Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидаларын және "Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 24 қыркүйектегі № 388 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 14 қазанда № 37119 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидаларын және "Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10886 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидаларында:

      3-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) шағын архитектуралық нысандар – сәндік сипаттағы және практикалық пайдаланылатын объектілер (көрнекті тұлғаларды, маңызды тарихи оқиғаларды мәңгі есте қалдыру үшін орнатылатын монументалды өнер құрылыстарын қоспағанда мүсіндер, субұрқақтар, гүлдерге арналған вазалар, павильондар, беседкалар, орындықтар, урналар, балалар ойындары мен ересек тұрғындардың демалысына арналған жабдықтар мен конструкциялар);";

      4-тармақтың 6-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) монументалды-сәндік өнер туындылары – көрнекті тұлғаларды, маңызды тарихи оқиғаларды мәңгі есте қалдыру үшін орнатылатын монументалды өнер құрылыстарын қоспағанда мүсіндер, стелалар, сәндік композициялар, обелисктер, монументалды кескіндеме туындылары;";

      7-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын::

      "7-параграф. Бау-бақша жиһаздарын, бау-бақша жабдықтарын және шағын сәулет нысандарын күтіп ұстау";

      67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "67. Бау-бақша жиһазы, бау-бақша жабдықтары және шағын сәулет нысандары, оның ішінде субұрқақтар, саябақ павильондары, беседкалар, көпірлер, қоршаулар, қақпалар, шатырлар, гүл құмыралары таза және жарамды күйде болады және өз мақсатына сәйкес жұмыс істеуі тиіс.";

      71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "71. Қыс мезгілінде бау-бақша жиһазының элементтері, бау-бақша жабдықтары мен шағын архитектуралық формалар, сондай-ақ оларға жақындау қар мен мұздан тазартылады.";

      157-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "157. Көппәтерлі тұрғын үйлердің шатырларын қардан және мұздан тазартуды ұйымдастыруды, қар мен мұз өсуін жоюды мүлік иелері бірлестігінің төрағасы немесе тікелей бірлесіп басқару кезіндегі пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың барлық меншік иелері не кондоминиум объектілерін басқару субъектілері не көп пәтерлі тұрғын үйді басқарушы дербес немесе өз қаражаты есебінен мамандандырылған ұйымдарды тарту арқылы жүзеге асырады.".

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Е. Нагаспаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі