақыты мен кезеңінің ұзақтығын айқындайды, ұзақтығы сегіз айға дейін - 15 наурыздан 15 қарашаға дейін белгіленеді. Суару уақыты сағат 00: 00-ден 07: 00-ге дейін шегінде белгіленеді.
4-тарау. Тұтынушыларға – жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға сумен жабдықтаудың және су бұрудың көрсетілген қызметтерінің көлемін есепке алу
27. Есепке алу аспаптары болмаған кезеңге су тұтынушыларға – заңды тұлғаларға көрсетілген қызметтердің көлемі өнім берушінің жүргізген тексеру актісі және су тұтыну мен (немесе) су бұрудың есептік көлемі Қазақстан Республикасының ҚР ҚЖ 4.01-101-2012 "Ғимараттар мен құрылыстардың ішкі су құбыры және кәрізі" қағидалары жиынтығының Б және В қосымшаларына сәйкес анықталады.
28. Ағындары шұңқырға (септикке) немесе жергілікті тазарту құрылыстарына жіберілетін және одан әрі жеткізуші шығаратын және елді мекеннің су бұру жүйесіне ағызатын су тұтынушылардан сарқынды сулардың көлемі сумен жабдықтау көзінің тиесілігіне қарамастан, тұтынылған судың (ауыз, техникалық, ыстық) мөлшерін ескере отырып есептеледі және шығару жөніндегі шартпен айқындалады арнайы көлікпен ағызу
29. Су тұтынушылар - заңды тұлғалар үшін су бұру қызметінің көлемі:
1) сумен жабдықтау және су бұру қызметін көрсету шартын жасасқан кезде өнім берушімен келісілген су көлемі шығарылатын өнімнің құрамына кірген;
2) өнім берушімен техникалық сипаты мен көлемдері келісілген айналмалы және қайталама сумен жабдықтау жүйесін қолданған;
3) сумен жабдықтау және су бұру қызметін көрсету шартына сәйкес жасыл желектерді суаруға суды пайдаланған жағдайларда біржола шығындалған су көлеміне азаяды.
5-тарау. Жеке жағдайларда сумен жабдықтаудың және су бұрудың көрсетілген қызметтерінің көлемін есепке алу
30. Бұзушылықтар анықталған кезде сумен жабдықтау қызметінің көрсетілген көлемін есептеу:
1) су тұтынушыда есепке алу аспабының көрсеткіштерін бұрмалаушы құрылғыларды анықтаған кезде – суды есепке алу аспабының соңғы көрсеткіштерін алған сәттен бастап анықталған күнге дейін суды есепке алу аспабын орнатылуға тиіс құбырдың толық өткізу қабілеттілігі бойынша жүргізіледі, бірақ бір айдан артық емес;
2) су тұтынушының сумен жабдықтау жүйелерінен ағып кетулер анықталған жағдайда, есептеу құралы болмаған кезде, су тұтынушының желілерінде есепке алу құралына дейін немесе есепке алу торабы ақаулы (сүзгінің жарылуы, герметиканың бұзылуы және т.б.) болса – ағып кету анықталған құбырдың толық өткізу қабілеті бойынша, ақауды жою күніне дейінгі нақты уақыт ішінде есептеледі. Егер жылыстау басталған күнді анықтау мүмкін болмаса – соңғы қарап-тексеруді жүргізген сәттен бастап, бірақ бір айдан артық емес;
3) суды есепке алу аспабының көрсеткішін алу және оның жұмыс істеу қабілетін, есепке алу тораптарының техникалық жай-күйін тексеру үшін өнім берушінің өкілін су тұтынушы (немесе оның өкілдері) жібермеген кезде – су тұтыну көлемі суды есепке алу аспабының соңғы көрсеткіштері алынған сәттен бастап, нақты тұтынуды анықтауға рұқсат берілген сәтке дейін, есептік тәсілмен және орташа шығынды негізге ала отырып айқындалады;
4) су тұтынушының есепке алу аспабында және/немесе су өлшеуіш торабының айналма сызығында (тиекті арматурада), өрт сөндіру гидранттарында пломбалардың жұлынуы анықталған кезде – суды есепке алу аспабының соңғы көрсеткішін алған сәттен бастап өнім берушінің өкілі қайта пломбалаған сәтке дейін есепке алу аспабы орнатылған тиісті құбырдың, айналма сызығының немесе өрт сөндіру гидранттарының толық өткізу қабілеттілігі бойынша жүргізіледі, бірақ бір айдан артық емес;
5) Су тұтынушысының кінәсінен емес есепке алу аспабының істен шығу жағдайларын қоспағанда, есепке алу аспабының ақауы туралы өнім берушіге хабарламаған кезде – есепке алу аспабы орнатылған құбырдың толық өткізу қабілеті бойынша, есепке алу аспабының соңғы көрсеткіштері алынған сәттен ақауды анықтаған сәтке дейін, бірақ екі айдан артық емес;
6) сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін ұсынуға өнім берушімен жасалған шартсыз елді мекеннің (өнім берушінің) сумен жабдықтау желілерінен суды пайдалану фактісі анықталған кезде – суды есепке алу аспабы орнатылуға тиіс өз бетімен қосылған құбырдың толық өткізу қабілеті бойынша, нақты пайдалану уақыты анықталған (ажырату) сәтке дейін, бірақ бір айдан артық емес;
7) өрт сөндіру жағдайларынан басқа, өртке қарсы жүйелерден су пайдалану фактісі анықталған кезде - өз бетімен пайдаланған уақыттан бастап анықталған кезге дейін өз бетімен пайдалану жүзеге асырылған өрт краны немесе гидрант алдындағы су құбырының толық өткізу қабілеттілігі бойынша, бірақ екі айдан артық емес;
8) Су тұтынушысының сумен жабдықтау жүйесіне қосылған құбыржолдары арқылы суару, фонтандар мен жасанды су айдындарын толтыру фактісі анықталған, кіріс құбырында есепке алу аспабы болмаған немесе ол ақаулы болған кезде – есепке алу аспабынан соңғы көрсеткіштерді алған сәттен бастап, мұндай құбырдың толық өткізу қабілеті бойынша, бірақ бір айдан артық емес;
9) судың тұрақты ағуы (төгілуі) фактісі анықталған кезде, кірмеде есепке алу аспабы болмаған немесе оның ақауы болған кезде - соңғы тексеру сәтінен бастап жеткізуші құбырдың толық өткізу қабілеті бойынша, бірақ бір айдан аспайды.
31. Ауыз суды (суды есепке алу аспабын айналып өтіп немесе оның жұмыс істеу тәртібін бұза отырып) рұқсатсыз пайдалану фактісі анықталған жағдайда, тұтынылған судың көлемі құбырдың геометриялық параметрлері мен стандартты техникалық шарттарға негізделген есептік әдіспен айқындалады.
32. Есептеу аспабы орнатылған құбырдың қимасының ауданын (S) есептеу келесі формула бойынша жүргізіледі:
![]()
мұнда:
p - математикалық тұрақты, ол шеңбердің ұзындығы мен оның диаметрінің қатынасына тең;
R- құбырдың ішкі радиусы, м;
D- құбырдың диаметрі, мм.
тәулігіне тұтынылатын судың көлемі келесі формула бойынша есептеледі:
![]()
мұнда:
Q - тәулігіне тұтынылатын су көлемі м3 / тәулігіне
V- осы Әдістеменің 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес секундына 1 метр қабылданатын құбырдағы судың қозғалыс жылдамдығы.
33. Анықталған бұзушылықтар кезінде есепке алынатын жалпы тұтынылған су көлемі (Q) келесі формула бойынша есептеледі:
Q=Qсут*t
мұнда:
Qтәу — көлемі, мз тұтынудың нақты уақыты;
t – ауыз суды су жабдықтау жүйелерінен нақты тұтыну уақыты ақау анықталғанға (өшіру уақытына) дейін, бірақ Әдістеменің 33-тармағында көрсетілген белгіленген мерзімнен аспауы тиіс.
34. Есептеу сомасы келесі формула бойынша анықталады:
N=Q*Тар,
мұнда:
Q — нақты тұтыну уақытына сәйкес көлемі, м³;
Тар - бекітілген уәкілетті орган арқылы сумен жабдықтау қызметтерінің тарифі, ҚҚС есепке алынған (теңге/м³);
35. Көрсетілген сумен жабдықтау қызметтері көлемінің есептерінде осы Әдістеменің қосымшасына сәйкес ішкі диаметрі мен тиісті параметрлеріне, 1 м/с тең су ағынының шартты жылдамдығына байланысты құбыр арқылы ағатын су көлемінің есебі қолданылады.
36. Осы Әдістеменің 33-тармағында көрсетілген бұзушылықтар анықталған кезде көрсетілген су бұру қызметтерінің көлемін есептеу, су бұру қызметтерінің көлемі есептелмегенде 33-тармақтың 2) және 8) тармақшаларын қоспағанда, көрсетілген сумен жабдықтау қызметтерінің есептелген көлеміне тең қабылданады.
37. Елді мекеннің сумен жабдықтау жүйесіне қосылмаған су тұтынушы су бұру жүйесіне ағызатын сарқынды сулардың көлемін есептеу үшін қажетті деректерді ұсынбаған кезде, іс жүзінде пайдаланылған су бұру қызметтерінің көлемі уақыт ішінде елді мекеннің (жеткізушінің) су бұру жүйесіне қосылатын жердегі өздігінен ағатын құбырдың толық өткізу қабілеті бойынша айқындалады.
38. Елді мекеннің нөсер кәрізі жүйесі болған және су тұтынушының аумағынан, өнеркәсіптік және құрылыс алаңдарынан елді мекеннің су бұру жүйесіне жер үсті сарқынды суларының төгілу фактісі анықталған жағдайда, су бұру қызметінің көлемі Жауын, еріген, сүзілген суларды бұру және тазарту бойынша көрсетілетін қызметтердің құны мен көлемін есептеу әдістемесіне сәйкес айқындалады елді мекендердің және өнеркәсіптік кәсіпорындардың аумақтарынан нөсер сулары жүйесі арқылы ағатын суару-жуу, дренаж. 9) тармақшаға сәйкес тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган бекітетін кәріздік (дренаждық) Су кодексінің 25-бабы 2-тармағының (бұдан әрі - Жер үсті сарқынды суларын есептеу әдістемесі), соңғы тексеру сәтінен бастап, бірақ төтенше жағдайды қоспағанда, бір айдан аспайтын мерзімде42. Анықталған бұзушылықтар бойынша алдын ала есептеулермен су тұтынушыны таныстыру және оның өз ұстанымын білдіру мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында өнім беруші комиссиялық тыңдау өткізеді.
39. Елді мекеннің нөсер кәрізі жүйесі болмаған кезде су тұтынушының аумағынан, өнеркәсіптік және құрылыс алаңдарынан елді мекеннің су бұру жүйесіне жер үсті ағындарының ағызу фактісі анықталған кезде су бұру қызметінің көлемі жер үсті ағындыларын есептеу әдістемесіне сәйкес айқындалады, бұл ретте нөсер ағындыларын орталықтандырылған қабылдауды ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган қамтамасыз етеді.
40. Батырмалы сорғылары мен баламалы айдау құрылғыларын пайдалана отырып, елді мекеннің нөсер кәрізі жүйесі болған кезде елді мекеннің су бұру жүйесіне тасқын, нөсер, жер асты суларын ағызу фактісі анықталған кезде, көрсетілген су бұру қызметтерінің көлемі Әдістемеге сәйкес анықталады.
41. Елді мекеннің нөсер кәрізі жүйесі болмаған және елді мекеннің су бұру жүйесіне тасқын, нөсер, жер асты суларының ағызылу фактісі анықталған жағдайда, көрсетілген су бұру қызметтерінің көлемі Әдістемеге сәйкес айқындалады, бұл ретте, нөсер ағындарын орталықтандырылған қабылдауды ұйымдастыру жергілікті атқарушы органдармен қамтамасыз етіледі.
42. Су тұтынушы көрсетілген сумен жабдықтау және су бұру қызметтерінің көлемдері үшін қойылған есеп айырысулармен келіспеген кезде комиссиялық тыңдау, танысу және анықталған бұзушылықтар үшін алдын ала есептерге өз ұстанымын білдіру үшін жеткізушіге жүгінеді.
| Елді мекендердегі сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың көрсетілген қызметтерінің көлемдерін есептеу әдістемесіне қосымша |
Су ағысының жылдамдығы 1 м/с болған жағдайда диаметрі және басқа да параметрлері бойынша су шығынын есептеу | ||||||||
диаметрі | радиусы R,м | Ауданы S, м2 | Су шығыны | |||||
d,мм | d, м | Бір секундына м3/сек | Бір минутына м3/мин | Бір сағатына м3/сағ | Тәулігіне м3/тәул. | Айына м3/ай | ||
2 | 0,002 | 0,001 | 0,00000314 | 0,00000314 | 0,0001884 | 0,011304 | 0,27130 | 8,13888 |
3 | 0,003 | 0,0015 | 0,000007065 | 0,000007065 | 0,0004239 | 0,025434 | 0,61042 | 18,31248 |
4 | 0,004 | 0,002 | 0,00001256 | 0,00001256 | 0,0007536 | 0,045216 | 1,08518 | 32,55552 |
5 | 0,005 | 0,0025 | 0,000019625 | 0,000019625 | 0,0011775 | 0,07065 | 1,69560 | 50,86800 |
6 | 0,006 | 0,003 | 0,00002826 | 0,00002826 | 0,0016956 | 0,101736 | 2,44166 | 73,24992 |
7 | 0,007 | 0,0035 | 0,000038465 | 0,000038465 | 0,0023079 | 0,138474 | 3,32338 | 99,70128 |
8 | 0,008 | 0,004 | 0,00005024 | 0,00005024 | 0,0030144 | 0,180864 | 4,34074 | 130,22208 |
9 | 0,009 | 0,0045 | 0,000063585 | 0,000063585 | 0,0038151 | 0,228906 | 5,49374 | 164,81232 |
10 | 0,01 | 0,005 | 0,0000785 | 0,0000785 | 0,00471 | 0,2826 | 6,78240 | 203,47200 |
11 | 0,011 | 0,0055 | 0,000094985 | 0,000094985 | 0,0056991 | 0,341946 | 8,20670 | 246,20112 |
12 | 0,012 | 0,006 | 0,00011304 | 0,00011304 | 0,0067824 | 0,406944 | 9,76666 | 292,99968 |
13 | 0,013 | 0,0065 | 0,000132665 | 0,000132665 | 0,0079599 | 0,477594 | 11,46226 | 343,86768 |
14 | 0,014 | 0,007 | 0,00015386 | 0,00015386 | 0,0092316 | 0,553896 | 13,29350 | 398,80512 |
15 | 0,015 | 0,0075 | 0,000176715 | 0,000176715 | 0,010602875 | 0,636172502 | 15,26814 | 458,04420 |
16 | 0,016 | 0,008 | 0,00020096 | 0,00020096 | 0,0120576 | 0,723456 | 17,36294 | 520,88832 |
17 | 0,017 | 0,0085 | 0,000226865 | 0,000226865 | 0,0136119 | 0,816714 | 19,60114 | 588,03408 |
18 | 0,018 | 0,009 | 0,00025434 | 0,00025434 | 0,0152604 | 0,915624 | 21,97498 | 659,24928 |
19 | 0,019 | 0,0095 | 0,000283385 | 0,000283385 | 0,0170031 | 1,020186 | 24,48446 | 734,53392 |
20 | 0,02 | 0,01 | 0,000314 | 0,000314 | 0,01884 | 1,1304 | 27,12960 | 813,88800 |
21 | 0,021 | 0,0105 | 0,000346185 | 0,000346185 | 0,0207711 | 1,246266 | 29,91038 | 897,31152 |
22 | 0,022 | 0,011 | 0,00037994 | 0,00037994 | 0,0227964 | 1,367784 | 32,82682 | 984,80448 |
23 | 0,023 | 0,0115 | 0,000415265 | 0,000415265 | 0,0249159 | 1,494954 | 35,87890 | 1 076,36688 |
24 | 0,024 | 0,012 | 0,00045216 | 0,00045216 | 0,0271296 | 1,627776 | 39,06662 | 1 171,99872 |
25 | 0,025 | 0,0125 | 0,000490625 | 0,000490625 | 0,0294375 | 1,76625 | 42,39000 | 1 271,70000 |
26 | 0,026 | 0,013 | 0,00053066 | 0,00053066 | 0,0318396 | 1,910376 | 45,84902 | 1 375,47072 |
27 | 0,027 | 0,0135 | 0,000572265 | 0,000572265 | 0,0343359 | 2,060154 | 49,44370 | 1 483,31088 |
28 | 0,028 | 0,014 | 0,00061544 | 0,00061544 | 0,0369264 | 2,215584 | 53,17402 | 1 595,22048 |
29 | 0,029 | 0,0145 | 0,000660185 | 0,000660185 | 0,0396111 | 2,376666 | 57,03998 | 1 711,19952 |
30 | 0,03 | 0,015 | 0,0007065 | 0,0007065 | 0,04239 | 2,5434 | 61,04160 | 1 831,24800 |
32 | 0,032 | 0,016 | 0,00080384 | 0,00080384 | 0,0482304 | 2,893824 | 69,45178 | 2 083,55328 |
40 | 0,04 | 0,02 | 0,001256 | 0,001256 | 0,07536 | 4,5216 | 108,51840 | 3 255,55200 |
50 | 0,05 | 0,025 | 0,0019625 | 0,0019625 | 0,11775 | 7,065 | 169,56000 | 5 086,80000 |
100 | 0,1 | 0,05 | 0,00785 | 0,00785 | 0,471 | 28,26 | 678,24000 | 20 347,20000 |
160 | 0,16 | 0,08 | 0,020096 | 0,020096 | 1,20576 | 72,3456 | 1 736,29440 | 52 088,83200 |
250 | 0,25 | 0,125 | 0,0490625 | 0,0490625 | 2,94375 | 176,625 | 4 239,00000 | 127 170,00000 |
| Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 16 қазандағы № 441 бұйрығына 2-қосымша |
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Елді мекендердегі сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың көрсетілген қызметтерінің көлемдерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 26 қыркүйектегі № 354 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7257 болып тіркелген).
2. "Сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі көрсетілген қызметтің көлемін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 қыркүйектегі № 354 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 592 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19167 болып тіркелген).
3. "Сумен жабдықтау және су бұру қызметінің көрсетілген көлемін анықтау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 қыркүйектегі № 354 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 159 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10609 болып тіркелген).